Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

P&G өзінің косметикалық бизнесін Coty компаниясына сатты

P&G өзінің косметикалық бизнесін Coty компаниясына сатты

Coty Inc Clairol және Wella сынды брендтерді қамтитын Procter & Gamble компаниясының косметикалық бизнесін сатып алу туралы мәмілені растады деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Мәміле сомасы - 12,5 млрд доллар.

P&G өзінің косметикалық, парфюмериялық және шашты күтуге арналған брендтерінің 43-ін Coty-ге ұсынады. P&G акционерлері жаңа компанияда мажоритарлық үлеске ие болады. Мәміле жасалғаннан кейін жаңа компанияның жылдық түсімі 10 млрд доллардан асып түседі деп күтілуде, бұл Coty айналымынан екі есе артық көрсеткіш. Жаңа компанияны Coty-дың қазіргі басшысы Барт Бехт басқарады. Осы жаңалықтан соң P&G акциялары 1 пайызға, $81,83 дейін жоғарылады, Coty акциялары 1,3 пайызға, $31,94 дейін артты.

Похожие материалы