Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – «Оңай» картасы мен мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға 103apteka.kz порталын пайдалана отырып, дәрі-дәрмектерді сатып алу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі.
103apteka.kz порталынан дәрі-дәрмектерден басқа, емдік косметикаларды, гомеопатиялық дәрілік заттарды, сондай-ақ басқа да көптеген профилактикалық өнімдерді алуға болады.
Сонымен бірге, «Оңай» картасы арқылы аталмыш порталдан қажетін алу үшін, ҰОС ардагерлеріне арналған жеңілдік те қарастырылған. Олар дәрі-дәрмектерді 5 пайыз жеңілдікпен ала алады.
«103apteka.kz сервисіндегі дәрі-дәрмектердің төлемін, «Оңай» картаның көмегімен қажетті нұсқаулықтарды таңдай отырып, жасауға болады. Онлайн төлем үшін де мобильді қосымшада арнайы код орнату қажет», - дейді «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев.
Төлем жасау барысында, әдеттегідей, картаның шотында жеткілікті қаражат болуы тиіс. Кейін картадан белгіленген сома қысқартылатын болады. Ал, жасалған сатылым қолданушының жеке кабинетіне келіп түседі.
Сондай-ақ, қазіргі кезде «Оңай» картасы арқылы Алматы Медеу мұз айдынын, «Немо» дельфинарийін, Hard Rock Cafe, Ipizza, Zheka’s Doner House, "KANGO" батутты паркін төлеуге болады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024