Нарықтық қатынастары жағдайында әрбір бәсекеге қабілетті кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі ақша қаражжттарымен мен тікелей байланыста болады. Ақша қаражаттары кәсіпорынның қаржылық жағдайында маңызды рөл атқарады және өтімділігі ең жоғарғы болып табылады.
Қазақста Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдіс терді: қолма- қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма- талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен бергіленген басқа да әдістерін пайдаланады
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, біріқ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда кезделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттарының өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарғандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Қандай болмасын бизнес қолма –қол ақша бар болғанда басталады. Олар ресурстарға айналып өнім өндіруге немесе тауарды қайта сақтауға пайдаланады.
Ақша қаражаттарына аудит жүргізудің мақсаты аудиторлық қызметі реттейтін нормативтік жүйе және аудитор мен клиент арасындағы келісім шарттың міндеттемелерінің заңдылығымен анықталған нақты мәселені шешу болып табылады. Аудит бақылау ретінде қаржылық есептілік өз алдына активтердің, міндеттемелердің, меншік құралдардың қаржылық нәтиженің сенімділігін, толықтығын, нақтылығын бейнелеу үшін есепті жылы ұйымның белгілі бір әкімшілігінің және оны иеленушінің қызығушылығы жатыр.
Ал, осы жоғарыда айтылып кеткен барлық процестерді жүзеге асырып, оның жүйелі түрде реттеу үшін міндетті түрде ақша қаржаттарының есебі мен аудиті жүргізілуі керек.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақатуға мүдделі. Бұл орайда кәсіпорындардың материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға, тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есеп пен аудиттің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды[1]
Диплом жұмысының зертеу объектісі ұйымның қаржылық жағдайы, қаншалықты салынған қаражат активтерге жылдам ақша қаражатына айналады, соған байланысты.
Диплом жұмысы кіріспеден , үш негізгі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады және осы зерттеліп отырған кәсіпорынның құжаттары тіркелді.
Нақты ақшаның жоғарыда аталған сақталу орындары бойынша есебі төмендегі тарауларда толық ашылып көрсетіледі:
- кәсіпорының ұйымдық құрлымы мен экономикалық сипаттамасы;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
- қолма кол қолма қолсыз есеп айырысу;
- кассалық операцияларының есебі;
Дипломдық жұмыстың мақсаты: осы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты банктерде есеп айырысудың тәсілдері мен түрлерін және есеп айырысудағы қолданбалы құжаттар, тиісті шоттардың корреспонденциялануын;
- банктердегі арнайы шоттардағы операциялар жүргізу жолдарын, типтік банктік құжаттар бойынша есеп айырысу;
- дипозиттік шоттарды қолдану, жолдағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу мәселелерін жіктеп баяндау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объктісі ретінде: Алматы облысында Жамбыл ауданында орналасқан «Қарғалы» акционерлік қоғамы алынған.
1-БӨЛІМ ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
1.1.«Қарғалы» акционерлік қоғамының ұйымдық құрлымы және экономикалық сипаттамасы.
Акционерлік қоғам «Қарғалы» 19.06.1995ж. «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бірлесіп қызметін жүргізу мақсатында құрылған.
Акционерлік қоғам тіркеуден өткен соң заңды тұлға құқығына иеленеді.
Қоғам қаржылық және өндірістік қызметті шаруашылық дербестіктің негізінде жүзеге асады.
Акционерлік қоғамның балансы, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық фирмалық атау көрсетілген мөрі, банктік шоттары бар. Есеп айырысу шоттары – Центркредит банкте ашылған.
Қоғамның қызмет мақсаты ҚР және серіктестікке қатысушылармен мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтері біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Акционерлік қоғамның өз мақсатт арына сәйкес өз қызметінің түрлері мынандай бағыттарда жүзеге асырады:
- Халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;
- Комерциялық және делдалдық қызмет;
- Сауда- саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу құқығымен ауыл шаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өңдеу;
ҚР-ның заңына қайшы келмейтін өзгеде қызметтерді атқару.
Қоғамның қатысушысы оның міндеттемелеріне жауап бермейді және қоғамның әрекетімен байланысты шығынын қауып – қатерін өздері салған салым құнын шегінде көтереді.
Қоғамның қатысушысы құқылы:
- Осы жарғымен белгіленген тәртіпке қоғамның істерін басқаруға қатысуға;
- Қоғамның әрекеті туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге құжаттарымен танысуға;
- Қоғамның әрекетінен табыс табуға;
- Қоғамның таратылған жағдайда несие алушылармен есептескеннен кейін қалған мүлікті алуға;
- Жеке шешімі бойынша қоғамды тоқтатуға.
Қоғамның қатысушысы міндетті:
1) Осы жарғының талаптарын сақтауға;
2) Осы жарғымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерде, әдіс пен мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салым салуға;
3) Қоғамның коммерциялық құпия деп мәлімдеген мәліметтерді жария етпеуге.
Қоғамның қатыспаушылары заңдармен қарастырылған басқада құқықтарға
(міндеттерге) ие атқара алады.
Қоғамның жарғылық капиталы 177500 ( жүз жетпіс жеті мың бес жүз) теңге құрайды. Қоғамның жарлық капиталы оны қатысушыларымен қоғамның тіркеу сәтіне дейін төленген.
Қоғамның жарғылық капиталына салым ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ, жер пайдалану құқығы мен жеке әрекет қорытындыларының құқығы және өзге мүлік бола алады.
Мүлік және мүлік емес құқықтар және басқа материалдық емес игіліктер түрінде салуға құқсат берілмейді.
Қоғамның мүлігі қатысушылардың жарғылық капиталға салған алғашқы жарнасы, қосымша жарна, кәсіпкерлік әрекеттен түскен пайда, сондай – ақ, заем қаражаттары және басқа серіктестік белгіленген тәртіпте сатып алған немесе тапқан өзге мүлік арқылы құрылады.
Қатысушылардың шешімі бойынша қоғамның жарғылық капиталының мөлшері өзгере алады.
Қоғамның жарғылық капиталының көбеюінің қатысушысымен енгізілген қосымша салымдар, қоғамның жеке капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, қоғамның құрамына жаңа қатысушылар алу арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның жарғылық капиталының заңдармен белгіленген ең аз мемлекеттік тіркеу сәтінде азаюына рұқсат берілмейді.
Қоғамның жоғарғы органы қатысушысы жалпы жиналысы болып табылады. Қоғамның қатысушысының жалпы жиналысының айрықша құзырына келесілер жатады.
1) қоғамның жарғысының өзгеруі, оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан мекен – жайы мен фирмалық атауыынң өзгеруі, немесе қоғамның жарғының жаңа басылымда бекітілуін қоса;
2) қоғамның атқарушы органынан құрылуы және оның өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы сондай – ақ, қоғамның беру туралы немесе оның мүлігінің сенімді басқаруға берілуі туралы шешім қабылдау және осындай берілудің шарттарын анықтау;
3) Қоғамның тексеру коммисиясының өкілеттерін сайлау және мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ, қоғамның тексеру коммисиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;
4) Жылдық қаржылық есепті бекіту және таза пайданы тарату;
5) Ішкі ережелерді, оларды бекіту және таза пайданы тарату;
6) Қоғамның басқа шаруашылық қоғамдарға, сондай – ақ, коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;
7) Қоғамның қайта құру немесе жою туралы шешім;
8) Тарату коммисиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
9) Қоғамның барлық мүлігінің кепілі туралы шешім;
10) Қоғамның мүлігінің осымша жарна енгізу туралы шешім;
Қоғамның атқарушы органы жалпы жиналыста сайланатын директор болып табылады, ол қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, оның анық құрылтайшысын дайындау барысында еңбек қарым – қатынастары еңбек заңдарына сәйкес ретке келтіріледі.
Директор қатысушының айрықша құзырына жатпайтын барлық мәселерде құзырлы, соның ішінде:
- ағымдағы және болашақ жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
- қатысушының шешімдерінің дайындалуы мен орындалуын ұйымдастастырады;
- қоғамның мүлігіне, оның ақша қаражаттарына қатысушымен берілген шетке билік етеді;
- ұйымдармен, сол сияқты мемлекеттік органдармен, соттармен қарым – қатынаста қатысушымен берілген және осы жарғымен берілгеннен өкілеттіктер шегінде серіктестіктің әрекетінің жөніндегі мәсілелер бойынша қоғам ұсынады;
- өз құзыры шегінде басқа да қызметтерді атқарады;
Қоғамның директорының өкілеттіктері:
- Қоғамның атынан сенімхатсыз іс - әрекет етеді;
- Қоғамды таныс ету құқығына сенімхат береді, сол сияқты, қайта сенім білдіру құқығымен сенімхататр береді.
- Қоғамның жұмысшыларына қатысты оларды қызметке тағайындау, ауыстыру немесе орнынан босату туралы бұйрық шығарады, еңбек ақысын төлеу жуықтайды, лауазымды еңбекақының және жеке үстеме ақы мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін шешеді, ақы төлеу шараларын қабылдайды және тәртіптік айып төлемдер салады;
Қоғамның директорына тиым салынады:
1) қатысушының келісімісіз қоғамның мүліктік пайда табуға бағытталған мәміле жасауға (сыйға тарту, қарызға беру, қайтарусыз пайдалану, сауда – саттық келісім шарттарын қоса);
2) қоғамның өзінен сияқты үшінші тұлғалардан қоғамның үшінші тұлғалармен мәміле жасалғаны үшін коммиссиондық сыйлық алу;
3) олардың қоғаммен қатынасында үшінші тұлғалардың атынан немесе мүддесіне әрекет етуге;
4) қоғамның әрекетімен бәсекелесетін кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға;
Қоғамның заңдарға сәйкес есеп және есеп беру шынайылығы мен тәртібі сақталмағаны үшін жауапкершілік артады.
Қоғамның директорының қаржылық – шаруашылық әрекетіне бақылауды жүзеге асыру үшін қатысушы тексеру коммисиясын құра алады.
Тексеруді жүргізу үшін сыртқы аудитор жұмысқа кірісе алады. Тексеру коммисиясының (ревизор) жұмыс тәртібі серіктестіктің ішкі әрекетін ретке келтіретін ережелер мен өзге құжаттармен белгіленеді.
Қоғаммен оның әрекетінің қорытындылары бойынша бір жыл ішінде
табылған таза пайдасы қатысушының жеке шешіміне сәйкес таратылады.
Әр жұмысшының еңбек кірістері ең көп мөлшермен шектелмейді және
белгіленген ережелерге сәйкес салық салынады.
Қоғам еңбек ақыны төлеу формасы мен жүйесін жеке анықтайды, мемлекеттік тарифті жұмысшылар мен сәйкес мамандардың еңбек ақысының төлеуінің ең аз мөлшердегі кепілі ретінде қарастыра отырып, еңбек келісім – шарттарында тарифтік қойылым мен еңбек ақысының мөлшерін қарайды. Қоамның жұмысшылары заңдарға сәйкес пенсия және әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.
«Қарғалы» акционерлік қоғамның есеп саясаты Қазақстан Республикасының қаржылық есептін Ұлттық стандарттарына (НСФО №2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарын мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған.
Есеп саясатының келесі бөлімі ұйымның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік заңды тұлға болып табылады.
Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай: қабылданған – есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;
- қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді түгелдеу нәтижелерін сондай – ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;
- еспті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғанын;
- аналитиклық және синтетикалық есеп нәтижелерін дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есеп принциптеріне кәсіпорын өзінің саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
- бухгалтерлік есептің уақтылығы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
- бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
- ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
- актив пен міндеттемелерді түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
- актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
- шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізге факторлар әсер етеді:
- меншік нысан мен құқықтық – ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
- ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
- шаруашылығы және тағы басқа);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
- салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
- қаржы – шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық - әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Барлық бухгалтерлік жазбалар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып қоғамның қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады.
Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:
- Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады.
- Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен корреспонденцияланып, журнал – ордерлер, ведомостерге жазылады.
- Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады.
«Қарғалы» акционерлік қоғамның шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп ақпаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі. Қоғамда бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:
- аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру үшін дербес компьютерлер беріліп – есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал – ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады;
- барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;
- құжаттардағы мәліметтермен танысуға басшысының рұқсатын коммерциялық құпиясына жатады;
- қоғамнда келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері,
қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс – жүргіу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы – материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т.б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар.
- қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шруашылық (жарғылық және басқа) қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау есеп принциптерін мұқият орындау керек:
- Үздіксіз қызмет. Субъект үздіксіз қозғалушы ретінде есептеледі, яғни функцияланған болашақта көзделіп жалғастырушы.
- Аударым. Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте бекітіледі және субъектінің қаржылық есеп беруінде байқалады және пайда бола бастағанда, қажеттілікті төлеу және қолма –қол түрінде емес.
- Анықтылық. Ақпарат, шаруашылықтағы субъектінің қаржылық есеп беру ұсынымы барлық қолданушыларға түсінікті болуы керек.
- Мағыналық. Қаржылық ақпарат үлкен және аса мағыналы болуы керек, қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және оларға дұрыс шешім қабылдауға көмек көрсету.
- Маңыздылық. Есеп саясаты қаржылық есеп беру ақпаратын ашып көрсету үшін бағытталған және ол өте маңызды болуы керек, оның дұрыс болмай және қате кетуі қаржылық есеп беру пайдаланушыларының экономикалық шешімдеріне кері әсер тигізу мүмкін.
- Сенімді анықтылық. Ақпарат анық болып табылады, егер онда маңызды қателіктер кетпесе оған пайдаланушылар сенім артуға болады.
- Бейтараптылық. Ақпарат, ұсынылып отырған қаржылық есеп беру еркін бейтарапта болуы өте маңызды.
- Байқаушылық. Шаруашылық шешім беру кезінде мұқияттылық, активтермен кірістер аса бағаланып, ал міндеттеме мен шығындар байқалмай қалуын қадағалау қажет.
- Аяқтау. Қаржылық есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат сенімді толық болу керек.
- Салыстыру.Қаржылық ақпарат қажетті және мағыналы болу үшін, ол бірінші кезеңнен екіншіге өту үшін салыстырмалы болуы керек.
- Бір ізділік. Есеп саясаты, субъектпен таңдалған, есеп берудің бір кезеңнен келесіге өту үшін қолданылады.
- Шындық ұсыным. Қаржылық есеп беру қолданушыларға қаржылық қалып туралы шындық ұсыным қалдыру керек, субъектінің ақша қозғалысының, қаржы – шаруашылық іскерлігінің қорытындысы.
- Өз нақты уақытындылығы. Ақпарат өз уақытында қалыптасып ұсынылуы керек.
- Түсім мен ұстаным арасындағы баланс. Берілген ақпараттан түскен түсім, өзінің алған бағасынан жоғары болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда керек ақпаратты аз мөлшердегі шығынмен алу керек.
- Принциптер балансы. Жоғарыда көрсетілгендердің оптималды үйлесімділігі болу керек, мақсаттар мен тапсырмаға есеп беру.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі;
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
«Қарғалы» акционерлік қоғамның есеп саясатының анықтылығы. Жылдық амортизациялық шегерімдері түзу бірқалыпты әдіс бойынша анықталады. Материал игеру тәртібі сатылған жұмыс арқылы орташа өлшемді құнмен шегеріледі.
