Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Ертең Нұр-Сұлтан қаласында виртуалды шындық зертханасының «NURLab» жаңа жобасының тұсау кесері өтеді.
NURLab - виртуалды шындық технологиясының арқасында еліміздің мектептерінде оқу процесінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
NURLab мектеп бағдарламасының жалпы пәндеріндегі күрделі тақырыптарды түсіндіруде есте қаларлық визуализацияны пайдалануға, және оқушылардың болашақ технологияларын өздеріне қолданып көруге мүмкіндік жасайды. Сондай-аұ, толықтырылған және виртуалды шындық технологиялары жас ұрпаққа қымбат зертханаларға қол жеткізуге және мектептен шықпай-ақ ғылыми тәжірибелерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, шарада «Болашақ» Қауымдастығы және STEM Academia негізін салушы тобы Қазақстан Республикасының орта білім беру мектептерінде инновациялық толықтырылған / виртуалды шындық зертханаларына - «NURLab» Елбасы Тұңғыш Президентінің атын беруді ұсынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024