Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

PayPal төлемақы жүйесі 44 миллиард долларға бағаланды

PayPal төлемақы жүйесі 44 миллиард долларға бағаланды

Әлемдегі ең ірі интернет-аукцион eBay-дың құрамынан шығарылғалы жатқан PayPal электронды төлемақы жүйесі 44 млрд доллар сомасына бағаланды. Бұл туралы Financial Times жазады.

Апта басында PayPal акциялары NASDAQ қор биржасының сауда жүйесіне "эмиссияны күтуде" деген таңбамен қосылды. Кейбір өзгерістерден кейін олардың құны 36,4 доллар көлемінде деп белгіленді. Осы арқылы PayPal төлемақы сервисі eBay-дың нарықтық капиталтандырудың 60 пайызын құрайды. 6 шілдеден бастап eBay акциялары екі нұсқада қолжетімді болады. 20 шілдеде ресми түрде бөліну жүреді. eBay акционерлері оларға тиесілі интернет-аукцион қағаздарына байланысты PayPal-дың бір акциясын иеленеді. Ең алғаш рет PayPal 2002 жылы   IPO-ға шыққан еді, кейін eBay компанияны 1,3 млрд долларға сатып алды. eBay осы жылдың басында электронды төлемақы жүйесі PayPal -ды жеке компания ретінде қайта құратындығын мәлімдеді. Осыған байланысты  eBay штатын 7 пайыз немесе 2400 қызметкерге дейін қысқартатындығы хабарланды.

Похожие материалы