Басқарушылық есебіне кірістіру мақсаты серіктестіктін басшысымен жедел толық және нақты ақпартпен анықталады, қажетті басқарушылық шешім қабылдау үшін.
Тауар – материал қорын қайта өңдеу шығындары (жұмыс, қызмет) өзіне өндірісте шикізат, мұнай, энергия, еңбек ресурстары және т.б. шығындарды жасады.
Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсету тиіс (яғни мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорынның көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөніндегі ниетінің жоқтығын білдірсе, онда үздіксіз қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргіздің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелі қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызылатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын үстағаны болып табылады.
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы орындылық талаптарына сай болу қажет.
1.2 «Қарғалы» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау
«Қарғалы» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын және қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланс қарастырылады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өсіңкілігін таладу қоғамның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрінің абсальютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қоғамның бухгалтерлік балансында біртекті қаржы ресурстары яғни активтер және олардың құралу көздері, яғни меншікті капитал, міндеттемелер бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштерін «баптар» деп атайды. Баланстың активтер бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай – күйлерін бейнелейді. «Меншікті капитал» және «міндеттемелер» бөлімдерінің баптары серіктестік активтерінің құралу көздерін мінездейді.
Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға сәйкес белгілі жүйемен орналастырылған. Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің қозғалу деңгейіне байланысты, басқаша айтқанда өтімділік деңгейі бойынша, яғни мүліктің осы бөлігі серіктестіктің айналымында қандай жылдамдықпен ақша нысанына айналатындығына байланысты орналастырылған. Қоғамдағы қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер талданады. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын таладу, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Қоғамның жалпы табысы-өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізудің қаржылық нәтижесі болып табылады және оны өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыстан сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнынан алып тастап анықтайды.
Осыған сәйкес баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құралады (1.1. кесте)
Ағымдағы активтердің ішінде есепті жылда жоғарғы үлестік салмақ алып тұрған дебиторлық қарыз. Ақша қаражаттары жылдың басында 22708456 теңге болып, үлестік салмағы 89.4%-і құрады, ал аяғында оның мөлшері 54770960теңге немесе 91.9% болды. Ақша қаражаттары есепті жылдың басына қарағанда 2.5 % өскен, яғни жылдың басындағы мөлшері 22708456 теңгеден 54770960 теңгеге дейін өскен.
1.1.кесте
«Қарғалы» акционерлік қоғамның 2009 жылдың басы мен соңындағы жағдайы негізінде баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.
№ | Көрсет кіштер | Жыл басында | Жыл соңында | Жыл бойындағы өзгеріс (+, -) | Құрылым оның пайыздық өзгеруі(4 -2 гр) | |||
cомасы | пайыз дық үлесі | сомасы | пайыз дық үлесі | сомасы, мың.тг (3 гр -1 гр) | пайыздық үлесі (5 гр/ 1гр)*100 | |||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Активтер, құны, барлығы Соның ішінде | 25393679 | 100 | 59549339 | 100 | 34155660 | 34.5 | - |
1.1 | Ұзақ мерзімді активтер: | 38860 | 1.2 | 61384 | 0.1 | 22524 | 58 | -1.1 |
а) негізгі құралдар | 38860 | 1.2 | 61384 | 0.1 | 22524 | 58 | -1.1 | |
1.2 | Ағымдағы активтер | 25354830 | 99.8 | 59487954 | 99.9 | 34133124 | 134 | 0.1 |
а)ақша қаражаттары | 22708456 | 89.4 | 54770960 | 91.9 | 52500115 | 231 | 2.5 | |
д) ағымдағы салық активтері | 1145582 | 4.5 | -0.01 | - | 1145582 | 100 | 4.5 | |
в) қысқа мерзімді активтер | 34597 | 0.1 | 74813 | 0.1 | 40216 | 1116 | - | |
2. | Қоғамның өндірістік потен циалыны құны | 38860 | 1.5 | 61384 | 0.1 | 22524 | 58 | -1.4 |
Кесте мәліметтері көрсеткендей активтердің нақты құны есепті жылы 34155660 теңгеге немесе 34.5%-ке (қосымша 1).
Ұзақ мерзімді активтердің ішінде негізгі құралдардың үлес салмағы 1.2%-і және 0.1%-ін құрайды. Бірақ олардың өсу динамикасында есепті жылда керісінше 22524 теңге немесе 1.1%-ке кемігенін анықтадық. Бұл талдау нәтижесінде есепті жылда ағымдағы активтерінің құрамындағы активтердің барлығының мөлшері азайған.
Меншікті капитал мен міндеттемелердің ара қатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді.
Қаржылық қортынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрылымына талдау төмендегі кесте (1.2. кесте) арқылы жасалынды.
1.2.кесте «Қарғалы» акционерлік қоғамның 2009 жылдың басы мен соңындағы жағдайы жарғылық капиталының құрылы мен құрамы.
№ | Көрсеткіштер | Жыл басында | Жыл соңынд а | Жыл бойындағы өзеріс (+; -) | Құрылымының өзгеруі, пункт (4гр-2гр) | ||||||||||||||||
сомасы мың.тг | пай ыз дық үлесі | сомасы, мың.тг | пайыз дық үлесі | ||||||||||||||||||
сомасы, мың.тг (3 гр -1 гр) | пайыздық үлесі (5 гр. 1гр)*100 | ||||||||||||||||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||||||||||||||
1. | Жарғылық капитал, соның ішінде | 19253484 | 100 | 18115360 | 100 | -1138114 | -5.9 | - | |||||||||||||
1.1 Меншіктік капитал | 518873 | 2.7 | 207538 | 1.1 | -311335 | -60 | -1.6 | ||||||||||||||
1.2 Міндеттемелер, оның ішінде | 18734611 | 97.3 | 17907822 | 98.9 | -826789 | 4.4 | 1.6 | ||||||||||||||
Қысқа мерзімді міндеттемелер | 18734611 | 97.3 | 17907822 | 98.9 | -826789 | -4.4 | 1.6 | ||||||||||||||
2 | Тәуелсіздік коэффициент (1.1 жол:1 жол) | - | 0.027 | - | 0.011 | - | - | 0.12 | |||||||||||||
3. | Қаржыландыру коэффициенті (1.1 жол:1,2жол) | - | 0.028 | - | 0.011 | - | - | 1 | |||||||||||||
4 | Міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы коэффициенті (1,2 жол:1,1 жол) | - | 36 | - | 89.9 | - | - | 1 | |||||||||||||
5 | Инвестициялау коэффициенті | - | 0,07 | - | 0,19 | - | - | 0,12 | |||||||||||||
Осы келтірілген 1.2. кестеден серіктестіктің осы жылдағы активтерінің, қалыптасу көзі 1138124 теңгеге немесе 5,9% - ға кемігені көрініп тұр (қосымша1). Бұл кему жылыдң соңында міндеттемелердің жылдың басымен салыстырғанда 1138124 теңгеге азайған, ал меншікті капитал 311335 теңгеге кемігені көрініп тұр. Қоғамның қаржылық жағдайын мінездейтін тәуелсіздік коэффициент меншікті капиталды барлық жарғылық капиталға бөлумен анықталған мәні 0,08-ден 0,01-ға дейін немесе -0,07 пунктке төмендеген. Бұл коэффициенттің мәні жыл соңында аз болса да өсуі қаржылық жағдайының төмендегенін білдіреді. Келесі, қоғамның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың міндеттемелерге қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициентінің мәні 0,03 дан 0,01 –ке дейін кеміп отыр.жыл басында активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 14 теңге 59 тиынын тартқанын, ал жыл аяғында қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 89 теңге дейін азайғанын мінездейді, яғни серіктестіктің қаржылық жағдайы міндеттемелерге өте тәуелді екені көрініп тұр.
Бұл коэффициент қоғам қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражытымен қаржыландыратынын көрсетеді. Қоғамның осы жылдың басында 3,0%-ғана, ал жылдың соңында 1,0% өз қаражатымен қаржыланып отыр. Бұл коэффициент мәні төмен болуы қызметті активінің төмен айналымдығын, тұрақты шығындардың жоғары деңгейімен сипатталады.
Міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және қаражаттар қатынасының коэффициенті қоғамда жыл басында 36 (36:100), ал жыл аяғында 89,9 (89,9:210) болды. Бұл коэффициенттің мәні қоғам
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың қолайлылығын анықтау үшін жоғарыда есептелінген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолданады. Бұл коэффициент меншікте капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Бұл коэффициенттің мәні жылдың басында 0.07-ға тең (518873:18734611), ал соңында 0,01 (207538:17907822) болды. Инвестициалау коэффициентінің мәні серіктестікте төмен екенін көруге болады.
«Қарғалы» акцинерлік қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын негізгі көрсеткіш оның таза пайдасы (зияны) болады. Таза пайданың қалыптасуы мынандай көрсеткіштерден тұрады: өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыс; сатып -өткізілген өнімнің (жұмыстың қызметің) өзіндік құны, жалпы табыс; әкімшілік шығыстар, салық салынғанға дейінгі пайда (зиян), корпорациялық табыс салығы, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған пайда (зиян), таза пайда (зиян).
Қоғамның салық салынғанға дейінгі табысы негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) және қосалқы қызметтен түскен табыс (зиян) көрсеткіштерінің қосындысы ретінде анықталады. Салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған пайда (зиян) сомасы – салық салынғанға дейінгі пайда сомасы мен табыс салығының арасындағы айырма ретінде анықталады.
«Қарғалы» акцсонерлік қоғамның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін талдау үшін келесі (1.3 кесте ) келтіріледі.
1.3.кесте «Қарғалы» акционерлік қоғамның 2008-2009 жылдардағы қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін талдау.
№ | Көрсеткіштер атаулары | 2008 | 2009 | Ауытқуы | |
+,- | % | ||||
1 | Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табыс, мың.тг | 44746,0 | 40133,0 | -4613,0 | 10,3 |
2 | Сатып -өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны, мың.тг | 42175,0 | 38075,0 | -4100 | 9,7 |
3 | Жалпы пайда, мың.тг | 2571,0 | 2058,0 | -513,0 | 1,9 |
4 | Әкімшілік шығыстар, мың.тг | 2085,0 | 1672,0 | -413 | 19,8 |
5 | Салық салынғанға дейінгі пайда (зиян), мың.тг | 486.0 | 386,0 | -100 | -20,6 |
6 | Корпоративтік табыс салығы, мың.тг | 156.0 | 121,0 | 35 | 22,4 |
7 | Салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған пайда (зиян), мың.тг | 330.0 | 265.0 | 65 | 19,7 |
8 | Таза пайда (зиян), мың.тг | 330,0 | 265.0 | 65 | 19,7 |
Осы 1.3. кестенің мәліметтері бойынша 2009 жылы өнімді (қызметті, жұмысты) сатып - өткізуден түскен табыс 40133 мың теңгеге тең болуың, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 46130,0 мың теңгеге немесе 10,3% - ға азайғанын көруге болады (қосымша2).
Сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 4100,0 мың теңгеге немесе 9,7%-ға кеміп отыр. Жалпы пайда 2009 жылы 2058,0 мың теңге болса, оны 2008 жылмен салыстырғанда 513,0 мың теңгеге немесе 1,9% - ға кеміп отыр. Оның себебі соңғы жылы өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табыстың кемуіне, сатып -өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының аө мөлшерде болса да өсуіне байланысты болып отыр. Осыған сәйкес әкімшілік шығыстары да 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 143,0 мың теңгеге немесе 19,8%-ға кеміп отыр. Салық салынғанға дейінгі пайда (зиян) 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 100,0 мың теңгеге немесе 20,6% -ға азайып отыр. Корпоративтік табыс салығы 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 35.0 мың теңгеге немесе 22,4% -ға төмендеп отыр. Салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған пайда (зиян) 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 65,0 мың теңгеге немесе 19,7% -ға кеміп отыр.Қоғамның таза пайдасы салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған пайдадан (зиян) қалыптасып отыр.
«Қарғалы» акционрелік қоғамның шаруашылық қызметіне баға беру үшін 2008-2009 жылдардағы экономикалық көрсеткіштерінің өсіңкілігін талдау қажет. (1.4. кесте)
1.4.кесте «Қарғалы» акционрелік қоғамның 2008-2009 жылдардағы экономикалық көрсеткіштерінің өсіңкілігі.
№ | Көрсеткіштер | 2008 | 2009 | өзгеру(+ немесе -) |
1 | Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табыс, мың.тг | 44746,0 | 40133,0 | -4613.0 |
2 | Сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны, мың. Теңге | 42175,0 | 38075,0 | -4100.0 |
3 | Жалпы пайда, мың теңге | 2571,0 | 2058,0 | -513.0 |
4 | Таза пайда, мың теңге | 330,0 | 265,0 | -65.0 |
5 | Негізгі құралдардың орташа құны, мың теңге | 38860,0 | 61384,0 | 22524 |
6 | Активтердің орташа құны (мүліктердің), мың теңге | 25393,0 | 59549,00 | 34155.0 |
7 | Меншікті капиталдың орташа құны, мың теңге | 51887.0 | 20753.0 | -31133,0 |
8 | Өндіріс рентебельділігі, % | 11.54 | 11.33 | -0.21 |
9 | Меншікті капиталдың рентабельділігі, % | 6,35 | 12,7 | 6,35 |
10 | өнімді (жұмысты, қызметті) сату көлемінің рентабельділігі, % | 5,74 | 5.12 | -0.62 |
Осы 1.4. кестенің мәліметтері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс талдап отырған жылдары 4613.0 мың теңгеге азайып отыр(қосымша2). Сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 4100,0 мың теңгеге азайып отыр. Осы көрсеткіштерге байланысты жалпы пайда талдап отырған жылдары 513,0 мың теңгеге азайып отыр. Негізгі құралдардың орташа құны соңғы жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 22524 мың теңге өсті. Активтердің орташа құны соңғы жылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34155.0 мың теңгеге өседі. Меншікті капиталдың орташа құны соңғы жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 31133 мың тенге кеміді. Өндіріс рентабельділігі салық салынғанға дейінгі пайданың негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептелетін мәні соңғы жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 11.54% дан 11.33 %-ға дейін 0,21%-ға төмендеді.
Меншікті капиталдың рентабельділігі – бір теңге меншікті капиталға шаққанда келетін таза пайданы көрсетеді және таза пайданың меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіштің мәні соңғы жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,35% - дан 12,7%- ға дейін яғни 6,35,0%-ға немесе бір теңге меншікті капиталға шаққандағы таза пайда 6,35 тиынға өсіп отыр. Өнімді (жұмысты, қызметті) сату көлемінің рентабельділігін мінездейтін көрсеткіш – бухгалтерлік пайданың, өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен таза табысқа қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткіштің мәні соңғы жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,74% дан 5.12%-ға дейін, яғни 0,62%-ға төмендеп отыр.
«Қарғалы» акционрелік қоғамның қаржылық жағдайын қорытындылайтын болса қаржылық жағдайы міндеттемелерге өте тәуелді екенін көруге болады. Сонымен қатар 2009 жылы іскерлік белсенділігі 23% - ға өз қаражатымен қаржыланып отыр. Ол меншікті капиталдың орташа жылдағы құнының төмендеуіне байланысты болып отыр.
