Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Bek Air авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төлеу мәселесіне назар аударды.
"Жақында, өкінішке қарай, қайғылы оқиға орын алып, ұшақ құлады. Маған зардап шеккендерден хаттар келіп жатыр, олар өтемақы алмаған. Адамдар ауруханаларда жатыр, кейбіреулері еңбекке жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты не істеліп жатыр?" , - деп сұрады Тоқаев.
Вице-премьер Роман Скляр қаза болғандардың отбасыларына бюджеттен 4 миллион теңге төленгенін айтты.
"Сонымен қатар, барлық жолаушылар сақтандырылған, төлем жақын арада жүзеге асырылады. Барлық қажетті құжаттар рәсімделді. Зардап шеккендердің арасында түрлі өңірлердің өкілдері бар. Барлығы 52 адам зардап шекті. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмек көрсетеді", - деп түсіндірді Скляр.
Өз кезегінде, Президент бұл мәселені тездетіп шешуді тапсырды.
"Тездетуді өтінеміз. Зардап шеккен адамдар үкімет пен әкімдіктерден көмек алуы тиіс. Мен әкімдердің назарын осы мәселеге аударамын. Жақын арада мәселені шешіңіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Роман Скляр жиналыстан кейін журналистердің Bek Air авиакомпаниясының жолаушыларға ақшасын қайтарып беруі туралы сұрағына жауап берді.
"Компания ақшаны қайтаруға міндетті, бұл азаматтық-құқықтық қатынастар. Сондықтан олар жақын арада мұны жасауы керек. Компания бұл мәселелерді шешуге, қандай да бір мүлікті немесе басқа да тәсілдермен сатуға тиіс… Несие алып, бірақ авиабилеттерге жұмсалған соманы қайтару керек", - деді Роман Скляр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024