Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстандағы қонақүйлер желісінің табысы 2016 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артқан деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте қонақүйлер желісі 84,8 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті немесе 2016 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,3 есе көп. Көрсетілген кезеңге орналастыру орындары 4107,9 мың келушілерге қызмет көрсеткен, ол 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектен 1,2 есеге көп. Астана қаласы бойынша орналастыру орындары 30,1 млрд теңгеге қызмет көрсетті немесе 1,7 есеге артық, 790,9 мың келушілерге қызмет көрсетілді немесе 1,5 есе көп.
Бұл ретте Қазақстанның 7 өңірінде (Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Астана және Алматы қалалары) бүкіл әлемге белгілі 24 қонақүй орналасқан - Rixos, Marriott, Hilton, Radisson, Ibis және де басқа. 2017 жылы Астана қаласында 3 сондай қонақүй - Hilton Astana, The Ritz-Carlton, The St. Regis Astana (бренд – Marriott) жұмысқа кірісті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024