2-БӨЛІМ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1. Қолма қол-колма колсыз есеп айырысу.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютаменде жүргізіледі және ол ағымдық, жинактық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденток шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы каражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін иалютағасататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға шоттың мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген айларда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ, олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетка да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды етеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмалары пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) жәпе жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) — бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі -резиденттік белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы кһрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- іберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) — филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- Төлем айналымының коды — ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен бейнеленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жікшемесінің) коды — салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- бөлектелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушынын ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардын. атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға каражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық, аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудын бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (занды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауы міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотынын төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрі таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.[3]
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні кабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазу мен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
- чек әр түрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі онын талабына сай келмесе (қорғалу денгейі бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, кұжат кай тілде толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына векселді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларынын бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған косылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамнын атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолыңда вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шартына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол "аваль деп есептелсін" деген сөздермен немесе осындай мағанасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге жетелей отырып авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға карсы вексельден орындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептелінеді.[4]
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма векселді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелділігіне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап ете алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
1) акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
- егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;
- вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы (искы) вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру) факті куәландыратын актімен расталады.
Вексель беруші аударма вексельінің мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем жасушы басқа жерда тұрып, езінің түрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептегеніне немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда, вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде, "шығынсыз айналым" деп хабарланған жағдайда, онда оның қабылалынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдыңғы хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған "шығынсыз айналым", "карсылықсыз" деген немесе басқадай мағыналас сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель беруші енгізген сөзге (ескертуге) қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіруге байланысты шағындар оның өзіне жатқызылады. Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардың барлығының дәл осындай құқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған талап олардың бастапқы алған міндеттемелері бола тұрса да, басқаларына талап қоюға бөгет болмауы керек.
Вексель ұстаушы өзі талап (иск) қойған адамнан мыналарды: аударма вексельдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен қоса, егер олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен бастап талап ете алады.
Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 проценті мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша (банкі бағамына сәйкес) есептеледі.
Аударма вексельге ақы төлеген тұлға оның алдында жауап беретін тұлғалардан мыналарды:
- өзі төлеген барлық сомасын;
- аталған сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін; проценттерді;
- өзі төлеген шығыстарды талап ете алады.
Вексель бойынша ақы төлеген тұлға талап етілетін сомаға қоса 0,05 пайызда үстеме (комиссиондық) төлем жасауын талап ете алады.
Егер де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады. Бұл үшін ол өзінің тікелей индоссантына және сол сияқты вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады. Индоссаттар жаңа даналарын индоссаменттерге қайта шығарып беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағындағы занды және жеке тұлғалар жай және аударма вексельді өзара есеп айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол тиісті шартта көзделген және "Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" Заңға қайшы келмесе болғаны.
Байланыс мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып, шығарылған нормативтік құқықтық актілерімен және байланыс мекемесімен және есеп кеңсесінің арасындағы шартпен белгіленеді.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру "Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем карточкаларының есебі Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары — ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол акшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарынын шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар — бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен занды тұлғалардың арасыңда жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тетігі (инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Visa және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың жағдайы;
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.[5]
Қазакстан Республикасынын аймағында төлем карточкалары тек теңгемен төленеді.
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем құжаттары эквайерге көрсетілген қызметке немесе сатып алынған тауарға ақша төлеу туралы нұсқау береді. Қолма-қол ақша алган кезде төлем құжаттары карточка ұстаушыларға төлемдердің берілгені бойынша банк эквайері қолма-қол ақшаның орнын толтыру туралы нұсқау береді.
Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды. Егер ол қағаз нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал квитанциясынан алынады, ал егер электрондық нысанда жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі.
Төлем талап-тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне ұсынылады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, төлем талап-тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.
Егер де бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне ұсынылады.
Егер де төлем талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаты болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан алушы-банк тек акцептелген немесе акцептті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.
Осы туралы төлем талап-тапсырманың бет жағына белгі соғады.
Төлем талап-тапсырмаларына толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту кезде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.
Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты аудару немесе есептен шығару. Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты есептен шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен, не мына төмендегі орындау құжаттары негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайлар бойынша жүргізіледі: банктің өндіріп алу жөніндегі өкімі; несиелерді пайдаланғаны үшін есептелген проценттері және есепке қате алынған Сомалары; кепілші шотынан қарыз берешегінің өтелмеген сомалары; соттар берген орындау қағаздары; соттың шаруашылық істері жөніндегі алқаларының бұйрықтары; нотариус жүргізген орындау жазбалары; салық органдарының салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша қосымша салықтары, сондай-ақ заңда көзделген айыппұлдары, өсімдері және өзге де өндіріп алынатын санкциялары туралы өкімдері; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыс берушілерден өндіріліп алынатын айыппұлдардың және өзге де санкциялардың сомасы; кәсіпорынның кінәсінен жұмыспен байланысты жарақаттану немесе денсаулығының өзге де зақымдануының салдарынан жұмысшы мен қызметші, сондай-ақ жұмыспен байланысты және субъект әкімшілігінің кінәсінен жарақаттануы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан жұмысшы немесе кызметші қайтыс болған жағдайда шеккен залалды өтеу сомасын өндіруге берілген сот шешімі; сақтандыру компаниясының сақтандыру куәлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік органдарының өкімі.
Салық төлеушілердің берген төлем кепілхаттары мен салық органдарының кассалық өкімдері негізінде бюджетке төленетін төлемдерді төлем сенімхаттарының берген күнінен бастап, банктер кезек күттірмей-ақ жүзеге асырады. Банктің аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге құқығы жоқ.
2.2. Кассалық операциялардың есебі.
Ақша қаражаттарын сақтау, кабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылықжүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1000 "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің актирті жинақтаушы шоттарында: 1010- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және 1011 - "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны кабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол койған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені — жазумен, тиынды — сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне ңемесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдем ақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізілін болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оган тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төлеңді" деп белгі соғалы
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын паратың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын щығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдін есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан Қазакстам Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тірекуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, занды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қойды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енізеді.[6]
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс, ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұралы. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын – ала парақтың жартпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын – ала парақтың жырпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар ақталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса да, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы ммүкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді, өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қолы қойылуы тиіс.
Кассир есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасалады, сонан соң деректері 1010 – «Ұлтытқ валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» шотының дебеті мен кредиті бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебінен және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
«Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» есебі. Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізілген кезде ұйымдар 1010 – «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» қосымша шоттын ашады. Валюта кассасындағы есеп ұйым кассасындағы операцияларға ұқсас келеді, тек оның айырмашылығы мынандай: кіріс және шығыс ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен жән теңгеге айналдырған түрінде көрсетіледі.
Валюта түскен кезде 1010 – шот дебеттеледі де, төменгі шоттар кредиттеледі:
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары» шоты – валюта шотынан түскен кезде,
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шот – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
6250 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» шоты – тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;
1250 «Қызметкерлер мен адамдардың қарызы» шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
7430 «Бағам айырмашылықтары бойынша шығыстар» шоты – тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына;
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оынң қорлану көздерінің (сіндеттемелердің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
- нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
- есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.
Жалпы кәсіпорындардағы мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар ақшалар мен басқа да қаржы автивтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге – банк несиелер, заемдар және тағы басқа кредиторлық борыштар жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеуді міндетті жүргізу қажет болған жағдайды басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына жағдайларда кәсіпорынынң мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:
- ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, сондай – ақ мемлекеттік немесе муниципалды (унитарлы) кәсіпорындарын қайта құрғанда;
- жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасауы алдында (есепті жылыдң қазан айының 1 жұлдызынан кейін жүргіліген түгендеуден басқасы);
- тауарлы – материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау - өткізу жүргізілген күні);
- мүліті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері аныталғанда;
- Кенеттен болған апатқа, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа да төтенше жағдайлар болғанда;
- Ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кез де бөлу (тарату) балансын құру алдында жүргізіледі;
- Нормативтік актілермен қарастырылған өзге де жағдайларда.
Белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы түгендеу болып бөлінді.[7]
Жоспарлы түгендеуді (оларды сонымен бірге кезеңдік деп те атайды). Жоспарлы (кестеге) сәйкес алдын – ала белгіленген мерзімде жүргізіледі.
Жоспардан тыс түгендеу тауарлы – материалдық қорларға, ақшаға жауапты тұлғалардың қызметінен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғарғы тұрған органның, тергеу жүргізілетін немесе басқа да бақылау жүргізетін органдардың өкімі бойынша ерекше қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлінеді.
Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты қолда бар мүлік пен бухгалтерлік есеп мәліметтер арасындағы айырмашылықтар келесідей тәртіпте реттеледі:
Шығын мөлшері нақты жетіспеушілік анықталғанда және сол жетіспеушілік шегінде ғана қолданылады. Мөлшер болмаған кезде мүліктің жетіспеуі мөлшерден тыс деп саналып, кінәлі тұлғалардың есебінен есептеп шығарылады Егер ақша қаражаттарының жетіспеушілігі анықталса сонда жауапты тұлға төлеу керек (2.1.кесте).
Дт 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштар»
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражатары»,
Ал кассадағы ақша қаражаттарының артықшылығы анықталса сонда кәсіпорынның табысына жіберіледі.
Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаттар»,
Кт 6280 «Басқа да табыстар»
2.1.кесте 1010 касса операциялары бойынша бухгалтерлік жазулар
Шаруашылық операциялардың мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонциясы | |
дебет | кредит | ||
Есеп беруге тұлғаға нақты ақша берілді | 150000 | 1250 | 1010 |
Еңбек ақы төленді | 70000 | 3350 | 1010 |
Касса ақша қаражаттарының жетісспеушілігі анықталды | 30000 | 7410 | 1010 |
Болашақ кезеңге жататын жол төлемі төленді | 15000 | 1620 | 1010 |
Дебитордан нақты ақша келіп түсті | 200000 | 1010 | 1210 |
Есеп беру тиісті тұлғалардың қайтарған ақшасы | 5000 | 1010 | 1250 |
Касса артық ақша анықталды | 20000 | 1010 | 6220 |
*Зерттеу жүргізілген касіпорынның бухгалтерлік есеп регистрлері маліметтерінің негізінде жасалды
Артық шыққан мүлік (негізгі құралдар, тауарлық –материалдық қорлар, ақшалар және басқалары) түгендеу жүргізілген күнгі нарықтық құн бойынша табыс есебінде кіріске алынады. Түгендеу барысында артық шыққан мүліктің пайда болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.
Кінәлі тұлғалар анықталмаған немесе кінәлі тұлғалардан шығындарды талап ету сот тарапынан шешілмеген жағдайларда мүліктің жетіспеуінен немесе бүлінуінен болған шағын бюджеттік ұйымдардан басқа кәсіпорындарда ұйымның ағымдағы шығынына жатқызылады, ал бюджеттік ұйымдарда қаржыландырудың (қордың) азаюы ретінде шығарылады
Кассаны түгендеу кезінде ақша қара жаттарын нақты барлығын және басқа да құндылықтарды тексереді. Сонымен қатар тексеруге есептелік бланкілер де жатады. Ақшаны нақты барын есептеуіне және кассадан басқа құндылықтарды, бағалы қағаздар есепке қабылданды.
Валюталық операция бойыеша бухгалтерлік жазулар (2.2.кесте.)
2.2.кесте Валюталық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы
№ № | Операциялар мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар коорреспонденциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | Шетелдік үлес қосушылардың жарғылық қорға қосқан сомасы валюталық шотқа кіріс етілді. | 1000000 | 1030 | 5110 |
Сатылған өніммен көрсетілген қызмет үшін шет елдік сатып алушылардың валюталық шотқа келіп түскен сома. | 500000 | 1030 | 1210 | |
3 | Шетелдік ақша өз еліміздің ақшасына (теңгеге) айырбасталып, есеп айырысу шотына кіріс етілді. | 700000 | 1030 | 1030 |
4 | Шетелдік сатып алушылардан алдын – ала алынған сомасы. | 2000000 | 1030 | 3510 |
5 | Ұйымның валюталық шотынан кассасына алынған сомасы | 100000 | 1010 | 1030 |
6 | Өз еліміздегі валюталық шотқа шетелдік валюталық шоттан келіп кірістірілген сома. | 267000 | 1030 | 1030 |
7 | Банк көшірмесінде қате есептелінген сомаларға: - валюталық шотқа қате кіріс етілген ақшалар; - қате шығыс етілген сомаллар | 48000 19000 | 1030 1280 | 3540 1030 |
8 | Шетелдік жабдықтаушылар алдында валюта бойынша берешек қарыздың жабылуы. | 167000 | 3310 | 1030 |
*Зерттеу жүргізілген касіпорынның бухгалтерлік есеп регистірлері мәліметтері негізінде жасалды
Жоғалуы, ұрлану салдарынын кем шыққан құндылықтарды немесе кему мөлшері табиғи мөлшерден артық шығындарды есептен шығаруды рәсімдеу үшін ұсынылатын құжаттардың ішінде тергеу немесе сот органдарының ешкімнің кінәлі еместігін немесе кінәлі тұлғалардан шығынның орнын толтыруды талап етуді бас тартқандығы жөніндегі шешімі, сондай –ақ техникалық бақылау немесе сәйкес мамандырылған ұйымдардан (сапа жөніндегі инспекция және басқалар) алынған құндылықтардың бұзылу фактсі жөніндегі қорытынды болуы тиіс.
Түгендеу нәтижелеріне арналған алғашқы құжатта келесі нысан қолданылады: «Ақша қаражаттарының түгендеу» (ф.№ Инв – 15),
Касса операцияларды басқару ретімен кассада ақша қаражаттарының сәйкестігі шығарылады.[8]
2.3.Ағымдағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез - келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынандай құжаттарды табыс етуі қажет:
- банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай –ақ кәсіорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі
- карточка және басқа құжаттар;
Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оны өзіне немесе бірінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және т.б. қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шартты мәліметтен тұрады. Реквизиттері, келісім мәні немесе келісім – шарттың жасалған нәрсесі, салық органдары берген салық төлеуші – шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғалар мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі берген ұйымның Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарналар төлеуші ретінде тіркегендігі жөнінде фактісін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының заң тәртібімен бекітіліп куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кез банктер салымдары салушылардан қабылдауға келісім – шартта көрсетілген тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылас аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай – ақ қатесін жөндеуге құқылы.
Бұл жағдай келісім – шартта қарастырылған жөн. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, шот иесінің ақша – қаражаттарының жұмсалуынбауына немесе алуға тиым салуға құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдердің негізінде жүзеге асады. Банктердегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдарының жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асады.
Жаңадан ашылған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттары ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім- шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемелекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаларға ағымдағы шоттарын ашады.
Есеп айырысу және т.б шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады: қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама.
Хабарлама сиямен бір дана етіліп жасалады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операцияларының есебі 1040 «Ұлттық валюта ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша» шотында жүргізіледі. Ұйым шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге ұйымға жіберіледі, екіншісі – бет есебі болып қалады. Көшірме мөр таңбамен расталады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің және оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылу және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс.
Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040 шоттың кредитінен 1250 шотының дебетін есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030 шоттың дебеті және 3390 шотының кредитінде табады.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлғалар – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғалар шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты банк шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банктегі есеп шот жабылғаннан кейін ұйым осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банктегі есепшот жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.
