Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында Seedstars - бүкіл әлемдегі стартап әзірлеушілеріне қолдау көрсететін бірегей алаң ашылды, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Мұнда инноваторлар мен кәсіпкерлер қала мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды әзірлейді.
Seedstars – бұл Женева, Богота, Медельин, Мехико Сити, Каир, Лагос, Абиджан, Кейптаун, Дар-эс-Салам, Янгон және Лима сияқты қалалардағы 70 мыңнан астам әзірлеушілер, 13 акселерация орталығының басын қосқан жоба.
Негізгі мақсаты – жаңа идея немесе өнімнің әлеуетін анықтап, оның табысты бизнес-жобаға айналуына көмектесу, венчурлік инвестициялауды тарту. Акселерация бағдарламасы бизнес-менторлардың көмегімен венчурлік қорға ұсыну үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жеке жобаны дайындауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, қатысушылар халықаралық нарыққа шығу және хабта жүзеге асырылған тапқырылық үшін Seedstars-тен құны 500 мың АҚШ долларына дейінгі қаражат алу мүмкіндігіне ие болады.
«Екі онжылдықтың ішінде Қазақстанның астанасы барлық салаларда өз дамуында фантастикалық жетістіктерге жетті. Біз кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударамыз. Елде ШОБ субъектілерінің ең көп үлесі бізде, қалада 124 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24% артық. Бүгінгі таңда бюджетке түсетін салықтық түсімнің жартысынан көбі шағын және орта бизнеске тиесілі», – деді Бақыт Сұлтанов Seedspace Nur-Sultan-ның ашылу салтанатында.
Әкімнің айтуынша, қаланың экономикасы тек сандық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге сапасы жағынан да өсіп келеді. Ол жыл сайын икемді, тұрақты және инновациялық бола түсуде. Қалада «Ақылды қала» заманауи цифрлық технологиясы – бұл «Big Data» ауқымды деректерді жинау және талдау жүйесі, «Сергек» бейнебақылау жүйесі, Smart білім, Smart медицина, электронды ПИК және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру. Интернет жобасын (Smart Lighting) іске асырудың бірінші кезеңі басталды.
«Осы платформаның арқасында ел жастары астанадан ұзамай-ақ, халықаралық озық бизнес экожүйесіне қатысуға мүмкіндік алды. Алаңның басты бағыты – белсенді білім беру бағдарламалары және бүкіл әлем бойынша 70 мың маман мен стартаптардан тұратын Seedstars халықаралық желілерге қатысу арқылы жас дарындарды өсіру. Инноваторлар қалалық міндеттерді шешуге көмектеседі», – деді Б. Сұлтанов.
Еске салайық, Seedspace Nur-Sultan ТМД-дағы бірінші халықаралық инновациялық платформа болып табылады, онда белсенді кәсіпкерлер, фрилансерлер мен цифрлы көшпенділер технологиялар мен инновациялар арқылы қоғамның өмір сүру деңгейін жақсартатын жобалар бойынша жұмыс істейтін болады.
Жоба Astana Innovations, қалалық әкімдік және BI Group компаниясы серіктестігінің негізінде жүзеге асырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024