Нұрбол Сарыбайұлы Сұлтан 1976 жылы 30 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997) экономист мамандығы бойынша, Guildholl University (Лондон, 1997) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өзінің бизнес-карьерасын 21 жасында бастаған. 1997 жылдан бастап «Қазақмұнайқұбыры» ҰМК ЖАҚ инвестициялық жобалар департаментінің маманы, менеджері, корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.
1999 жылы «ҚазТрансОйл» ҰМТК» ЖАҚ мемлекеттік активтерді басқару департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Ал 2001 жылдан бастап «Мұнай және газ көлігі» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры жұмысын атқарды.
2003 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары болып, кейіннен 2004 жылы «KazTransCom» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырды.
2009-2016 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры қызметін атқарды.
Халықаралық «Орал» әуежайының, «Азия Life» сақтандыру компаниясының, «Меридиан Капитал» ЖШС акционері. «AsiaCredit Bank» АҚ-ның басты акционері ретінде 88,5% үлеске ие. Forbes Kazakhstan жасаған «2016 жылдың ең үздік 50 бизнесмені» тізіміне енді.
Дереккөз: kk.m.wikipedia.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024