Енгізілген санкциялардың нәтижесінде ресейлік есеп ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын бағалы қағаздар нарығының аймақтық және жергілікті кәсіби қатысушылары халықаралық капитал нарықтарының инфрақұрылымына қолжетімділікпен шектелді. Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийі ресейлік есеп ұйымдарының шоттары бойынша және олармен операциялар жүргізу мүмкіндігі бойынша шектеулер енгізді.
Шетелдік бағалы қағаздарды көшіру үшін Орталық депозитарийде (KSCD) жеке шоттары бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 24 ақпан мен 24 сәуір аралығында KCSD-ге бағалы қағаздарды номиналды ұстаудан енгізу және шығару туралы 4 300-ге жуық бұйрықты тіркеуге берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,1 есе жоғары. 2022 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық депозитарийлер KSCD арқылы берілген 4300 бұйрықтың жартысынан көбін орындады.
Осы кезеңде KCSD-ге қызмет көрсетуге 38,5 млрд бағалы қағаздар берілді, қызмет көрсетуден - 1,5 млрд. бағалы қағаздар шығарылды. KCSD-де қызмет көрсетілетін шетелдік бағалы қағаздар шығарылымдарының саны 2,7 есе 350-ден 939-ға дейін өсті.
"Бұл негізінен шетелдік кастодиандардың, брокерлер мен депозитарийлердің шоттарында сақтаған қазақстандық инвесторлардың активтерін "репатриациялау" есебінен болып отыр. Болашақта болатын өңірлік инвесторлар тарапынан қызығушылықты жоққа шығармаймыз. Бұл ретте KCSD қолданыстағы заңнамаға, KYC, AML/FT халықаралық стандарттарына қатаң сәйкестікте жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда және санкциялық шектеулерді сақтайды", – деп түсіндіреді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасының орынбасары Едил Медеу.
Егер шетелдік бағалы қағаздардың тіркелген еліндегі құрылымына қарасаңыз (1-сурет), KCSD қызметіне енгізілген жаңа шығарылымдардың ең көп көлемі АҚШ-қа (72%), Ирландияға (5%), Кайман аралдарына (3%) және Ұлыбританияға (3%) тиесілі екенін атап өтуге болады.
Бағалы қағаздардың жаңа шетелдік шығарылымдарының жартысынан көбін (63%) бейрезиденттер акциялары құрайды, бестен бір бөлігін (20%) инвестициялық пай қорларының бағалы қағаздары құрайды, ал қалған 17% халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына тиесілі (2-сурет).
Орталық депозитарийдегі қызмет көрсетілетін шетелдік бағалы қағаздар санының өсуі KCSD қызметінің ауқымын және оның клиенттерінің биржалық саудасы географиясын кеңейтуге ықпал етеді. Соңғылары осы бағалы қағаздарды тек халықаралық капитал нарықтарында ғана емес, сондай-ақ олар бойынша KCSD-де есеп айырыса отырып, Қазақстанның қор нарығында да сатып алу-сату мәмілелерін жасай алады.
"Орталық депозитарийдің депозитарлық қызмет көрсетуге қағаздарды, оның ішінде халықаралық бағалы қағаздарды көптеп алуға барлық ресурстары да технологиялық мүмкіндіктері де бар. Бұл біздің Қазақстан мен өңірдегі KCSD позицияларын күшейту жөніндегі стратегиялық мақсаттарымызға сәйкес келеді. Орталық депозитарий қазақстандық кәсіби қатысушыларға шетелдік бағалы қағаздарды санкциялық шектеулерден тәуекелсіз неғұрлым сенімді ортада сақтауға мүмкін бере отыра, Қазақстан ішінде мәмілелерді жүзеге асыруға және осы бағалы қағаздармен есеп айырысуларды шетелдік есепке алу ұйымдарына шығармай жүргізуге мүмкіндік береді", – деп қорытындылайды Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасының орынбасары Еділ Медеу.
Бүгінде Орталық депозитарий инвесторлар бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыра алатын ірі есеп айырысу хабы болып табылады. KSCD-дің кең корреспонденттік және депозитарлық желісі инвесторларға аймақтық және халықаралық бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Орталық депозитарийдің 2022-2024 жылдарға арналған жаңа бизнес-стратегиясын іске асыру және қалыптасқан жағдайда оның қызметін ауқымды цифрландыру ықпал ету аймағын кеңейте және халықаралық капитал нарықтарымен байланыстарды тереңдете отырып, KSCD -ді жергілікті есепке алу хабынан өңірлік хабқа жедел түрлендіруге ықпал ететін болады.