Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, 400-ден астам адамнан 3 млрд теңге алған алаяқ сотталды
Қарағанды. 4 қазан. 7kun.kz – «Лидер-Капитал-168» атты қаржы пирамидасын құрып, 400-ден астам адамды шығынға ұшыратқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2016-2020 жылдар аралығында жұмыс істеген «Лидер-Капитал-168» ұйымына 400-ден астам адам қаржы салған. Оларға жылына 20% пайда табу уәде етілген. Клиенттерін түрлі акциямен немесе саяхат жасатамын деп алдаған», – деді Қазыбек би аудандық сотында.
Жапа шегушілер заңсыз ұйымға төрт жыл ішінде 3 млрд теңге ақша салған. Олардың көбі зейнеткер. Тергеу кезінде күдікті жалпы соманың жартысын қайтарған. Бірақ сот отырысында ол кінәсін мойындамады.
Күдіктіні 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚК 217-бабының 3-бөлігі және 385-баптың 1 және 3 бөлігі бойынша айыпталды.
«Айыпкер 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, оның қаржы ұйымдарында, банк немесе сақтандыру холдингтерінде басшылық қызмет ету құқығы 7 жылға шектелді», – деді аудандық сот мамандары.
Сондай-ақ сотталушыдан жапа шеккендердің пайдасына материалдық шығын өндірілгені атап өтілді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024