Екібастұз. 2 маусым. 7kun.kz – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Дімұхаммед Қабиден «Ел баласы» жобасы аясында өзін әкім ретінде сынап көрді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазғандай, бұл жоба елдегі балалардың өмір сүру сапасын арттыруға, балалардың құқықтары мен мүдделерін ілгерілетуге бағытталған.
«Азаматтарды жеке қабылдау өткіздік, сумен қамту мәселесі бойынша жеке сектор тұрғынына бардық, мердігермен кездесіп, ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскені аралап шықтық», – деп жазды әкім.
Одан кейін «оқушы әкім» медицина қызметкерлерімен есептік кездесуге қатысты. Әкім жас жігіттің бұл күнді ешқашан ұмытпайтынына, үнемі достарымен бөлісетініне сенімді екенін жазды.