Есеп шоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергене кезде шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкке қайтаруы керек.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы нормативті актілерде қарастырылғанна басқасы, тек теңге түрінде жүргізілу тиіс. Қазақстан республикасындағы резиденттер және резиденттер емес арасындағы операциялар Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы 54-1 «валюталық реттеу туралы» және 20 сәуір 2001 жылғы 115 Ұлттық банктің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банк саналады.
Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін қарастырылатын валюталық операцияларының түрлері бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі. 120 күннен астам мерзімге несиелер алу, 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық –импорттық мәмлелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік және қозғалмайтын мүлікке қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.[9]
Заңды тұлғалар – резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма – қол тәртіппен жүзеге асады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс: экспорттық валюталық түсім, жарғылық капиталға төленетін жарналар, резидент еместерге қаржылық жәрдем беру, өкілетті банктерден шетелдік банктерден және т.б. шетелдік заңды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай –ақ жеке тұлғалар – резидент еместер берген қарыздар, өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада теңгеге сатып алынған валюта.
Заңды тұлғалар резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай – ақ қолма –қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банктің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспа сөзде жарияланады.
Өкілетті банктері мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып – сату арқылы екі жақты мәмлелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықталған бағамдық деңгейін алуға құқылы.
Банк мөрімен және кассирдің орындаушы және бақылаушы қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Валюталық шоттары бойынша операцияларының есебі 1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша ақша қаражаттары» аталған және басқа да құжаттарының негізінде банк валюталық шоттың бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі ұйымға жіберіледі.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтініш өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай – ақ ұйымның атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржылық қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Ұйымдар банкілерінің арнаулы шоттарында жасалатын операциялардың есебі 1040 «карт – шоттарындағы ақша қаражаттары» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1070 «Басқа да ақша қаражаттары» шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өз келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банктің сөзсіз орындауға тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк жабдықтаушыларға төлем жасай алады және осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банктердің жұмыс атқаруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады: жабылатын, қайтарылып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккрдитивті ашқан кезде банк эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесін әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк – эмитент бенефициармен алдын – ала келіспей –ақ жоюы немесе өзгертуі ммүкін.
Қайтпайтын аккредитивте банк – эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұндай тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қараса.
Дәлелденген аккредитив – бұл банк эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асырылатын аккредитив.
Трансфеберлік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа бірнеше тұлғаның немесе ішінара пайдаланылатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитвтің қандай түрге жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарылып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда аккредитивтер қайтарылып алынбайтын болып саналады.
Аккредивтив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарлы тиеген соң, тауардың тиелгені жөнінде және т.б. аккредитивтердің шарттарында көрсетілген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабылу арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттардың орындалғанын айғақталуы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.
Жабдықтаушы арқылы банкке реестрдің үш данасын ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот –тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы – көлік хаттама мен банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк – эмитентке беріледі.
Аккредитиві қолма –қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.
Егер аккредитив немес ұзақ мерзімге берілген несилердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Банктердің қарыздары» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылатын болса 1030 шот аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде 1030, 3010 кредиттеледі де, 1060 шот дебеттеледі.
1070 «Чек кітапшаларындағы ақша» шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға толытырылған клиенттің өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсыпмасы.
Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 1060 дебеттеліп, 1030 шоттары кредиттеледі.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер ұстаушылар арқылы банкке чек реестірімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға және т.б. тұлғаларға беру кезінде 1280 «Басқа да дебиторлық қарыздар» шотына дебеттеліп, 3390 «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотында кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 3390 шоты дебеттеліп, 1060 шоты кредиттеледі (2.3.кесте).
2.3.кесте Есеп айырысу шотындағынақты ақшаның қозғалысы бойынша орындалатын бухгалтерлік жазулар
№ | Операциялар мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | Есеп айырысу шотынан материал сатып алынды | 1000000 | 1310 | 1030 |
2 | Сатылған өнім үшін есеп айырысу шотына ақша кіріске алынды | 654000 | 1030 | 1210 |
3 | Жабдыктаушылар мен медігерлерден есеп айырысу шотына ақша келіп түсті | 145000 | 1030 | 3310 |
4 | Есеп айырысу шотынан әкімшілік бөлімше қызметкерлеріне еңбек ақы төленді | 500000 | 7210 | 1030 |
5 | Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома | 2000000 | 1030 | 1010 |
6 | Есеп айырысу шотынан сатып өткізу бөлімшесінің қызметкерлеріне еңбек ақы төленді | 400000 | 7110 | 1030 |
7 | Есеп айырысу шотынан өндірістік өлімше қызметкерлеріне еңбек ақы төленді | 550000 | 8410 | 1030 | |||
8 | Әлеуметтік салық ееп айырысу шотынан бюджетке аударылды | 364800 | 3150 | 1030 | |||
9 | Зейнет ақы аударымы есеп айырысу шотынан төленді | 300000 | 3220 | 1030 | |||
10 | Әлеуметтік сақтандыру есеп айырысу шотынан төленді | 200000 | 3210 | 1030 | |||
*Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның бухгалтерлік есеп регистірлері маліметтерінің негізінде жасалды
Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем тадабы – тапсырмасы, инкассалық өкім, салық жіне кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың (кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің) қолдары болуы керек.
Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы жі\әне айдың соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен, яғни кірістірілген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы көрсетіледі.Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясындағы банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмесімен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйым есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі 2—ші (екінші) журнал –ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі[10]
2.4.Ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілікті құру қаржылық есептіліктің №7 “Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік” атты халықаралық стандартымен реттелуге тиісті.
Аталмыш стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептіліктің негізгі мақсаты:
- Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
- Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.
- Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілікте кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде жеке-жеке ақпараттар беріледі.
- Демек, Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік ақша қаражаттарының қозғалысын кәсіпорынның шаруашылық қыз-метінің түрлері бойынша шектеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл, әрине, жасалынған төлемдер мен операциялық қызметтен алынған, меншік иесі немесе қаржы мекемесі инвестициялаған ақша қаражаттарының бағытына талдау жасау үшін маңызды болып табылады.
Операциялық қызмет дегеніміз – кәсіпорынның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге оның қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.
Операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының легі (қозғалысы) кәсіпорынның түсім әкелетін негізгі қызметінен туындайды және де есепті кезеңдегі таза табысты немесе зиянды құраушы операциялардың нәтижесі болып табылады.
Нарықтық экономикада ақша қаражаттары барлық шаруашылық операциялары бойынша есеп айырысудың негізін құрайды.
Ақша қаражаттары құрал ретінде тез және жеңіл түрде басқада материалды құндылықтарға айналады. Сондыяқтан, ақша қаражаттары есебін жан –жақты толық жүргізу арқылы, бұлардың өрісінде орын алған операциялардың дер кезділігі мен сенімділігінің сақталуын және мақсатты жұмсалуын күнделікті тексеруге болады.
Ұйымдар құзыры мен меншігіндегі ақша қаражаттарының есебін жүргізу үшін қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінде бекітілген счеттардың «Типтік» жоспарында 10счеттың тізімі, ал счеттардың «Жұмыс жоспарында» 7 счеттың тізімдері мен атаулары қаралған.
Қабылданған, тәжирбиеге енген байырғы ережелер мен нұсқауларға сәйкес барлық ұйымдар, меншік түріне қарамастан өз меншігіндегі ақша қаражаттарын банктерге сақтайды. Банктерде сақтауда тұрған ақша қаражаттарының қандай да бір қозғалысы (кіріс, шығыс), сондай –ақ ақша қаражаттарына байланысты барлық ішкі сыртқы операциялар арнайы белгіленген құжаттармен рәсімделеді. Ақша қаражаттарына байланысты барлық құжаттарға ұйым басшысы мен бас бухгалтері өз қолдарын қойып бекітеді. Кассаға ақшалар әр түрлі шоттар бойынша түседі және кіріс касса ордерімен, ал ақшаның шығуы шығыс касса ордерімен толтырылады.
Басшы мен бухгалтердің қолынсыз ақша және есеп айырысу, қаржы және несие жөніндегі міндеттемелер ешқашан да расталмайды және орындалмайды.
Ақша қаражаттарының есебі қысқа мерзімді активтер құрамында есептелінеді. Ұйым меншігіндегі ақша қаражаттары аз мөлшерде ғана табыс әкелуі немесе ешқандай табыс әкелмеуі мүмкін. Сондықтан ұйымның ақша қаражаты аз көлемде болса, онда ұйымның есеп айырысуы дәрежесі төмендеп, қиындықтар туғызады, ал ақша қаражаты көп мөлшерде болса, онда ұйым басшылары мұндай мүмкіндіктіжақсы пайдаланып, есеп айырысуы процесінен артық сомадағы ақшаларды депозиттік сертификаттарға немесе нарықтық құнды қағаздарға салып, табыс келтіруді мақсат тұтқаны жөн[11].
Егер ұйым өз меншігіндегі уақытша орын алған артық ақша қаражаттарын банктерге ссудалап (салып), бұдан белгілі бір мөлшерде пайыздық табыс алатын болса, онда мұндай куәландыруды депозиттік сертификат деп атайды.
Осы заманғы ақша жүйесі үш түрлі ақша белгілерімен: металл ақшалар, қазыналық және банктік билеттер, есеп айырысудағы ақшалар болып ажыратылған.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында ақша қаражаттары қозғалысының есебі, ақша операцияларның жекелеген түрлері бойынша ( касса, жолдағы, банктегі арнайы счеттардағы ақша қаражаттар бойынша) қаралмаған.
Ұйымның есепті жылдағы ақша қаражаттары өрісіндегі өзгерістер жөніндегі ақпараттардың барлығы «Ақша қаражаттары қозғалысының қорытынды есебі» жөніндегі ХҚЕ 7 стандартында «Ақша қаражаттары қозғалысының есептілігі» қаралған.
Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің ережелерімен шектелген.
Қолма –қол нақты ақшамен есеп айырысу және ақшаға тән құжаттарды сақтау үшін әрбір ұйымның кассасы болуы керек. Ақша және ақша қаражаттары сақталатын бөлме қауіпсіздік тұрғысынан арнайы жабдықталып, ақшанаң сақталуына қауіпсіз жағдай жасалуы керек. Ақшаның дұрыс сақталуына ұйым басшысы тікелей жауапты.
Касса –деп қолма –қол нақты ақаша айналысы бойынша барлық операцияларды орындаушы және рәсімдеуші ұйымның жеке бөлімшесін (құрылымын) айтады.
Кассалық операцияларды екі жақты келім –шарт жасау арқылы жұмысқа алынған кезде өз міндетін жауапты түрде атқарамын және кассалық операциялармен таныспын деп қолхат беруші кассир жүргізеді. Кассир кассаға қабылданған барлық құнадалықтардың сақталуына материалды тұрғыда жауап береді.
Кассирдің уақытша атқаратын жұмысы басқа адамға жүктелген жағдайда, ұйым басшысы кассирдің ауыстырылуына байланысты бұйрық шығаруы керек. Мұндай жағдайда да, кассирмен келісім –шарт жасалып, уақытша тағайындалған кассир қолхат беруге міндетті.
Кассаға кіреске алынған қолма –қол ақша арнайы мақсаттарға (еңбек ақы төлеуге, операциялық және шаруашылық мұқтажына, іс –сапр шығына) жұмсалады.
Тұрақты және сенімді түрде ақша түсіруі жөніндегі толық мүмкіндігі бар ұйымдар, осы ұйымға қызмет көрсетуші банктермен келісе отырып, түскен ақшаны еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік жеңілдіктерді төлеуге, әлеуметтік жеңілдіктерді төлеуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға, іс –сапарға, кеңсе тауарларын, шаруашылық саймандарын сатып алуға, тез жөндеуді қажет ететін жұмыстарға, жанар –жағар майларға сатып алуға жұмсауына болады.
Егер ұйымдар қолма –қол ақшаға өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер т.б. төлем картасын қолдану арқылы сататын болса, онда мұндай ұйымдар кассалық тексеру техникасын (кассалық апарат) қолдануы керек. Кассалық аппаратқа тіркеліп, күнделікті түскен қолма –қол ақшаның есебі арнайы кассалық кітапта жүргізіледі.
Қолма –қол ақшамен касса операцияларын жүргізу тәртібі және кассалық тексеру құралын қолдану тәртібі бұрмаланған жағдайда, салық органдары тәртіп бұзушы ұйымдарға қаржылық жағынан жауапкершілікке шақырып, айып –пұл салу мүмкіндігі барекенін есте сақтаған жөн.
Ұйым кассасына қолма –қол ақша банктегі есеп айырысуы счетынан, валюталық счетына түседі. Сондай –ақ, материалды құндылықтарды сатудан, қызметтер және жұмыстар көрсетуден, жұмсалынбай қалған авансты қайтарудан т.с.с. түсетін ақшалар болады. Ұйымның кассирі арнайы үлгідегі рәсімделген чек бойынша банктегі есеп айырысуы және валюталық счеттардан ақша алады. Чектің беткі жағынан алынатын ақшаның мақсаты (еңбек ақы төлеуге, шаруашылық шығындарына т.с.с.) жазылады. Чектің жыртылып алынған бөлігі банкте, ал мұның түбіртегі ұйымда қалатын чек кітапшасында қалдырылып отырады.
Өнімдер студан (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) түскен қолма –қол ақша және қолма –қол ақшамен есеп айырысу операцияларын орындау барысында осы ұйым сатып алушыларға (клиенттерге) кассалық тексеру аппаратына жазылған төлем карталарын өзінде қалдырып, кассалық чектер беруге міндетті. Қалған жағдайлардың барлығында да кассаға қабылданған қолма –қол ақша кассалық кіріс ордерлері бойынша рәсімделеді. Касса арқылы берілетін қолма –қол ақшалар кассалық шығыс ордерлері, басқа да рәсімделген құжаттар (төлеу ведомостысы, ақша алу арызы, кассалық чектер ж.б.) арқылы жүргізіледі. Қолма –қол ақшаны банктерге өткізу –қолма –қол ақшаны банкке өткізу жөніндегі хабарламасы арқылы орындалады.
Сатып алушыға, басқа клиенттерге банктен ақша алу үшін берілетін чектерде ұйым жөніндегі мәліметтер, кассалық тексеру аппараты, ақшаның алынған күні және сатып алу күні жазылуы керек.
Қалған жағдайлардың барлығында жеке тұлғалардан кассаға қабылданған ақша үшін бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған ақша үшін бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған квуитанциялар беріледі. Кассадан жекеленген тұлғаларға берілген ақшалар кассалық шығыс ордері арқылы беріліп, бұл ордерге жеке адамды куәландыратын жеке куәлігінің мәліметтері жазылады. Кассалық кіріс ордеріне «алынды», шығыс ордерге «төленді» делінген штамптар басылып, операцияның орындалған күні жазылады.
Кассалық операциялар жүргізу тәртібі төмендегіше:
- кіріске алынған және шығысқа шығарылған ақша қаражаттарын бастапқы құжаттармен рәсімдеу;
- бастапқы құжаттарды тіркеу регистрлары жорналына жазып отыру;
- кассалық операциялардың барлығын да екі дана етіп, кассалық кітапқа жазып, кассалық кітап бойынша күнделікті қалаған ақша қалдығын шығарып отыру арқылы орындалады.
Ордерлер тіркеме журналына тіркеледі, ал оларға номер жазылады және күннің соңына сальдо енгізіледі. Кассалық есепті құру міндетті болып табылады. Әр айдың соңында касса бойынша айлық есеп құрылады.
