Экономика
Polymetal 2014 жылы Дукаттан Жапония, Қазақстан, Кореяға концентрат жеткізді
Polymetal 2014 жылы өзінің Дукат (Магадан облысы) алтын-күміс кен орындарынан off-take келісімшарт бойынша Жапонияға, Оңтүстік Корея және Қазақстанға концентрат сатты деп хабарлайды компанияның бас директоры Виталий Несис.
"Біз дукаттық концентраттан Жапонияға - 5 мың тонна, Қазақстанға -16 мың тонна, Оңтүстік Кореяға - 13 мың тонна саттық", - деді Polymetal басшысы.
Яғни, Дукаттан off-take келісімі бойынша жеткізілімдер 34 мың тонна көлеміндегі концентратты құрайды.
2013 жылы да Polymetal Дукаттан off-take келісімі бойынша концентрат сатты ( III тоқсанда – өндірілген концентраттың төрттен үш бөлігі). Сол кезде В.Несис қалыптасқан баға конъюнктурасына қарап, сатып алушылар жеткілікті болған жағдайда Дукаттан off-take келісімімен барлық концентратты сатуға дайын болғанын айтқан еді.
2014 жылы Polymetal Қытайдың үш off-take тұтынушысымен Май кен орнынан алтын концентратын тасымалдау туралы келісімге келді. Компания ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы Polymetal Май кен орнынан тұтынушыларға 72,4 мың тонна концентрат жеткізген.
Сондай- ақ 2014 жылдың IV тоқсанында Polymetal Еуропаға off-take келісім бойынша 0,729 мың тонна концентратталған мыс жіберген.
Polymetal – РФ-дағы ірі күміс және алтын өндіруші. Кәсіпорын холдингі Қазақстанда да бар.