Pokemon Go қосымшасы бағдарлама шыққаннан бергі бір айда 200 млн доллардан астам табыс тапты. Мұндай ақпарат Sensor Tower сараптамалық компаниясының зерттеу қорытындысында жазылған.
Ойын 6 шілдеде іске қосылды. Одан бөлек, Sensor Tower бағдарлама Жапонияда қолжетімді болған кезден бастап табысы арта түскенін айтады. Үлкен атаққа бөленген ойын бұған дейін белгілі болған Candy Crush and Clash Royale секілді ойындарды басып озды. Салыстыру үшін, Clash Royale ойыны шыққан соң 30 күнде тапқан табысы 125 млн долларға жуық еді. Sensor Tower-дың ақпаратына сәйкес, қолданушылар аталған бағдарламаға орта есеппен күніне 26 минутын жұмсайды. App Annie зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, Pokemon Go ең көп жүктелетін бағдарламалардың тізімінде 4-орында тұр. Бұған дейін біз бағдарламаның азаматтар қауіпсіздігі үшін кейбір елде бұғатталғанын жазған едік. https://7kun.kz/?p=48775Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





