Капитализм әлем үшін өркендеудің ең үлкен қозғалтқышы болып табылады. Бірақ бизнес көшбасшыларының жұмыс істеуі үшін кеңістік құратын демократиялық институттар экономикалық және технологиялық өзгерістердің қарқынды дамуымен ілесе алмады; сондай-ақ олар, өздері де мүше болған жүйеден жеткілікті адам саны түгелдей өздеріне тиесілі пайданы алуын қамтамасыз ету үшін де қажетті өзгерістерді жасамады.
Brexit, Америка Құрама Штаттарында Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі, Италияның сәтсіз конституциялық реформа бойынша референдумы, және т.б. 2016 жылдағы популистік кертартпалыққа жауап берерде, барлық басшылар естерінде осы аталған екі ойды берік сақтаулары тиіс.
Біз, капиталистер, бұдан былай жай ашық нарықтар және технологиялық инновациялар 1990 жылдан бастап қайыршылықтан бір миллиардтан астам адамды, оның ішінде, жалғыз Қытайдың өзінде жүздеген миллион адамды шығарды деп тойлай бере алмаймыз. Біз соғыстан кейін орын алған әлемдік тәртіп кемшіліктерін де мойындауымыз керек, мысалы теңсіздікттің артуы, көптеген дамыған нарықтардағы ондаған жылдар бойы жалақы тоқырауы, және 20% немесе одан жоғары деңгейде, бірқатар еуропалық елдердегі жастар арасында 40%-дан астам тұрақты жұмыссыздық. Ал ең бастысы, біз қалай болса да жүйе «өзін-өзі реттеп алады» деп болжай алмаймыз. Оның орнына, біздің әрекет етуіміз қажет.
Әрине, популизм тудырған қиындықтарды шешу жалғыз тек бизнестің міндеті емес. Саяси қайраткерлердің де маңызды рөлі бар, олар әлеуметтік қорғау жүйесін кеңейтіп және нығайту арқылы, «артта қалған және қалатындарды» қорғап, ақылды инфрақұрылымдық инвестициялар және саяси реформалар арқылы күшті инклюзивті өсудің негізін қамтамасыз етеді. Бірақ, жақсы жұмыс орындарын жасап, төмен бағамен жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді жасаудан басқа жеке-сектор басшылары бірнеше негізгі бағыттар бойынша басқаруды қолдарына алуы керек.
Біріншіден, олар өз ұйымдарының салықтарды төлеуін қамтамасыз етуі тиіс. Компанияның акционерлері мен қызметкерлері қаржылық ресурстарын саналы түрде басқарылуын талап етуі әділ бола тұра, жаһанданудың нашарлауына бай жеке тұлғалар мен мекемелердің жүйені алдап, өз салықтарын орта класс әрен төлеп жүрген мөлшерден төмендетуден жаман ештеңе жоқ.
Екіншіден, басшылар жеке сектордың күш-жігерін динамикалық экономикадағы қызметкерлерге, әсіресе, білім беру мекемелері дамымаған аудандарда, қажетті дағдыларды үйретуді қамтамасыз етуге жұмсауы керек. Мұндай бастамалар, IBM, AT & T, және басқа да көптеген корпорациялар анықтағандай компанияларға да, қоғамға да пайдалы. Мысалы, McKinsey & Company бес елде, нақты өндiрiстерде жүзеге асыруға көмектескен, Generation атты жастар арасындағы жұмыссыздыққа қарсы, керек дағдыларды дамытатын бағдарлама 2015 жылдан бастап 10000-нан астам түлекті жұмыс орындарына орналастырды - және қолданыстағы тәсілдерге қарағанда шығындар әлдеқайда төмен болды. Біздің 440-тан астам жұмыс беруші-серіктестеріміздің тоқсан сегіз пайызы Generation түлектерін жұмысқа алуды жалғастырамыз деді.
