Экономика
Polymetal 2014 жылы Дукаттан Жапония, Қазақстан, Кореяға концентрат жеткізді

Polymetal 2014 жылы өзінің Дукат (Магадан облысы) алтын-күміс кен орындарынан off-take келісімшарт бойынша Жапонияға, Оңтүстік Корея және Қазақстанға концентрат сатты деп хабарлайды компанияның бас директоры Виталий Несис.
"Біз дукаттық концентраттан Жапонияға - 5 мың тонна, Қазақстанға -16 мың тонна, Оңтүстік Кореяға - 13 мың тонна саттық", - деді Polymetal басшысы. Яғни, Дукаттан off-take келісімі бойынша жеткізілімдер 34 мың тонна көлеміндегі концентратты құрайды. 2013 жылы да Polymetal Дукаттан off-take келісімі бойынша концентрат сатты ( III тоқсанда – өндірілген концентраттың төрттен үш бөлігі). Сол кезде В.Несис қалыптасқан баға конъюнктурасына қарап, сатып алушылар жеткілікті болған жағдайда Дукаттан off-take келісімімен барлық концентратты сатуға дайын болғанын айтқан еді. 2014 жылы Polymetal Қытайдың үш off-take тұтынушысымен Май кен орнынан алтын концентратын тасымалдау туралы келісімге келді. Компания ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы Polymetal Май кен орнынан тұтынушыларға 72,4 мың тонна концентрат жеткізген. Сондай- ақ 2014 жылдың IV тоқсанында Polymetal Еуропаға off-take келісім бойынша 0,729 мың тонна концентратталған мыс жіберген. Polymetal – РФ-дағы ірі күміс және алтын өндіруші. Кәсіпорын холдингі Қазақстанда да бар.Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025