Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Сатылғанов «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Қайрат Сатылғанов «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz - Цеснабанктің тәуелсіз директоры болып келген Қайрат Сатылғанов енді банктің директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында директорлар кеңесінің мүшесі Николай Мещеряков айтты.

«24 қыркүйектен бастап Қайрат Сатылғанов директорлар кеңесінің төрағасы атанды. 18 қазан күні акционерлердің жиналысы өтеді, онда директорлар кеңесінің құрамы қаралады. Акционерлер құрамы өзгермейді. Біз осында қаламыз және капиталдандыруды екі кезеңде жүзеге асырамыз», - деді Николай Мещеряков.

Айта кетейік, бүгін банктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка банктегі "дағдарысты" жағдай аяқталғанын, алдағы күндері қолма-қол қаржы алуға шектеуді алып тастайтынын айтты.

     

Похожие материалы