Экономика
Қайрат Құдайбергенге қысым көрсетті деген прокуратура қызметкеріне қатысты іс қозғалды
Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – Қамаудағы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге қысым жасады деген Бас прокуратура қызметкеріне қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі іс қозғады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сәуір айында қамалған Қайрат Құдайберген ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың атына өзіне моральді-психологиялық қысым жасалғанына шағымданып, хат жолдаған. Депутаттың сөзінше оқиға 26 сәуір күні ЛА-155/18 мекемесінде болған. Прокуратура қызметкері Құдайбергенге «қажетті жауаптарды бермесе, ұзақ уақыт отырасың» деген.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасына қатысты 22 сәуір күні қамауға алынған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024