Егер келесі күнге қалған кассадағы, қолма –қол ақшаның сомасы шек қойылған (лимит) сомадан көп сомада қалатын болса, онда ұйым мұндай ақшаны қызмет көрсетуші банкке өткізуге міндетті. Кассадағы қалған соманы банкке көшіру осы ұйымның қызметкерлері немесе банктің уәкілі (инкасатор) арқылы орындалады.
Бірінші жағдайда ұйым кассасындағы ақшаны банкке тапсыру үшін ақша тасымалдаушы адамға қауіпсіз жағдай жасаланып, ақшаның сақталуы мен тасмалдауының шаралары белгіленуі керек.
Екінші жағдайда осы ұйым банкпен тиісті келісім –шартқа отыруы керек. Тасмалдануға тиісті ақша белгіленген мерзімде банк уәкіліне (инкассаторға) өткізіледі. Банк уәкілі келгенге дейін ұйымның кассирі өткізілетін ақшаны санап, әрбір ақша купюрларын 100 данаға келтіріп, қораптарға салып, буып –түйіп, даярлайды. Өткізілген ақша жеткізіп салу ведомостысымен рәсімделеді де, мұның бірінші данасы ақша салынған қаржыға салынады, екінші данасы ақша тасушы уәкілдің қолына беріледі.
Ақшаны тасмалдауға арналған жеткізіп салу ведомостысының екінші данасы банк кассасында мұқият тексеріліп, нақты ақша сомасы мен рәсімделген құжаттығы сома дәлме –дәл сәйкестіргенде ғана бұл құжат бухгалтерлік есеп жазуына негіз бола алады.
Егер сақтайтын жағдай: касса операцияларын жүргізуші құжаттарға жазылған цифралар өшіріліп, қайта түзелтіп жазылмайды. Егер касса операцияларын рәсімдеуде қате жіберілсе, онда қате жазылған соманың үсті бар ғана сызықпен сызылып (қате жазылған сома көрініп тұруы керек), мұның үстіне дұрыс нәтижедегі сома жазылады. Түзетілген сома «түзетілгенге сену» деген жазумен бекітіліп, жауапты адамның, (кассирдің, бас бухгалтердің) қолы қойылады. Берілген және қабылданған ақшалар бойынша дәл осы күнде ғана ресми құжаттар бекітіледі.[12]
Қазіргі кездерде касса арқылы қолма –қол ақшасыз есеп айырысу жұмыстары көптеп тарап келеді. Касса арқылы қолма –қол ақшасыз есеп айырысу чектер, чек кітапшалары, несиелік карточкалар арқылы рәсімделді. Қолында есеп айырысуға арналған жеткілікті сомадағы чегі бар адам тауар алу үшін өз чегін тауар беруші жақтың кассирине ұсынып көрсеткеннен соң, тексеруші кассир чектегі соманы мұқият тексеріп, чек беруші жақтың чегін «Тауарлар төлеуге чек қабылданды» деген жазу жазып, чектегі соманы кассалық апараттан өткізеді. Бұдан соң тауар сатып алушы тұлға барлық реквизиттері толтырылған чекті өзінің жеке куәлігімен бірге ұйымның кассирине тексеруге береді. Тексерілген әрбір дана чек, кітапшасынан алынып мұның сыртқы бетіне қол қойылып, чекті қабылданған күн жазылады да, осы ұйымға қызмет көрсетуші банкке тапсырылады.
Тауарларды несиелік карточкадағы сомамен сатып алу үшін чек иесі өзінің кодталған цифраларын теріп, банкпен байланысы бар касса терминалының ұясына салады. Байланыс желісі арқылы клиенттің төлем өттеушілік қабілеті расталып, ұйымның банктегі есеп айырысу счетындағы ақшадан терминалда терілген соманы есептен шығаруға бұйырық беріледі.
Кассадағы ақшалар есебі «Теңге түріндегі кассадағы ақша қаражаттары» счеттарында (активті) жүргізіледі.
Төменде кассалық операциялар бойынша мүмкін болатын счеттардың кореспонденциясы беріледі.
Банктердегі есеп айырысу счеттарынан алынған қолма –қол ақшаны кіріске алу.
ДТ «Кассадағы нақты ақшалар –ұлттық және шетелдік валютадағы ақшалар»
Кт «Аккркдитивтегі, чектердегі, карт –счеттардағы, банктегі басқадай счеттардағы ақшалар»
Кт «шетелдегі және ұлттық валютадағы ағымдағы, кореспондеттік счеттеғы ақшалар» счеттары бойынша корреспонденцияланады.
Сонымен қатар «Кассадағы нақты ақшалар –ұлттық және шетелдік валютадағы ақшалар» счетының дебетіне:
- берешектер қарызын жабудан түскен ақшалар;
- жұмсалынбай қалған ақшаларды кассаға қайтару;
- Қолма қол ақшаға сатылған дайын өнімдер (тауарлар, жұмыстаор, қызметтер) үшін түскен ақшалар;
- Түгендеу кезінде кассадан артық шыққан ақшалар;
- Акциялар құнын төлеу есебіне жатқызу үшін алынған ақшалар т.б.
Ақша операцияларына байланысты кассаға кіріске алынған ақшалар тиісті счеттардың кредитінен жазылады.
«Кассадағы нақты ақшалар –ұлттық және шетелдік валютадағы ақшалар» счетының кредитінен:
- еңбек ақы төлеуге, басқада төлемдер өтуге;
- жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне ;
- аванстар бруге;
- банктегі есеп айырысу, басқадай счеттарға тапсырылған ақша операцияларына, басқадай қолма –қол ақша жұмсау операцияларына байланысты (дивиднттер төлеу, зайымдар, қоюшылар т.б.) жұмсалған ақшалар тиісті счеттардың дебетіне жазылады.
Ұйым басшысының бекіткен мерзіміне сай кассирлік қвзмет атқарушылар ауысқан кезде, кассадағы барлық ақшалар, басқа да құнды қағаздар мен құндылықтар арнайы комиссияның қатысуымен толығымен саналап тексеріледі. Комиссияның төрағасы мен мүшелері ұйым басшысының бұйрығымен бектітіледі. Тексерудің нәтижесі бойынша акт жазылады. Тексеру немесе түгендеу нәтижесінде кем шыққан ақшаның сомасы ұйымның табысына жазылады.
Ақша қаражаттарының есебі. Ақшаға тән құжаттар ұйымның кассасында сақталады. Бұларға: акциялар, нарықтық құнды қағаздар, қазыналық вексельдер, зайымдар, құны төленген ұшақ билеттері, сатылып алынған жолдамалар (демалыс үйіне, сауықтыру орындарын), лотерея билеттері жатады. Ақша құжаттарының бухгалтерлік есебі кассалық есептегі ақшалар есебімен бірдей жүргізіледі.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттың артықшылығы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.[13]
3-БӨЛІМ «ҚАРҒАЛЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚША ҚАРЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ
3.1. Ақша қаражаттарының аудитінің мақсаты мен міндеттері.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес каржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылык есеп беруді, төлем-есептеу кұжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, үйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы - шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті кұрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша каржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына , тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек,
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім - шарттық (келісімді) катынастарға түседі.
Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Жеке және ұжымдық меншік иелері - акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар оз қызметтерінің арасында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандык және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- салық қызметі түлғасындағы мемлекеттің;
- каржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және корытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам).
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорында басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрьңғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жакқа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыкка арналған және оның кызметінін тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ьнталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну кызметкерлерді есепті мұкият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылык кызметі туралы есептемені қүруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызіметті орындайды:
- Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
- Қаржыльқ есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлык қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің каржы шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалык қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, заңдык және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен кызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бүл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дүрыс тандау қажет.
Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері қарастырылды. Сондықтан бұл тарауда ішкі аудитты ұйымдастыру мәселелерін қысқаша баяндайық. Себебі бұл сұрақ "Аудиттың басқа түрлері" тарауында толығырақ қарастырылады. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.[14]
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі. аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:
- активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезІнде басшылық пайдаланатын ақпараттың дүрыстығын дэлелдеу;
- жүйеішілік бакылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
- ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;
- басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау. Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жанжақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады. Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит - тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің, шешімімен жүргізіледі.
Аудиторлық тексерудің мақсаты - кәсіпорынның каражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау ғана емес дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық тексерудің басты міндеті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын, көрсеткіштердің дұрыс, дәлме -дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудын дұрыстығын анықтау болып табылады.Ақша қаражаттарының аудиті бойынша негізгі нормативтік құқықтық құжаттар (3.1 кестеде) көрсетілген.
3.1.кесте Кәсіпорындағы ақша қаражаттары аудиті бойынша негізгі нормативтік-құкықтық құжаттар
№ | Құжаттың аты |
1 | Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі |
2 | ҚР «Салық және бюджетке төлететін басқада міндетті төлемдер туралы» кодексі |
3 | ҚР «Ақша төлемі және аударымдары туралы» заңы |
4 | ҚР «Валютталық реттеу туралы» заңы |
5 | ҚР «Вексельдік айналым туралы» заңы |
6 | ҚР«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы |
7 | ҚР « Еңбек туралы» заңы |
8 | Фискалдық есте сақтау қабілеті бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану ережесі: ҚР Үкіметінің қаулысы 18.04.2002 ж |
9 | «Салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілімге жататын, Қазақстан Республикасынан басқа жерде іс-сапарда болған уақыты үшін төленетін тәуліктік шығыстармен өкілеттік шығыстардың нормаларын бекету туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы |
10 | «Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Қаржы Министрлігі салық комитетінің бұйрығы |
11 | ХҚЕС 1 «Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру» |
12 | ХҚЕС 7 «Ақша қозғалысы жөніндегі есеп» стандарты |
13 | «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» стандарттарына әдістемелік ұсыныстар |
14 | Қаржылық қорытынды есепті құру бойынша әдістемеләк ұсыныстар |
15 | Казақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторын - төлемдерді белгілеудің бірегей классификаторын қолдану Ережесі |
*Аудит оқулығының негізінде[ 8 ]
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді .
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы - шаруашылық қызметке экономикалық талдау жургізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.Кәсіпорынның ақша қаражаттарын тексеру барысында аудиторға кажет болатын ақпарат көздері (3.2. кесте).
3.2.кесте Кәсіпорыңдағы ақша каражаттары аудитінің негізгі ақпарат көздері
№ | Нысандардың аты (атауы) | |
1 | Қаржылык есеп беру | |
2 | Есеп саясаты | |
3 | Бас кітап, бухгалтерлік есеп регистрлері | |
4 | Есеп айырысу-кассалық кызмет көрсетуге банктермен жасалынған келісім-шарттар | |
5 | Банк үзінділері, төлем тапсырмасы, чек, вексель, талап-төлем тапсырмасы, аккредитив, инкассалық өкім | |
6 | Касса операцияларын жүргізу ережелері | |
7 | Толык материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт | |
8 | Бақылау және ақша есептегіштердің көрсетулерін (кассалық машиналарды жөндеуге жіберу кезінде) шығарып алу туралы Акт | |
9 | Пайдаланылмаған касса чектері бойьшша сатып алушыларға актісін сомаларын кайтару туралы Акт | |
10 10 | Инв-9 | "Акшаны түгелдеу Актісі" |
11 | КО-1 | "Кассалық кіріс ордері" |
12 | КО-2 | "Кассалық шығыс ордері" |
13 | КО-3 | "Кассалық кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналы" |
14 | КО-4 | "Касса кітабы" |
15 | КО-5 | "Кассирдің кабылдаған және берген ақшаларын есепке алу кітабы" |
16 | Аванстык есеп, іс-сапарға шыққан жұмыскерлерді есепке алу журналы |
*Аудит оқулығының негізінде[ 8 ]
Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа нормативтік құжаттармен реттелген. Сонымен бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғандықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жоғарырақ болады (ішкі тәуекелдік). Демек, бухгалтерлік есептің 1010 «Кассадағы ақша каражаттары», 1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары», шоттары объектіге қатысты тексеру жүргізілетін категорияга жатады.
Объектіге қатысты тексеру жүргізуді орындау алдында тәуекелдікті бағалау үшін аудиторға тексеру процедураларының қолайлы көлемін анықгауға мүмкіндік беретін клиент туралы ақпараттарды жинау немесе жаңалау керек.
Бірінші кезекте орындалатын операциялардың нормативтік актілерге және ішкі нұсқауларға (есеп саясаты, ішкі бакылауды ұйымдастыру бойынша процедуралар мен ереже-нұсқаулар) сәйкестігін зерттеу керек.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік коғамдар);
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Халыкаралық қаржылық есеп стандарты 7 «Акша қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын ұлттық стандартында ақша кассадағы және банктерде ашылған шоттардағы нақты ақша ретінде анықталған. Ақшаның қозғалысы — олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижесінде келіп түсуі және шығуы.
Бақылау процедураларына зерттеу жүргізбес бұрын аудиторға өзінің қандай акпараттардың негізінде тексеруді жүзеге асыратындығын білу кажет. Негізгі ақпарат ретінде -кестеде келтірілген құжаттар қызмет көрсетеді,
Жоғарыда аталып өткендей, кәсіпорында ақша қаражаттарының ұрлану ықтималдығы жоғары. Сондықтан, аудит өткізу кезінде бірінші кезекте ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын зерттеу кажет. Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бакылау жасау жүйесі -активтерді қорғау, субъектінің қаржылық саясатына сәйкестікті камтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын камтамасыз ету үшін жасалынған процедуралар мен саясат .
Ақпарат көздері каржылық қорытынды есеп баптары дұрыстығынын белгіленген категориялары бойынша аудиторлык дәлелдеулер алу мақсатында зерттелуге тиісті. Төменде ақша каражаттары аудитін жүргізу процессінде тексерілуге жататын негізгі пайымдаулар келтірілді.
Құқық және міндеттемелер категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
- ақша қаражаттарының төленуі және келіп түсуі заң негізінде жүзеге асырылады;
- шет елдік валюта түріндегі ақшаның қозғалысы ҚР "Валюталық реттеу туралы" заңын сақтау жолымен жүзеге асырылады;
- кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалды;
- ішкі ереже-нұсқауларға сәйкес ақшаның жұмсалуына өкілетті түлғаның санкциясы (рұқсаты) берілген;
- жеке түлғалармен есеп айырысу белгіленген тәртіп бойынша тіркелген бақылау - кассалық ақпараттарды колдану арқылы жүргізіледі;
- касса операцияларын жүргізу есеп саясатында қарастырылған касса операцияларын жүргізу Ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылған;
- ақшамен орындалған операциялар құжаттармен расталған және белгіленген нормативтік актілердің талаптарға сай;
- банк және касса құжаттарында түзетулер жоқ.
Толықтық категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау қаржылық қорытынды есепте кәсіпорындағы бар барлық ақша қаражаттары көрсетілген;
- акша қаражаттарының келіп түсуі және шығысқа шығарылуы (жұмсалуы) бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілген;
- ақша қаражаттарының синтетикалық (жинақтаушы) есебі бойынша шоттардың айналымдары мен сальдолары аналитикалық (талдамалық) есеп шоттары бойынша айналымдар мен сальдоларға сэйкес келеді, Бас кітапқа және каржылық қорытынды есепке дұрыс көшірілген;
Дәлдік категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
- операциялар бастапқы есеп құжаттарында, бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсетілген және қаржылық қорытынды есепке дәл көшірілген;
- теңгеге айналдыру үшін шетелдік валютаның дүрыс және дәл бағамы қолданылады.
- Нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: бухгалтерлік баланста көрсетілген шоттары бойынша сальдо кәсіпорында шын бар ақшаны сипаттайды;
- кассадағы және банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары жүргізілген түгелдеудің нәтижесімен расталған;[15]
- ақшаның келіп түсуі және шығысқа шығарылуы бойынша операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді;
Тапсыру және ашып көрсету категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:
- ақша қаражаттары жіктелген және қаржылық корытынды есепке дұрыс енгізілген; ;
- ақша қаражаттары туралы акпараттар ұлттық валютамен де, Шет елдік валютамен де қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарына
3.2. Кассалық операциялардың аудиті
Шаруашылықтың барлық шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін және басқа субъектілерімен есеп айырысу үшін өз ақша қаражаттарын банктерде арнайы ашылатын шоттарда және кассада сақталуы тиіс. Ақшасыз есеп айырысудың өз жолы балады. Ал кассадағы нақты ақшаның есебі 1010 шотта жүргізіледі. Кассада ақша қаражатының және басқа да құнды кағаздарды сақтауға, қабылдауға, ақшаны беруге әрбір субъектінің шаруашылық касса ашылады. Касса орналасқан бөлме техникалық жағынан берік өрттен және басқа жағдайдан сактау үшін сигнализация құралдарымен жабдықталуы тиіс. Бағалау категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
- ақша қаражаттары қаржылық қорытынды есепте тиісті бағамен берілген;
- шет елдік валюта түріндегі ақша қаражаттарын кайта бағалау өз уакытында және дұрыс орындалады
Кассадағы акшаны кабылдаған кезде КО №1 толтырылады.
- Кассир және бас бухгалтер қол қояды да ақшаны кабылдағаны туралы түбіртек және ордердің қиынды бөлігін береді. Кассадан акша шығыс ордері арқылы беріледі. Кіріс және шығыс ордерін тіркеу журналы әрқайсысына бөлек жасалады.Ақша қаражаттарына тексеру жургізу барысында ( 3.кесте) бағдарлама пайдаланылады.
3.3. кесте Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы
№ | Аудит процедурасы | Ақпарат көздері |
1 | Баланстағы көрсеткіштерді Бас кітаптағы мәліметтермен салыстыру | Баланс: 1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, 1070, шоттар бойынша Бас кітап |
2 | Синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс жүргізілуін тексеру | Жоғарыда келтірілген шоттар бойынша кітап; 1-4 Журнал –ордерлер; сәйкесінше ведомстары; касса кітабы; кіріс және шығыс касса ордерлерінің тіркелім журналы |
3 | Ақша қаражаттарын түгендеу | Ұйым басшысының бұйрықтары; кассирмен отырған келісім-шарт, кассаны түгендеу актісі; КО-1 – КО-3; Кассалық кітап; аванстық есеп; 1-ЖО мен 1-ведомость |
4 | Банктік операцияларды тексеру | Банк көшірмесі және алғашқы құжаттар: чек кітапшалары; аккредитивтер; төлем тапсыомалары; пошталық өткізу туралы квитанция. |
5 | Жолдағы ақша қаражаттарын тексеру | 3-ЖО; 1,2,3,- ведомостар, 1030 шот бойынша Бас кітап |
*Аудит оқулығының негізінде[ 8 ]
Ақша қаражаттарына ұтымды тексеру жүргізу мақсатында оларды кәсіпорындағы ақшаның пайдаланылуын сипаттаушы негізгі шоттарға бөліп қарастырамыз:
- кассадағы нақты ақша;
- ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақшалар;
- есеп берілуге тиісті сомалардың шоттары.
Кассалык операцияларды жүргізуші адамды кассир деп атайды және ол материалды жауапты адам касса операциясын жүргізу үшін әр түрлІ кұжаттар қолданылады. Оған жататындар:
- кассалық кіріс ордері (КО№1);
- кассалық шығыс ордері (КО №2);
- кіріс және шығыс ордерін тіркеу журналы-кассалык кітап -№1 ЖО, №1 ведомость, бас кітап 1010 шоттар, баланс.
Кассир касса операциялар есебін кассалық кітапта жүргізеді. Кассалық кітапта әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін көлбеу сызықпен кассир 1-ші дана ретінде толтырады ол кассалық кітапта қалады. Екіншісі сызықсыз көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің - есебі ретінде белгі болып табылады. Шығыс кассалық ордерге 3 кісі кол қояды:
- бастығы;
- бас бухгалтер;
- кассир.
Кассалық операциялар есебі ұлттық есебі валютамен жүргізіледі 1010 шотта Валюталық операцияларды жүргізген кезде валюта кассасындағы есеп үлтық валюта түріндегі нақты ақша операциясына ұқсас жүргізіледі. Айырмашылығы КО№1, КО№2-де касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталармен және теңгеге айналдырып көрсетіледі.
- Аудит басталған кезде кассаға инвентаризация жүргізіледі.
- Аудит КО№1,КО№2 дұрыс толтыруын тексереді.
- Аудит жауапты адамнын, қол қоюын тексереді.
- Кассалық есебі тексереді.
Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады:
- кассаға түгелдеу жүргізу және ақша каражаттарының сақталу жағдайын тексеру;
- операциялардың қүжатгық рәсімделуінің, дұрыстығын тексеру;
- ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеру;
- ақшаның шығысқа есептеп шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстылығына аудиторлық тексеру жүргізу;
- операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Меншіктін әр түрлі формаларына байланысты және ұйымның әр түрлі қүрылу формаларына байланысты ұйым қүрылғаннан бастап жоғарыда аталған үлгінің, кейбір баптары сақталмайды. Көбінесе жай ғана пәтерді немесе подвалдағы орынды жалға алып, жүмыс істеуге қажетті жағдай жасалмайды.
Кассаларында темір есік, кассирдің үстелі, сигнализация, жанбайтын сейф, сүргі және т.б. мүлдем жоқ.[16]
Кассаның және кассалық операцияның аудиті үш бағытта жүреді: қолма-кол ақша қаражатын түгендеу, кассаға түсетін ақша қаражатының толықтығын және сол күнде кірістелуін тексеру, шығынға жатқызылатын ақшалардың дұрыс тәртібін тексеру болып табылады.
Кассалык, операцияларды тексерген кезде қүжаттарды оқу, оларды зерттеу, құжаттар мен жазбалардың қарама-карсы сәйкестігін тексеру, арифиметикалық мәлеметтер сияқты әдістерін қолдануға болады.
Егер бухгалтер есептің жүргізілуі, ұсынылуы және үйымдастырылуы сәйкес талаптарға сай келмесе, онда аудитор сканерлеу әдісін пайдаланады, яғни үздіксіз әрбір элемент бойынша жалпы тексеру, кассалық қүжаттардың, әйтеуір бір дұрыс емес жерін табуға тура келеді.
Тексеру жүргізу жоспарын кұру кезінде акша каражаттарының және кәсіпорын кассасындағы баска кұндылықтардың козғалысы мен сақталуына ішкі бакылаудың тиімділігін бағалау керек.
Тестілеудің көмегімен аудитор кәсіпорынның касса операцияларын жүргізуіне алдын-ала баға береді, сол арқылы участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды және кассалық операциялардың бағдарламасын құрады (3.4.кесте),есеп жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.
Кассаны түгендеуге аудитор жұмыс орнына келген беттен бастап лезде кірісу керек.
Тексеріс жүргізбес бұрын мынадай мәселелерді анықтап алу керек:
- Кассаны аяқ асты тексеру жүйесінін, болуы туралы ұйым басшысының бүйрығы, бұйрықтың іске асуы, аяқ асты тексеру жұмысының актісі және оның мазмұны;
- Тексерілетін ұйымда, оның кассасында жұмыс істейтін кассирдің саны,
- Кассирдің қызметі тек тексерілетін ұйымда ғана ма, әлде косымша қызметін басқа да ұйымда да іске асыра ма, соны тексеру;
- Ұйым әкімшілігі мен кассирдің арасындағы кассирдің сол кызметті иеленуі және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шарттың болуы туралы бұйрықтың болуы сондай-ақ кассирдің «Кассалық операцияларды жүргізу туралы Ережесімен» таныс болуын тексеру. Тексерістің келесі кезеңінде мыналарды анықтап алу керек:
- Тексеріліп жатқан ұйымда кіріс жэне шығыс ордерлерін тіркейтін тІркеу журналының болу;
- Журналда барлық кассалық құжаттар тіркелді ме;
- Жіберіп қойған кассалық ордерлердің нөмірі жоқ па;
- Қабылданған немесе шығысталған акша қаражаттармен операциялардың барлығы кассалық кітапқа тіркелген бе;
- Кассалык кітап нөмірленген, жібі өткізілген, сүргі мөрімен басылған және кітаптың соңында басшы мен бас бухгалтердің колдарының болуы шарт:
- Жұмыс күнінің аяғында бір күндік операциялардың қорытындысын кассалық кітапқа шығарып, қалдықты келесі күнге аудару керек; Кассадағы акшаны кабылдаған кезде КО №1 толтырылады.
- Кассир және бас бухгалтер қол қояды да ақшаны кабылдағаны туралы түбіртек және ордердің қиынды бөлігін береді. Кассадан акша шығыс ордері арқылы беріледі. Кіріс және шығыс ордерін тіркеу журналы әрқайсысына бөлек жасалады.
3.4.кесте Кассалық операцияларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы
№ | Аудит процедурасы | Ақпарат көздері |
1 | Кассадағы ақша қаражаттарының және т.б. құндылықтардың | Кассаны тексеру туралы ұйым басшысынын бұйрығы, кассирдің тағайындау туралы бұйрық, материалдық жауапкершілік туралы |
1 | тексерілуі және түгенделуі | кассирмен келісім-шарт, касалық кұжаттар (КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5), аванстық есеп, кассаны түгендеу актісі, 1-ведомость, 1-Журнал-ордер, Бас кітап |
2 | Операцияларды құжаттап рәсімделуінің дұрыстығын тксеру | КО-1 - КО5 кассалық қүжаттар, 1-ведомость, 1-Журнал-ордер, Бас кітап |
3 | Қабылданған қолма-қол ақшалардьщ толықтығын, уақытылығын және дүрыстығын тексеру | жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарт, банк көшірмесіне қосымша, кассалық құжаттар Бас кітап |
4 | Ақшалардың шығынға жатқызылуының дұрыстығын тексеру | КО-1-КО-5,Баскітап |
5 | Бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялардың дұрыс көрсеткіштерін тексеру | 1 -ведомость, 1 -Журнал ордер, Бас кітап, аналитикалық жұмыстың өңделу жұмысы |
6 | Кассалық операцияларды тексеруден өткізгеннен кейін сәйкес корытындылар |
*Аудит оқулығының негізінде[ 8 ]
Кассадағы акшаны кабылдаған кезде КО №1 толтырылады. Кассир және бас бухгалтер қол қояды да ақшаны кабылдағаны туралы түбіртек және ордердің қиынды бөлігін береді. Кассадан акша шығыс ордері арқылы беріледі. Кіріс және шығыс ордерін тіркеу журналы әрқайсысына бөлек жасалады.
Аудиторға мұмкіндігіне қарай касса операцияларына ішкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет. Ол үшін ең бірінші оған алдын-ала дайындалған сұраунама бойынша тест жүргізу керек. Сүрақтар мен жауаптардың шамамен алынған тізімі төмендегі кестеде 6 келтірілген.
Кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарын сақтау жағдайларын тексеру. Тексеру орнына келгеннен кейін, аудитор кассада сақтаулы ақша қаражаттарына түгелдеу жүргізеді.
Кассир түгелдеу жүргізу сәтіне кассаның есебін жасауға және касса кітабы бойынша ақшаның қалдығын шығаруға тиісті. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке кіргізілгендігі және кіріске алынбаған, есептен шығарылмаған сомалардың кассада жоқ екеңдігі жөнінде қолхат алынады, Аудитор кассадағы ақшаның қайта саналуына бақылау жасайды, ал содан кейін кассадағы нақты бар ақша сомасы бухгалтерлік есепке тіркелген олардың қалдықтары женіндегі мэліметтермен салыстырылады.
Түгелдеу нәтижесі кассир мен кәсіпорынның бас бухгалтері қол қоятын актімен рэсімделеді. Акт жазбаша аудиторлық дәлелдеу болып табылады және оның мәліметтері ары карайғы тексерулер үшін қажет.
Жиынтық айналымдардың есептелінуінің және күннің аяғында нақты ақша қалдықтарының есептен шығарылуының дұрыстығына ерекше назар аударылады.
Түгендеу жүргізу уақытында ақша қаражаттарының сақталу жағдайына тексеру жүргізіледі. Тексеру жүргізу барысында аудитор төмендегілерді анықтайды:
- банктен жеткізу кезінде және еңбек ақы төлеу уақытында акшаның сақталуының камтамасыз етілуін;
- кассада ақшаны жэне басқа кұндылықтарды сактау үшін сейф немесе жанбайтын шкафтардың бар-жоқтығын;
- кәсіпорын кассасының сақтандырылуын, сейфтің (жанбайтын шкафтың) кілттерін сактау ережелерінің орындалуын.
Операцияларды қүжаттық рэсімдеудің дұрыстығын тексеру кезінде, төмендегілерге мүқият тексеру жүргізіледі:
- төлем ведомостарында - акша алушылардың койған қолдарының сенімділігіне, себебі бір ақша алушы ведомоста бірнеше адам үшін қол қоятын жағдайлар орын алады;
- кассалық кіріс жэне шығыс ордерлерін тіркеу журналында - реттік нөмерлеу мерзімі мен сомалардың кіріс және шығыс ордерлеріндегі, касса кітабындағы сондай мәліметтермен сәйкестігіне;
- кассалық шығыс ордерлерінде - алынған сомалардың жазылуының және ақша алушының қолының, сонымен бірге кәсіпорынның штатында жоқ ақша алушылардың құжаттарының мәліметтерінің жазылуының дұрыстығына;
- барлық құжаттарда - басшылардың қолдарының бар екендігііне. Кәсіпорын басшысы барлық кассалық шығыс құжатгарына өзі қол қоятындығына назар аударылады. Тек басшының кәсіпорында болмаған және өзінің міндетті қызметіІн бұйрык арқылы басқа түлғаға (уақытша орнында калатын түлғаға) берген кезеңді (іс-сапар, кезекті еңбек демалысы, ауырып калған кез) қоспағанша;
- касса кітабында — оның жүргізілуіне, енгізілген түзетулердің дұрыстығына.
Аудитор әрбір чек бойынша банктен алынған ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын чек түбіршектеріндегі және банк үзінділеріндегі бірдей сомалармен салыстыру жолымен тексереді. Чек кітапшалары, пайдаланылған чектердің түбіршектері, сонымен бірге пайдаланылмаған чектер кәсіпорынның бас бухгалтерінде олардың жоғалып кетуі мүмкіндігін болдырмау мақсатында сақталады. Бүлінген чектер "жойылды" деген жазу арқылы жойылуға және чектердің түбіршектеріне желімдене отырып сакталуға тиісті.. Уақытында алынбаған еңбек ақы және басқа есептеулер бойьшша депоненттелген сомалардың төленуін тексеруге ерекше назар аудару керек. Мұндай кезде ең болмағанда берілген сомаларды депоненттелген сомаларды есепке алу кітабында (картотекасында) есепте түрған тура сондай сомалармен ішінара салыстыру қажет.
