Президент сайлауы бойынша сағат 12.00-дегі жағдай: Азаматтардың 38,55% дауыс берді
Астана. 20 қараша. 7kun.kz – Сағат 12.00-тегі жағдай бойынша, республика азаматтарының 38,55%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: Абай облысы бойынша – 43,67,
Ақмола облысы бойынша – 40,13,
Ақтөбе облысы бойынша – 44,48,
Алматы облысы бойынша – 25,83,
Атырау облысы бойынша – 40,42,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55,
Жамбыл облысы бойынша – 44,29,
Жетісу облысы бойынша – 42,18,
Қарағанды облысы бойынша – 44,9,
Қостанай облысы бойынша – 42,87,
Қызылорда облысы бойынша – 43,46,
Маңғыстау облысы бойынша – 41,19,
Павлодар облысы бойынша – 44,23,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64,
Түркістан облысы бойынша – 64,21,
Ұлытау облысы бойынша – 52,22,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86,
Астана қаласы бойынша – 19,33,
Алматы қаласы бойынша – 16,89,
Шымкент қаласы бойынша – 34,41 пайыз», - деді ол.
Жалпы таңғы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 606 596 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 38,55 пайызын құрайды.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 14.05, 16.05, 18.05 және 20.05-те берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 51 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024