Финляндияның Nokia компаниясы Ресей нарығынан кететін мәлімдеді. Алайда бұл шешім олардың қаржылық жағдайына еш әсер етпейді екен. Бұл туралы компания өзінің Twitter парақшасында жариялады деп хабарлайды 7kun.kz.
Nokia компаниясының айтуынша, бұдан ары Ресей нарығында жұмыс істеу мүмкін емес. Соңғы апталарда тауар жеткізу тоқтап, ғылыми-зерттеу жұмыстары тұралап қалған.
«Батыстық бірнеше мемлекет басшылары Ресейдегі өте маңызды телекоммуникациялық желілердің істен шығу қаупіне алаңдаушылық білдірді. Одан бөлек, батыстық үкіметтер Ресейдегі жағдайға басқаша көзқараспен қарау үшін тұрғындардың интернетке үздіксіз қосылуы, ақпарат ағынынан қол үзбеуі маңызды екенін атап өтті. Сондықтан, біз нарықтан кеткен күннің өзінде желінің жұмысытоқтамауын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз,» - деп атап өтті компания өкілдері.
Ал аталған шешімнің нәтижесіндегі қаржылық жағдайға келер болсақ, 2021 жылы Ресейде сатудан таза пайда 2%-дан аз болды. Сол себепті 2022 жылғы қаржылық болжамға еш әсер етпейді. Бұған дейін шведтік Ericsson компаниясы Ресей нарығынан кететінін мәлімдеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024