Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Нұрлы жер» бағдарламасының қолжетімді тұрғын үйін «7-20-25» арқылы сатып алу үшін 5-ақ қадам жасау керек

«Нұрлы жер» бағдарламасының қолжетімді тұрғын үйін  «7-20-25» арқылы сатып алу үшін 5-ақ қадам жасау керек

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алу алгоритмі өте оңай. Себебі жеке құрылыс компаниялары арқылы пәтер алу механизміне ұқсас. Мұны 7kun.kz тілшісіне «Баспана» ипотекалық ұйымы да растады.  

Жалғыз айырмашылық - жергілікті әкімдіктер жылжымайтын мүлік сатушысы ретінде әрекет етеді. Тұрғындар пәтерлі болу үшін төмендегі бес қадамды жасауы керек.

Бірінші қадам. Әкімдіктер "7-20-25" қатысушыларына тұрғын үйді сатудың басталғандығы және қолжетімді саны туралы жариялағаннан кейін, әкімдікке барып, ұнаған пәтерді брондау қажет. Сондай-ақ, "7-20-25" бағдарламасына қатысушы банктердің біріне барып, несие алуға өтініш жазып, барлық қажетті құжаттарды ұсыну керек. Барлық қажетті құжаттардың банкке тапсырылғаны туралы әкімдікке хабарлау және қажет болған кезде броньді ұзарту қажет.

Екінші қадам. Банк Қарыз алушының барлық құжаттарының "7-20-25" бағдарламасының талаптарына сәйкестігін қарайды және ипотекалық кредит беруді мақұлдайды (не мақұлдамайды). Егер ипотеканы мақұлдаса, қарыз алушы банктен кепілдік хат алады және әкімдікке береді. Әкімдік сатып алу-сату шартын дайындайды.

Үшінші қадам. Нотариус сатып алу-сату шартын куәландыруы тиіс. Бұдан әрі, шешім және Банкпен келісім бойынша қарыз алушы бастапқы жарнаны банкке немесе әкімдіктің шотына енгізеді. Қарыз алушы "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да (ХҚО) немесе нотариус арқылы (онлайн EGOV.KZ)
сатып алу-сату шартын тіркейді. Тіркелген шартты банкке ұсыну қажет.

Төртінші қадам. Өтініш беруші банкте: қарыз шартына, төлем кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартына қол қояды. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартын қарыз алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да (ХҚО) немесе нотариус арқылы (онлайн EGOV.KZ) тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою туралы шартты тіркегеннен кейін Банк қарыз сомасын әкімдікке аударады.

Бесінші қадам. Азамат жаңа пәтердің кілтін алып, өзінің меншікті тұрғын үйіне көшеді.

Похожие материалы