Ақшаның есептен шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жургізу. Ақшаның есептен шығарылуы бойынша касса операциялары мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі касса есебіне тіркелген құжаттар арқылы тексеріледі. Мұндай кезде касса күжаттарының рәсімделуіне де назар аудару қажет, яғни, әрбір құжатта алушылардың қолхаттарының болуы, касса қүжаттарының жабылуы: кіріс күжаттары "алынды" деген, ал шығыс кұжаттары — "төленді" деген штамптармен мерзімін көрсете отырып, расталуға тиісті. Сонымен бірге кұжаттардағы өшірулердің немесе түзетулердің бар-жоқтығы тексеріледі.
Ақша каражаттарының кассаға қабылдануы және есептен шығарылуы бойынша барлық операцияларды кассир барлық беттері нөмерленуге, баулықталуға және мөрмен расталуга тиісті касса кітабына жазады. Ондагы парақтардың саны кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің қойған қолдарымен расталуға тиісті. Иеленіп кету мақсатыңда кассадан ақшаның артық есептен шығарылуы әдетге арамдық жасау жолымен жүзеге асырылады. Бір қүжатпен касса бойынша ақша сомасын қайталап есептен шығару пайдаланып кетудің аса қауіпті нысаны болып табылады.
Аудитор тәжірибесі көрсеткендей, касса бойьшша пайдаланып кетудің көбісі еңбек ақы төлеу кезіңде және есеп берілуге тиісті сомалармен болады. Бүл жерде ведомостардың қайта пайдаланылуы оған "жалған" түлғалардың енгізілуі, сомалардын жиынтығының тым көтеріліп кетуі орын алуы мүмкін.
Операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарыңда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Қолма-қол ақшаның алынуының және есептен шығарылуының банк үзінділерінде көрсетілген сомалармен кезең сайын салыстырылып отырылуы қолма-қол ақшаны алу ушІн негізгі бақылаушы процедуралар болып табылады. Егер калдықтарды салыстырудан басқа банк үзінділерінің мәліметтерін корреспонденцияланушы шоттармен салыстыру орындалса, салыстыру процедурасы тиімдірек болады. Бұл ақшаның қабылдануы және есептен шығарылуы бойынша барлық шоттардың тіркелгендігінің кепілі болып табылады.
Міндеттемелердің тиімді түрде бөлінуі банк шоттары мен бухгалтерлік шоттардын калдықтарын салыстырумен айналысатын түлғалардың қолма-қол (нақты) ақшаның кассаға қабылдануы мен шығыс етілуіне, кассалық ордерлердің дайындалуын немесе қол қойылуына ешқандай катысының болмауын талап етеді.
Клиенттің шоттарды салыстыру тиімділігін аудитордың бағалауы кассадағы нақты (қолма-қол) ақшаға қатысты жүргізілген көптеген тексерулердің сипатын, уақыт бойынша бөлінуін және дәрежесін анықтайды. Есеп жүйесінің бірдейлігі, салыстыруды орындаушы жұмыскерлердің терең білімділігі және міндеттердің белінуі негізгі факторлар болып табылады. Клиенттің шоттарды салыстыруының тиімділігі жоғары болған сайын, яғни, бақылау тәуекелдігінің бағалану деңгейі төмен болған сайын, аудитордың шоттарды салыстыру процедураларының толықтығы да аздау болады. Бүл процедуралар жылдың аяғында шоттардың салыстырылуын карапайым қарап шығудан, кассадағы ақша қаражаттарының нақты барын дәлелдеудің тиісті нысанын пайдалана отырып, жыл бойғы шоттарды тәуелсіз салыстыруды орындауға дейін (жаппай тексеру жүргізу) өзгеруі мүмкін. Ол ерекше жағдайларда, яғни аудитор ақшаның ұрлануы, ысырап болуы мүмкін деген болжам жасаған кезде ғана қажет. Сондай-ақ, еңбек акы беру кезіндегі, өндірістік шығыстарды төлеу кезіндегі, есеп берілетін сомаларды беру және пайдалану кезіндегі қолма-қол ақшамен орындалатын операциялардың міндетті жаппай тексеруді талап ететіндігін атап айту керек.
Аудитордын кәсіпорында занды түрде рұқсат етілген жағдайда шет елдік валютамен касса операцияларының орындалуы мүмкін екендігін ескеруі қажет. Шет елдік валюта түріндегі кассадағы қолма-қол (нақты) ақшаның есебі ХҚЕС 21 "Валюта курсының өзгеріс әсері" деп аталатын стандартына сәйкес 1010 "Кассадағы ақша қаражаттары" шотында жүргізіледі. Валютаның әрбір түрі бойынша кәсіпорында орындалған операциялар шет елдік валютамен көрсетілетін жеке касса кітабы жүргізілуге тиісті екендігін есте үстау керек. Шет еддік валютадағы операциялар бойынша жазулар бухгалтерлік есеп шотгарында Қазақстан Республикасының үлттық валютасы теңгеге айналдырып көрсетіледі. Шет елдік валютаға катысты ұлттық валюта теңгені бағамы өзгерген кезде бағамдық айырмашылық ескерілуге тиісті. Егер шет елдік валютаның теңгеге катысты бағамы өсетін болса, оң бағамдық айырмашылық сомасына: 1010 "Кассадағы ақша қаражаттары" шоты дебеттеліп, 6250 "Бағамдық айырмашылықтан алынған табыстар" шоты кредиттеледі, ал егер шет елдік валютаның теңгеге қатысты бағамы төмендейтін болса, онда теріс бағамдық айырмашылық сомасына: 7430 "Бағамдык айырмашылық бойынша шығыстар" шоты дебеттеліп, 1010 "Кассадағы ақша қаражаттары " шоты кредиттеледі.
Касса операциялары бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін бұрмалаушылыктар:
- кассирдің міндетін атқарушы тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттың жоқ болуы;
- бастапкы касса күжаттарының жоқ болуы;
- касса қүжаттарының белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделуі;
- кассага түгелдеудін формалды түрде жүргізілуі;
- айналымдар мен калдықтарды есептеу кезінде арифметикалық қателердің болуы.
Касса операциялары зандылығының бұзылуы. Болуы мүмкін бұзушылықтар мен пайдаланып кетушілікті анықтау - касса операцияларына бақылау жасаудың негізгі міндеті. Мүндай кезде бір уақытта олардың іске асырылуына мүмкіндік туғызған жағдайларды анықтайды.
"Іс-тәжірибеде касса операцияларын жүзеге асыру процесінде кездесетін пайдаланып кетушілік пен заң бұзушылықтар орындалу тәсіліне қарай былайша жіктеледі: рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен бүркемеленіп ақша каражатгарының тікелей ұрлануы; банктен, әр түрлі түлғалар мен ұйымдардан . кіріс ордерлері бойынша басқа ұйымдардан сенімхаттар бойынша келіп түскен ақшаның кіріске алынбай меншіктеніп кетуі; кассадан артық ақшаның есептей шығарылуы; бір құжаттың кайталанып пайдаланылуы; касса қүжаттарында және касса есебінде жиынтық сомалардың дұрыс есептелмеуі; жалған жасалған кұжаттар бойынша ақшаның негізсіз есептен шығарылуы; есептен шығарылатын сомаларды өсіре отырып, заңды түрде рәсімделген қүжаттарға қиянат жасау; әртүрлі түлғаларға және ұйымдарға занды турде есептелген сомалардың меншіктеніп кетуі, оның ішінде еңбек ақының және депонеттік сомалардың меншіктенуі" .
Есеп айырысу шотарында мына құжаттар негізінде жасалынады:
- Өтініш;
- Жарғы;
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін
- Үлес қосушылар құрылтайшылар шартының көшірмесі Салық комитетінің салық есебіне алынғандығы карточкалар. Есеп айырысу шотты бойынша банк екі дана бет есеп ашады. Бірінші бет есептің көшірмесі болып бірінші дана есептелінеді және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі. Екінші дана бет есеп болып қалады. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі.
- көшірме;
- алғашқы сальдо
- операцияның шифрі;
- ақырғы акт;
- соңғы сальдо.
Банктердің қызметі Ұлтық банкі ұйымдастырған кезде және оған бағыт беріп оларға лицензия береді. Ақша қаражатының сақтау және заңды жеке тұлғалар арасында жүргізу үшін ҚР-ң банк мекемелері мынадай шот ашады. Біріншісі, екіншісі ағымдағы шоттар. Жалпы есеп айырысу шот екі жолмен жүргізіледі:
- қолма-қол ақшамен;
- нақтылы ақшамен немесе аударып отырған ақшамен.
Ақшасыз есеп айырысу төмендегідей түрлері қолданылады:
- төлем-тапсырмалары;
- төлем талап тапсырмалары;
- чектер;
- аккредетив.
Төлем тапсырмаса субъектінің қызмет көрсетуші банктен өз шотынан белгілі бір шотына аудару туралы бұйрығы болып табылады. Төлем жасаушы банкте берілген формадағы банкілер ұсынып, оған қажетті күжаттар тіркеледі. Төлем талап тапсырмасы төлем, жасаушының қызмет көрсететін банкісіне жіберілген және төлеу қүжаттарының негізінде келісім шарт бойынша жөнелтінген өнімнің орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушыны сатып алушыға талабын білдіреді. Олар да белгілі формадағы банктерге жасалынады. Ақша есеп айырысу шотын тексерген кезде:
Есеп айырысу шоты қай банкте және қашан ашылғанын қарайды
- Алғашқы қүжаттармен қоса банк көшірмелерін тексереді №2 ЖО-ді және №2 ведомсті тексеріп, бас кітаппен салыстырады.
- Шет елдік валютадағы операциялар дегеніміз субъектілердің шетел валюталарына жүргізілетін мынадай келісімдер.
- Шет ел валютасына мүліктерді, тауарлық - материалдық бағаларды, жабдықтары басқа да айналым объектілерін сатуға немесе сатып алуға
- Несие алады немесе береді. Сол бойынша төлем немесе алу сомалары шетел валютасымен белгіленеді
Активтерді шет ел валютасымен ауыстырып басқадай жолмен алады немесе сатады. Өзіне міндеттеме алады немесе осы міндеттеме бойынша шет ел валютасымен есептеседі.
Бухгалтерлік есеп жазбаларында валюта операциялары бухгалтерлік есеп шоттарында операция жасалған күнгі Ұлтык банкі бағамы бойынша ҚР-ң кеңесімен көрсетіледі. Кез келген шет ел валютарыньң бағамы ҚР-ң валютасына қатынасына басқа ұлттық немесе халықаралық валюталар бағасының теңгемен көрсетілуі болып саналады. ҚР-ң үлттық бағамы мемлекеттін шаруашылық субъектілермен қатынастарының барлық түрлерінде салық салған кезде бухгалтерлік есеп үшін және мемлекеттік бюджеттің табысымен шығысын есептегенде пайдаланылады. Коммерциялық банктерге валюталардың сатып алу, сату бағамы аукциондық және биржалық бағамдар нақты коммерциялық банктерге, айырбастау пунктеріне валюталық аукциондарга шетел валютаны сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған ҚР-ң заңдарына немесе шаруашылық субъектілерінің шарттарына сәйкес осы операцияның нәтижесі болып саналатын мүліктермен міндеттемелерді бүл есепке қабылдау құқығы пайда болады уакыт шетел валютамен операция жасалған күн болып есептелінеді. Сонымен бухгалтерлік есепте шетел валютасының операциялары бастапқы көрсетілу кезінде операция жасалған күнгі бағам бойышна жектелген құқық деңгеймен бағалалады, ал ақша қоры баптарының, соның ішінде шетел валютасы бойынша дебит және кредитгік қарыздар кейінгі уақыттары есеп беру бағамды пайдалана отырып теңгемен көрсетіледі, яғни есеп беру кезеңнің соңғы күніне соңғы күніне қайта есептейді. Ақшаға жатпайтын баптарды соның ішінде өзіне МК, тауарларды, бухгалтерлік есеп жүйесінде мүліктермен міндеттемелердің көрсетілуі бойынша операция жасалған уақыттагы бағамды пайдалана отырып теңгемен көрсетеді. Есеп беру кезеңде немесе кварталдык есеп беруді жасаған уақытта есеп алу уақытты немесе есеп беруді жасау уақыты мен оларды бухгалтерлік есепке қабылдау уақытты кезеңдерінде шетел валюталарыньщ ҚР-ң Ұлтык банкі бағамы бойынша теңгемен активтері бағалау аралығында пайда болатын бағам айырмашылықтарынан олар пайда болады.
Басқа да операцияға жататындар арнай шоттардың есебі, жолдағы ақшалардың есебі және т.б. операцияларға. Олардың аудиті жоғарыда айтылғандай жүргізіледі.
Баланстағы ақша қаражаттарының дұрыстығын тексеру үшін баланстағы мәліметтерді Бас кітаптың шоттары бойынша салыстыру керек.
Синтетикалық пен аналитикалық шоттар арасындағы сәйкестікті тексере отырып, аудитор операцияларды өзара бақылау әдістерін қолдану керек. Яғни 1010 шот бойынша дебетінің 1-берілмейтінің аналитикалық есебіндегі сома 1030 шот бойынша кредитінің 2-журнал-ордердің мәліметтерімен сәйкес болуы керек. Егер сомалар дәл болмаса, онда кіріс кассалық ордерімен, банк көшірмесімен, кассирдің есептемесімен, чек түбіртектерімен, қажет болса, банктің өзінде де тексереді.
Ақша қаражаттарымен операциялар, әсіресе оның ең айналымды бөлігі -қолма-қол ақшамен (еңбек ақы төлеу, өндірістік шығындарды өтеу, есеп беруге тиісті сомалар және т.б.) жүргізілетін операциялар, түгелі міндетті тексеруге жаткызылады. Сондықтан кассалық құжаттардың барлығы түгелімен тексеріледі. Алайда «Түгелімен тексеру» дегеніміз кассалық кұжаттардың барлығы емес.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептегі болган өзгерістер ұйымдардың өзіндік қызметіне еркіндік берді. Дәл осы жағдайда ішкі басқаруымен ұйымдастырылған және сыртқы тексерушілердің талдауы күшейе түсті. Алайда кез-келген бухгалтер бөтен балансты шеше алмайды және бухгалтерлік жазуларды түсіну қиынға соғуы мүмкін.
Кассалық операцияларды тексеруден өткізген кезде жоғарғы мамандырылған аудитор теорияны ғана емес, сондай-ақ іс-тәжірибедегі жағдайды да елеу керек. Ал ол үшін акпараттың бұрмалауының барлық әдістерін білу қажет, яғни жай жалғаннан методологиялық әдістерге дейінгі мәліметтер.
Кассалық тәртіпті анықтайтын негізгі нормативтік құжаттар ретінде 23 шілде 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттык банк Үкіметінің жиналысындағы бекіткен «Қазакстандағы халық шаруашылығындағы кассалық операцияларды дұрыс жүргізудің уақытша ережесі» болып табылады (21-протокол) және кезекті толықтырулар.
Меңшіктің әр тұрлі формаларына байланысты және ұйымнын. әр түрлі құрылу формаларына байланысты ұйым құрылғаннан бастап жоғарыда аталған үлгінің кейбір баптары сақталмайды. Көбінесе жай ғана пәтерді немесе подвалдағы орынды жалға алып, жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалмайды. Кассаларында темір есік, кассирдің үстелі, сигнализация, жанбайтын сейф, сүргі және т.б. мүлдем жоқ.
