Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

ОПЕК басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Нигерияның экс мұнай министрі, қазіргі таңда ОПЕК басшысы Диезани Аллисон-Мадуэке пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жөнінде америкалық "Интернэшнл бизнес таймс басылымы жазады.

Тергеу аясында Лондонда тағы төрт адам қамауға алынған. Америкалық басылымның айтуынша, экс-министрдің қамауға алынғаны туралы ақпарат бірінші нигериялық БАҚ-таржа жария болған. Британдық құқық қорғау органдарында Лондонда жемқорлыққа қатысты іс бойынша расымен бес адам абақтыға қамалғанын растаған. Десе де, айыпталушылардың нақты есімдерін атамаған.

Похожие материалы