Қайырбек Өскенбаев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы туралы есеп берді
Қазақстан Үкіметі тәуелсіздік жылдары аймақтарды дамытуға байланысты ондаған ірі бағдаралама қабылдады. Ақорда «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Қазақстан 2050» стратегиясы, әр салаға қатысты жеке-жеке құжаттарды айтпағанда «Өңірлерді дамытудың» бірнеше бағдарламасын жүзеге асыруды атқарушы билікке жүктегені белгілі. Бұл стратегиялық бағдарламалар ұлттық экономиканы жоспарлы түрде әртараптандыра алды ма? Экономиканың бет-бейнесі жақсы жағына өзгеріп, бәсекеге қабілетті қағидаларға негізделген экономикалық прагматизмге қол жетті ме деген сауалдар әлі де көкейде тұр.
Десе де адамдардың жағдайын түбегейлі өзгерту, өмір сүру дағдысын жақсарту күн тәртібінен түскен жоқ. Үкіметте 2021 жылдың соңында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба қабылданған болатын. Үкімет салалық минстрліктер және аймақтардағы атқарушы биліктерді жұмылдыра отырып, бұл маңызды бағдарламада көрсетілген тапсырманы 2025 жылға дейін орындауға міндетті. Ұлттық жобаны жүзеге айналдыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі жеті жарым триллион теңге. Оның төрт трлн теңгесі Республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал 785 млрд теңге жергілікті қазынадан жұмсалса, қалған 2 трлн 700 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат есебінен берілмек.
Ұлттық жобаның негізгі мақсаттарының қатарына – қарапайым халыққа қажетті тұрғын үй, ауыз су мен жылу, көлік қатынастары, оның ішінде сапалы жолмен қамтамсыз ету де кіреді. Нақты осы бағыттарды жүзеге асыруға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне артылған жауапкершілік жоғары. Министрлік «Қуатты өңірлер – елдің дамуының драйвері» жобасы бойынша осы күнге дейін атқарылған шараларға қатысты есебін жария етті.
ЖОБАНЫ КІМДЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МІНДЕТТІ?
Қайырбек Өскенбаев басқаратын ведмоство Үкімет, Парламент алдында бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі операторының бірі ретінде бірнеше рет есеп берді. Бұл бастама Үкімет қаулысымен 2021 жылы 12 қазанда бекітілгенін айта кету керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аймақтардағы атқарушы билікпен жүйелі жұмыс құру арқылы ел азаматтарына жақсы өмір сүруге жағдайлар жасауға міндеттеледі. Бұл жобаны іске асыруға жауапты органдар мен мекемелердің қатарына одан бөлек бірнеше министрлік пен ірі квазимемлекеттік компаниялар да кіреді.
Айта кету керек, бұрыннан ел аузында айтылып келген «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары енді аталған жобаға біріктірілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында 4 бағыт бойынша 14 бастама мен 88 шараны қолға алып отыр. Олардың қатарында инфрақұрылымдық кешендер, ел ішіндегі көлік байланыстары, респубиалық маңызы бар жолдар мен тұрғын үй саясаты бар.
АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНА ЖАҢА ТЕРМИНАЛ САЛЫНАДЫ
Енді бірер айдан соң осы жобаның іске қосылғанына бір жыл толады. Әлбетте бұл бәрін басынан бастаған жоба емес, осы күнге дейін өңірлерді дамытуға арналған бағдарламалардың жалғасы. Министр былтырғы жылдың қорытындысына сәкес төмендегідей көрсеткіштерді ауыз толтырып айтарлық деп санайды. Республикалық және ауыл, аудан аралық маңызды автомобиль жолдары бойынша Маңғыстау мен Жамбыл облыстарында өзгерістер бар. Бұл облыстарда облысішілік көлік жолдарын жөндеу 95 пайызды көрсеткен.
Ал республикалық саналатын автомобиль жолдарын салып, қайта жөндеуден өткізуге 148 млрд теңге жұмсалыпты. Ал аудандардың өзара байланысын жолға қою үшін 19 млрд теңге игерілді. Ал ішкі көлік жүйесін дамыту мақсатында 301 млрд теңге бөлінген. Оның 257 млрд теңгесі ел қазынасын жұмсалса, қалған 43 млрд теңгесін облыстық бюджет беріпті.
Айта кету керек, ұлттық жоба аясында 40 дана кеме жасауға 4 млрд 300 млн теңге, кемелер қатынайтын үш шлюзді күрделі жөндеуден өткізуге 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен БҚО орталығындағы халықаралық әуежайдың әуевокзалын қайта жөндеуге 1,3 млр теңге, ал Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысына 12 млрд теңге көзделген. Сондай-ақ соңғы жылдары тозығы шыққан Шымкент пен Қостанай қалаларындағы әуе айлақтарының терминалдары мен ұшу алаңдары ретке келтірілетін болады. Бұл жолаушылар тасымалын екі есеег арттырып, аталған облыстарды қоса 14 млн адамның ары-бері қатынауына жағдай тумақ.
Елде халықтың жиі сынына арқау болатын жолаушылар вагондарының сапасына байланысы оң өзгерістер байқалды. Осы күнге дейін пайдалану мерзімі 20 жылдан көп жолаушылар вагондарының үлесі 43 пайыздан 41 пайызға дейін кеміген. Қазақстан арқылы транзит көлемінің өсуі күтілген. Өйткені Батыс Қытай - Батыс Еуропа сияқты халықаралық дәліздің құрылыс аяқталды. Бірақ тиісті межегені бағындыра алмай отырған жағдайымыз бар.
