Выбор редактора
Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге тегін концерт бермек
Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz - Əнші Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге тегін концерт бермек. Бұл туралы əнші өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Дүйсенбі күні Ақтөбеге ұшпақшымын. Құдай қаласа Махаббатқа кітаптарды өз қолыммен табыстаймын. Ақтөбеде таныс жоқ. Сол үшін əкімшілік хабарласса мектеп спорт залын паналаған 600 адамға тегін концерт берер едім, - деп жазды ол. Оның атап өтуінше, ФБ-дағы жазбасын оқыған "Атамұра" корпорациясы əнші арқылы Махаббаттың суға кеткен кітаптарын беріп жіберетіндіктерін айтқан.
[caption id="attachment_68091" align="alignnone" width="688"] Фото: kaz.tengrinews.kz[/caption]Айта кетейік, əлеуметтік желіде Махаббат есімді ақтөбелік оқушы қыздың видеосы тараған болатын. Онда оқушы қыз өзінің бүкіл оқулығының суға кеткенін айтып жылаған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024