Оңтүстік Қазақстанда автокөліктердің 70%-дан астамы техникалық байқаудан заңсыз өткен
Оңтүстік Қазақстандық автокөліктердің 70%-дан жоғарысы техникалық байқаудан өткендіктері туралы жалған құжат тапсырған. Бұл жөнінде ОҚО Тіркеу және техникалық қызмет бөлімінің басшысы Ержан Қалымбетов айтты.
"ОҚО автожүргізушілердің 74%-ы техникалық байқаудан өткендігі туралы жалған талон жасатқан. Яғни, осы жылы техникалық байқаудан өткен 29 мың автокөліктің 21 мыңы заңсыз өткен ", - дейді Қалымбетов.
Жүргізушілер техникалық байқау өтетін жерге бармаған болып шықты. Орталық басшыларына бұл ретте фотошоп көмекке келсе керек.
"Суретте машинаның кіргені көрінеді, құрылғы бар. Бірақ, мұқият қарай келе ол суреттердің басқа жерлерде, мәселен, саябақтарда, аулада түсірілген болып шықты", - деп түсіндіре кетті Қалымбетов.
Қазіргі уақытта көлік бақылау инспекциясы облыс көшелерінде тексеріс жүргізіп жатыр. Жалған талоны бар жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері айыптұрағына қойылады. Техникалық байқау орталықтары да жазаланатын болады. Мұндай жалған құжат жасату өткен жылы да орын алған болатын. Ол кезде 247 мың автокөліктің 80%-ы жалған талон жасатқандар болып шыққан-ды.
Дереккөз: Otyrar.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024