Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент білім жинақтарына кепілдік берілетін заңға қол қойды

Президент білім жинақтарына кепілдік берілетін заңға қол қойды

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz - Н.Назарбаев «Мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесінің кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» туралы заңға қол қойды, деп хабарлайы Ақорданың баспасөз қызметі.

Депутаттар бастамашы болған заң азаматтардың екінші деңгейлі банктерде білім үшін қаржы жинауын құқықтық тұрғыдан реттейді.

Атап айтқанда, мемлекеттік білім  жинақтаушы жүйесіне қатысушылар тізіміне БҒМ балалар құқығын қорғау комитетін қосу қарастырылды. Бұл ата-анасыз қалған балалар мен жетімдердің мемлекеттен сыйақы алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесіне салынған қаражатты бұғаттау, білім салымдарының тұтастығына кепілдік беру де қарастырылған.

Похожие материалы