Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК мамыр айында Ресей, Оман, Мексика елдерінің өкілдерімен кездесу өткізеді

ОПЕК мамыр айында Ресей, Оман, Мексика елдерінің өкілдерімен кездесу өткізеді

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мамыр айында, өздерінің министрлер конференциясының алдында, ұйым құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдердің өкілдерімен кездесу өткізеді деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

12-13 мамыр күні Венада өтетін кездесуге Ресей, Оман, Мексика елдерінен техникалық сарапшылар қатысады. Консультация барысында дүниежүзілік мұнай нарығының жағдайы талқыға салынады.

"Біз әрдайым ОПЕК-пен байланыстамыз, мұнай нарығындағы жағдайды, қатпарлы мұнай дамуын, мұнай өңдеу саласын, салық салудағы өзгерістерді талқылаймыз. Бұл қалыпты процесс", - деп мәлімдеді РФ энергетика министрі Александр Новак.

ОПЕК қараша айында мұнай бағасының екі есе құлдырауына қарамастан өндірісті қысқартпау шешімін қабылдаған-тын, бұл ретте ұйымға мүше мемлекеттер бүгінгі таңда белгіленген квоталардан тәулігіне 1 млн баррель мұнайды артық өндіріп жатыр.

Сәрсенбі күні мұнай арзандап жатыр, Brent маркасы барреліне $64,54 бағамен сатылып жатыр. Жыл басынан шикізат құны 13%-ға өсті.

Похожие материалы