Айталық, Қытай тарапынан қатаң санитарлық шектеулердің енгізілуіне байланысты шекара маңындағы теміржол өткелдері арқылы халық тұтынатын тауарлар мен жолаушыларды өткізу мүмкіндігі екі есеге кеміп кеткен. Былтыр алдын ала болжам бойынша 25 млн тоннадан астам жүк тасымалдануы керек-тін. Жеріміз арқылы өтетін транзиттік тауарлардың үлесі күн шығыс еліне тиесілі екенін ескерсек, біз арқылы тасымалданатын жүктердің шамамен 70 пайызы ғана орындалғанын байқаймын. Сөйтіп тасымал 15,5 млн тоннадан аспай қалды.
Сондай-ақ пандемияға байланысты Транскаспий бағытындағы контейнермен тасымалданатын жүктер үлесі де азайған. Санитарлық сүзгі кесірінен пойыз вагондарын шекарадан қабылдау 18-ден 12 жұп пойызға дейін қысқарды. Ал теңіз арқылы келетін жүк 45 мыңнан 41 мың тоннаға кеміді. Осыған орай Қытайда тоқтап тұрған пойыздардың саны артып, порттарда, терминалдарда контейнерлер 6 айға дейін бос тұрды.
ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС КЕРЕК
Тұрғын үй құрылысы бойынша 2021 жылдың көрсеткішіне көз жүгіртсек, жопсарланған межеге қатысты мұнда да сауалдар туындап отыр. Атап айтқанда, өткен жылы 163 мың тұрғын үй пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ ол 151 мыңнан аспаған. Жоспарланған көрсеткішке кері әсер еткен нәрсе – тұрғын үйдің 1 ғимараты үшін базалық ауданның айырмашылығына байланысты. Статистикалық мәліметтерде халыққа салынуы тиіс баспана алаңы 6 млн 800 мың шаршы метр. Бірақ барлығы 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған.
Яғни индикативтік есептеу барысында құрылыс салынатын тұрғын жайдың бір ғимаратының ауданы жоспарға сай 140 ш.м. емес, іс жүзінде 173 ш.м. тең болып шыққан. Бұл жоспардағы салынуы тиіс 48,7 үйдің орнына 40,7 мың баспана салынғанын айғақтап отыр. Бұдан кейін министрлік тұрғын үй саясаты мен оны жоспарлау ісіне жаңа көзқарастар керек екенін айтып отыр.
Былтыр тұрғын үйлер салу бойынша 250 млрд теңге игерілген. Оның ішінде 105,6 млрд теңге ел қазынасынан бөлінсе, 2,2 млрд теңгесі облыстық, қалалық бюджеттен жұмсалыпты. Ал жеке кәсіпкерлердің есебінен 142 млрд теңгеге баспана құрылыстары жүргізілген. Аталған қаражаттан «Отбасы банкі» ТҮҚЖБ» АҚ халықты 2%-дық несиемен қамтамасыз ету үшін 51 млрд теңге алған. Жаңадан бой көтеретін тұрғын үйлер құрылысына арналған аудандарға коммуникация тартуға 39 млрд теңге, ал өзге де үйлер салуға 8,5 млрд теңге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған халыққа жалға беру үшін 5,5 млрд теңге қарастырылған.
ІРІ ҚАЛАЛАРДА ҚҰРЫЛЫС КӨП, АЛ ЭНЕРГОРЕСУРС АЗ
Ауыз сумен елде 18 млн адам қамтылуы жоспарланса, былтыр бұл артығымен орындалып, 18,4 млн адамға жеткен. Министрлік дерегіне сенсек, Атырау және Қызылорда қалаларында сумен халық түгелдей қамтамасыз етілген. Ал қалаларда кәріз суларын тазарту көрсеткіші жоспарға сай 74,9 пайыз болатын, былтыр ол 75,7 пайызға жеткен. Ал жылуды және күнделікті тұтынатын суларды есептейтін құрылғыларды орнату елде 73 пайызға жетіп отыр. Министрлік өткен жылы елде 17 млн шаршы метр баспана салу жоспарын орындаған.
Қазақстанда үлкен мәселе қалаларға халықтың тығыз қоныстануы. Урбанизация жаңадан салынатын құрылыс көлемін арттырып, тиісінше инженерлік желілерге деген жүктемені де асырып жіберді. Оған энергия, жылу және өзге де сұраныстарды қосыңыз. Бұл мәселе елдегі мегаполистерге тән. Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауыз су, кәріз желісі және газ бен электр қуатының тапшылығы алдыңғы орынға шықты. Салалық министрлік жергілікті атқарушы биліктің осындай проблемалардың барын ескермей, тұрғын үйлер құрлысына бейберекет рұқсат берудің жалғасып келе жатқанын сынға алады. Алматыда жылына жаңа құылыс көлемі 1,5 млн шаршы метрден, ал астанада 2 млн шаршы метрден аспауы маңызды. Биыл ақпанда Үкіметте бұл туралы ел президентіне баяндалған. Мемлекет басшысы оны қолдаған.
Өткен аптада ұлттық жобаның орындалу барысы туралы Қайырбек Өскенбаев үкімет мүшелері алдында есеп берді. Жиында жоғарыдағы деректер айтылды. 30 шілдедегі мәліметтер бойынша министрлік 650 млрд теңге қаражатты түгел игерген.
Ришат Асқарбекұлы
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024