Үшіншіден, басшылар, олардың компаниялары өздері жұмыс жасайтын қауымдастықтарда оң рөл атқаратынына сенімді болулары керек, өйткені акционер капитализмі, дұрыс түсінгенде, мүдделі тараптардың капитализміне негізделген. Мысалы, Римде жақында өткен Fortune Global форумында, 80-нен астам басшылар Сахараның оңтүстігіндегі Африканың аз қамтылған бөліктерінде тұратын 100 млн балаларға медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін мойындарына алды. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік әлеуметтік қажеттіліктерді шешуді қамтиды.
Ең алдымен, басшылар қазіргі заманғы капитализмнің ұзақ мерзімді құндылыққа қол жеткізу қабілетін нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Бұл оңай міндет емес. Әлемнің түкпір-түкпірінен, аға басшылардан McKinsey соңғы сауалнама алғанда, 65%-ы бес жыл бұрынғыға қарағанда, бүгін қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізуде көп қысым сезінетінін айтты, және бұл әсіресе дамушы нарықтарда шынайы жағдай екенін хабарлады. Басшылардың 37% -ы ғана өз компаниясының мәдениеті ұзақ мерзімді ойлауды қолдайды деп сенген, ал қалған 63% -ның жартысы, оларда тоқсандық табыс мақсатына жете алмау тәуекелі болса, құндылықты арттыратын жобаға инвестицияны асықпай жасайтынын мойындады. Сонымен қатар, S & P 500 компанияларының дивидендтер мен акцияларды қайта сатып алуға жұмсайтын таза табыс үлесі қазір шамамен 100% -ға жетті.
Осы қысымның ұжымдық құны жоғары. Иегінен аса алмаушылық, сайып келгенде, аз жұмыс орындарына апарып, инвестициялық және R&D шығындарын төмендету арқылы өсуді де төмендетеді. McKinsey Global институтының алдын ала бағалауы бойынша, қысқа уақытқа ғана болжай алу салдарынан соңғы 15 жылда АҚШ экономикасы қосымша 5-6 миллион жұмыс орнынан және ЖІӨ-нің іске асырылмаған өсуінен 1 трлн. АҚШ долларынан айрылды.
Тұрақты жаһандық өсуді жеделдетіп және көптеген жақсы жұмыс орындарын қалай құруға болады? Біріншіден, біздің ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін институционалдық инвесторлардан бастап, сондай-ақ корпоративтік басшылар мен оларды қадағалайтын басқарма мүшелерімен де қоса, инвестициялық құн тізбегінің әр сатысында істер мен ынталандыру құралдарын өзгертуіміз қажет. Ұзақ мерзімді актив иесіне жақсы бір үлгі ретінде GIC сингапурлық әл-ауқат қоры бола алады, ол активтерді басқарушыларға берілетін сыйақыларды 20-жылдық ауыспалы қайтару мөлшерлемесіне негіздейді, және өнімділікті өлшеу үшін бес жылдық деңгейжиегін пайдаланады. Сол сияқты, Канада зейнетақы жоспарының инвестициялық кеңесі өз ынталандыру бағдары ретінде бес жылдық ауыспалы табыс қайтаруына көшті.
Енді тоқсан сайынғы капитализмнен ұзақ мерзімді капитализмге көшетін уақыт жетті. Мен Harvard Business Review-де бес жыл бұрын жазғанымдай: «Бизнес басшылары бүгін мынадай таңдауға тап болды: біз капитализмді реформалаймыз немесе біз саяси шаралар мен ашулы жұртшылықтың қысымы арқылы капитализмнің біз үшін реформаландырып берілуіне рұқсат бере аламыз». Біз өзгеруді ұжым ретінде іске асырмағанымыз үшін жауапқа тартылатын уақытымыз келе жатыр. Бірақ бізде әлі күнге дейін жәй сөзден іс-қимылға көшуге таңдауымыз бар, және әлем әлі барлық адамды өркендететін үздік жүйені сақтап және нығайта алады.
Автор туралы: Доминик Бартон McKinsey & Company-ның басқарушы директоры болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024