Познавательный
ОҚО-дағы көліктердің 30%-ы Шымкент қаласында тіркелген
Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 545 мыңнан астам көлік бар. Соңғы төрт жылда «темір тұлпарлардың» саны 267713-тен 545477-ге өскен. Бұл өңірдегі көлік санының екі есе көбейгенін көрсетеді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы облыстағы көліктердің 30 пайызы Шымкент қаласында тіркелген. Қазіргі таңда қалада жолаушыларды тасымалдайтын 81 бағыттағы 1200 қоғамдық көлік бар. Қала ішінде қатынайтын автобустарды жаңғырту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды қолға алынған. Мәселен, қалада 2013 жылы – 162, 2014 жылы – 167, биыл көлік компанияларының паркі жаңа 210 автобуспен толықты.
Қазір Шымкент қаласындағы 29 көлік компаниясы күніне орта есеппен 400 мыңнан астам жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.