Экономика
Парламент біріктірілген валюталық нарықты ұйымдастыру туралы келісімді бекітті
Қазақстан парламентінің сенаты бейсенбі күні өткен толық отырыста "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттерінің біріктірілген валюталық нарығын ұйымдастыру аясындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады.
Заң шығару рәсіміне сәйкес, жалпы алғанда парламент құжатты қабылдаған болып есептеледі және бұл құжат заң түрінде мемлекет басшысына қол қою үшін бағытталады.
Келісімнің мақсаты - ТМД елдерінің біріктірілген валюталық нарығында шетел валютасымен банкаралық конверсиялық операцияларды жүргізуде тараптардың банк-резиденттерінің тең құқықты және өзара табысты қатысуы үшін жағдайлар жасау.
Әр тарап басқа тараптардың банк-резиденттеріне банкаралық конверсиялық операцияларды жүргізу үшін өзінің ұлттық валюталық нарығына қол жетімділікті қамтамасыз етеді, бұл ретте тарап үшін ұсынылатын жағдайлар өз еліндегі банк-резиденттерге ұсынылатындай қолайлы болуы тиіс.