Кассаның және кассалық операциянын аудиті үш бағытга жүреді: қолма-кол акша қаражатын түгендеу, кассаға түсетін ақша қаражатының толықтығын және сол күнде кірістелуін тексеру, шығынға жатқызылатын акшалардың дұрыс тәртібін тексеру болып табылады.
Кассалык операцияларды тексерген кезде құжаттарды оқу, оларды зерттеу, құжаттар мен жазбалардың қарама-қарсы сәйкестігін тексеру, арфиметикалык мәліметтер сиякты әдістерін қолдануға болады.
Егер бухгалтер есептін, жүргізілуі, ұсынылуы және ұйымдастырылуы сәйкес талаптарға сай келмесе, онда аудитор сканерлеу әдісін пайдаланады, яғни үздіксіз әрбір элемент бойынша жалпы тексеру, кассалык құжаттардың, әйтеуір бір дұрыс емес жеррін табуға тура келеді.
Кассаны түгендеуге аудитор жұмыс орнына келген беттен бастап лезде кірісу керек.
Тексеріс жургізбес бұрын мынадай мәселелерді анықтап алу керек:
- Кассаны аяқ асты тексеру жүйесінің болуы туралы ұйым басшысынының бұйрығы, бұйрықтың іске асуы, аяқ асты тексеру жұмысының актісі және оның мазмұны;
- Тексерілетін ұйымда, оның кассасында жұмыс істейтін кассирдін саны,
- Кассирдің кызметі тек тексерілетін ұйымда ғана ма, әлде қосымша қызметін басқа да ұйымда да іске асыра ма, соны тексеру;
- Ұйым әкімшілігі мен кассирдің арасындағы кассирдің сол қызметті иеленуі және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісім -шарттың болуы туралы бұйрықтың болуы сондай-ақ кассирдің «Кассалық операцияларды жүргізу туралы Ережесімен» таныс болуын тексеру.
Тексерістін, келесі кезеңінде мыналарды анықтап алу керек:
- Тексеріліп жатқан ұйымда кіріс және шығыс ордерлерін тіркейтін тіркеу журналының болу;
- Журналда барлық кассалык құжаттар тіркелді ме;
- Жіберіп койған кассалық ордерлердін нөмірі жоқ па;
- Қабылданған немесе шығысталған ақша қаражаттармен операциялардың барлығы кассалық кітапқа тіркелген бе;
- Кассалык кітап нөмірленген, жібі өткізілген, сүргі мөрімен басылған және кітаптың соңында басшы мен бас бухгалтердің қолдарының болуы шарт;
- Жұмыс күнінің аяғында ,бір күндік операциялардың қорытындысын кассалық кітапқа шығарып, қалдықты келесі күнге аудару керек;
- Кассалық кітаптагы жазуларды көшірме қағазы арқылы екі мәрте жазып, бір бетін күннің соңында есептілік ретінде баска кассалық құжаттармен тапсырылады.
Ұлттық валютадағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша. Ақша қаражаттың тексеретін кезде банктік операциялардың орны ерекше. Аудиторлық тексерістің бұл кезеңі тексерістің заңдылығын, сенімділігін және шаруашылыққа бағытталғанын қамту керек.[16]
Алғашқы құжаттардың сапалы рәсімделуінен бухгалтерлік есептің дұрыс есептелуі тәуелді. Сондықтан, бухгалтерияға келіп түскен алғашкы құжаттар нысаны, арифметикасы және мәні бойынша тексеріліп өңделуі керек.
Нысаны (формасы) бойынша тексеру берілген шаруашылық операцияга дұрыс форманың таңдалынуы және қажетті реквизиттердің толтырғаны туралы толық ақпарат береді. Алғашқы құжаттардағы жазуларды архивте белгілі бір уақытқа дейін сақталынатын жазба құралдарымен (карандаштан басқа) толтырылады.
Арифметикалық тексерістің мақсаты қорытынды мәліметтерді санаған кезде қателерді іздеу болып табылады.
Құжаттарды мәні бойынша тексеру дегеніміз құжатталған операциялардың заңдылығын, жеке көрсеткіштердің логикалық байланыстылығы және операцияның мақсаттылығын анықтайды. Құжаттардағы реквизиттерді елемеуі (игнорирование) бухгалтерлік есеп тәртіптерін бұзу деген сөз. Сондықтан, кассалық операцияларды және банктік құжаттарды дұрыс рәсімделмеген салдарынан, құжатты қайта толтыруға тура келеді. Алғашқы құжаттардағы жазбаша және цифрлік жазуларға түзетулер мен өшірулерге жол берілмейді. Ал егер жіберілсе, онда сол катенің үстінен бір сызықпен сызып тастап (сызылған сөз оқылуы керек), үстіне дұрысын жазады.
Алғашқы құжаттарға түзетулерді енгізгеннен кейін «исправлено» немесе «исправленому верить» деген жазуды, түзетілген күні және соны растайтын тұлғаның қолы болуы тиіс. Алғашқы құжаттарға қол қоятын тұлғаларды басшы мен бас бухгалтер тағайындайды. Бұндай тұлғалардың саны аз болғаны дұрыс.
Сондықтан, бухгалтер мынаны ұғып алу керек: кез-келген бухгалтерлік жазба алғашқы кұжаттарға негізделуі керек. Мысалы, тауарлы-материалды қорларды және т.б. құндылықтарды иемдеген кезде накладной, бірлікке артикул, жалпы сома және қосылған құн салығы төлегені тауарлы түбіртек толтырылу керек.
Тауарлы-материалды құндылықтарды кірістеген кезде бухгалтерияға тауардың аталуы туралы бақылау-кассалық машинаны чекпен бірге тапсыру керек. Бақылау кассалық аппаратпен тауарды өткізу мен кызмет көрсету үшін тұрақты жұмыс орнын құрып, жұмыс істемейтін жеке түлғалар босатылады. Сатушы сатып алушыға міндетті түрде чек ұсынуы керек.
Ағымдағы айдың өңделген алғашқы құжаттары арнайы регистрлерде толтырылады.
Барлық кассалық құжаттар, банк көшірмелері, есеп беруге тиісті тұлғалардың аванстық есебі, оларға қосымша ақтаушы құжаттар тігілу керек.
Алғашқы кұжаттардың бухгалтерлік есепте олардың құрылуынан бастап архивке өткізілгенге дейінгі кезең құжат айналымы деп аталады.
Құжат айналымын рационалды ұйымдастыру үшін бұйрықпен тағайындалған құжат айналымының графигі болуы қажет. Осы графикке байланысты есептік жұмыстың белсенділігі артып, бақылау функциясы күшейе түседі. График схема бойынша жасалады немесе ұйымның әрбір бөлімшесі толтыратын құжаттардың өңделуі, құрылуы, тексеруі бойынша, сондай-ак жұмыс істейтін кезең мен оларды нақты атқарушылардың тізімдері арқылы құрылады.
Өндірістік бөлімшелер мен ұйымның функционалдық қызметкерлер кұжат айналымының графигі бойынша өздерінің қызметіне байланысты құжатын толтырып, ұсынады. Осындай мақсатта әрбір атқарушыға графиктің көшірмесін тапсырады. Ол көшірмеде атқарушының қызметіне байланысты алғашқы құжаттар, оларды тапсыру мерзімі мен ұйымның бөлімшесі.
Құжат айналымы графигіне жауапкершілікті, құжаттардың уақытылы, сапалы ұсынылуы мен толтырыуына, ақпараттардың сенімділігіне және бухгалтерлік есептегі мәліметтерді бейнелеу үшін құжаттардың тапсырылуына сол құжатқа қол қойған тұлғалар жауап береді.
Егер құжаттарды мемлекеттік салық инспекциясының тиісті тұлғалары тексеріс кезінде және сол тексерісте бюджетке төленетін салықтар басқа төлемдердің дұрыстығын тексеру мақсатында, яғни табыста мен басқа да салық салынатын объектілерді төмендеткені туралы ақпарат жиналса, онда бұл жағдайда да тартып алу протоколын толтырады.Органдардың өкілеті қатысуымен және олардың рұқсатымен ұйымның алатын құжаттардың датасы және негізі бойынша копиясын алып қалуға болады.
Егер алғашқы құжаттар жоғалып немесе жойылып кетсе ұйым басшысы кұрған комиссия зерттеу жұмысын ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда тергеушілік, құқық сақтау органдарының және мемлекеттік өрт қызметінің органдарының қатысуымен жұмыс істейді. Жұмыстың бәрі басшы растаған актімен рәсімделеді.
Қазіргі таңдағы тәжірибеде бухгалтерлік есепте алғашқы бухгалтерлік ақпараттар маңызды болады. Бұл құжаттарда бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі болып жатқан шаруашылық операциялар көрсетіледі. Алғашқы құжаттар сенімді мәліметтермен рәсімделіп, операция болған сәтінде рәсімделуі керек.
Бухгалтерлік есептеғі әрбір бұрмалаулардың себептері болады, олар есептегі мәліметті мен нақты мәліметті сәйкестендіреді
Егер қол сұғушылық байқалса, онда әкімшілік құжаттардың фальсификациясына әкеледі. Есептіліктің бұрмалауыны мыналар әсер етеді:
- Бухгалтерияда алғашқы құжаттардың құрылуы мен рәсімделуі шаруашылық өмірде нақты факті ретінде көрсетілуі (құндылықтардың бұзылуы немесе ұрлануына байланысты есептен шығару актісі, т.б.);
- Бухгалтерлік есептегі қолданылатын коэффициенттердің бұрмалануы (артық бағалануы, номативке сәйкес емес негізгі кұралдар амортизацияның бұрмалануы және т.б.), оларды есептеу формуласы;
- Алғашқы кұжаттардағы ақпараттардың, яғни шаруашылық әрекеттердің бұрмалануы (қорытындының төмендетілуі немесе жоғарылату, номенклатураның өзгеруі);
- Шаруашылық өмірдін экономикалық немесе заңдық мазмұнына сайкелмейтін фактілерді жинау (ұрланғанның нәтижесіндегі шығындарды өзіндік құнға немесе таза табыстьгң есебінең жабуы және ол тиісті адамдардан талап етілмесе);
- Салык декларацияны толтыратын кезде салық туралы ақпараттардың бұрмалануы;
- Есептілікке жалған, дұрыс емес автоматтандырылған жүйенін пайдаланылуы.
- Олардың сипаты мен жүзеге асыру әдістері екі түрге бөлінеді: объектісі бойынша және салық қол жеткен нәтиже туралы.
Салық салу бойынша есеп құжаттарын жүргізудің тәртібі бойынша және салық салу объектілерінің дұрыс анықталмауы болса, онда салық оргаңдары міндетті түрде тікелей және жанама әдістері арқылы салық салынатын объектілерді анықтау керек.
Айта кететін бір жай құжаттардағы қателіктер және бұзушылық байкалған кезде бұларды бухгалтерлік жазбалармен қоса сторноланган жазуларды да талдап көрсету қажет. Маңызды жағдайдың бірі болып маңызды деген құжаттардағы мәліметтерді санау болып табылады,
Өйткені жиынтық соманың дұрыс емес саналуы кассадағы ақшаларды, магазиндегі тауарлардың артық шамада есептен шығару салдарынан туындайды. Бұндай кателерге тағы да жататындар - жиынтық соманы бір беттен екінші бетке ауыстырған кезде ауысып кетіп отырады. Назар аударатын тағы бір жағдай бухгалтерлік жазылымдардың құжаттар түсіп біткеннен кейін, бірнеше уақыт өткен соң бірақ жазылатындығы, өйткені кұжат кайталанып келуі мүмкін.[17]
3.3 Банкте ашылған шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті
Банкте ашылған шоттар бойынша операциялар аудитінің мақсаты — ағымдағы шот және банкте ашылған басқа да шоттар бойынша операциялардың есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аудиторға төмендегілерді тексеру керек:
- банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша операциялардың орындалуының заңдылығын;
- кәсіпорынның банктік шоттарына ақша қаражаттарының келіп түсуі және есептен шығарылуы бойынша операциялардың негізділігін;
- банк операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын.
Банкте ашылған ағымдағы және валюталық шоттар бойынша oпepaциялардың орындалуының заңдылығын тексеру. Ағымдағы шоттар бойынша операцияларға тексеру жүргізу кезінде олардың қолданыстағы заңдарға, есеп саясатының ережелеріне, сонымен бірге ішкі бақылау саясаты мен процедураларына сәйкестігіне ерекше назар аудару керек.
Егер аудитор міндеттердің бөлінуі мен активтердің қорғалуына бақылау жасау процедураларының тиімді болып табылатындығын анықтайтын болса, онда шоттардың салыстырылуына бақылау жасау масштабы шектелуі мүмкін. Ол үшін аудиторға ішкі бақылау жүйесін (3.5.кесте) мәліметтері бойынша тестілеу қажет.
3.5.кесте Банк операцияларының аудиті бойынша ішкі бақылау қүраддарының тиімділігін сипаттаушы тест сұрақтары
№ | Тестілеу сұрақтардың мазмұны | Иә | Жоқ | Ескерту |
1. | Кәсіпорында қандай да бір шоттарды aшу туралы тиісті банк мекемелерімен жасалынған келісім-шарттар бар ма? | |||
2. | Ішкі аудит қызметі кезең сайын банк құжаттарының түп нұсқа екендігін тексере ме? | |||
3. | Ішкі аудит қызметі орындалған операциялардың келісім-шарт бойынша өзара қарым-қатынастарға сәйкестігін тексере ме? | |||
4. | Банк үзінділері бойынша сомалар оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаларға сәйкес келе ме? | |||
5. | Ішкі бақылау қызметі банк шоттарына ақшаның қабылдануы бойынша операциялардың дәл көрсетілуін тексере ме? | |||
6. | Банк үзінділері кун сайын өңделіп, бухғалтерлік есепте көрсетіле ме? |
7. | Банк құжаттарына кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің қолдары қойыла ма? | |||
8. | Бас бухгалтер ақша қаражаттарының тиісті шоттарға келіп түсуін бейнелейтін құжаттарды тексере ме? | |||
9. | Ай сайынғы банк мәліметтерімен салыстыру және шоттардағы ақша қаражаттарының сальдоларын растау жүзеге асырыла ма? | |||
10. | Бас бухгалтер тиісті шоттардан ақша қаражаттарының есептен шығарылуын бейнелейтін құжаттарды тексере ме? | |||
11. | Ішкі бақылау қызметі банк шоттарынан ақшаның есептен шығуы бойынша операциялардың дәл көрсетілуін тексере ме? | |||
12. | Төлем құжаттары арнайы журналға тіркеле ме? | |||
13. | Акша қаражаттарына кіруге де, шаруашылық операцияларын шешуге және оларды есепте көрсетуге де шектеу қоюшы ішкі лауазымдық нұсқаулар бар ма? |
*Аудит оқулығының негізінде[ 8 ]
Егер ақша қаражаттарымен байланысты шаруашылық операцияларына әсер етуші бақылау сәттері дәл сақталған болса, онда банк үзінділері бойынша ақша қаражаттарының қалдықтарын аудиторлық тестілеу көлемін азайтуға болады. Клиенттің ақша алумен немесе ақшаның қабылдануы және есептен шығарылуының (жұмсалуының) есебін жүргізумен байланысты емес маманының (ішкі аудитордың) банктегі ағымдағы шоттарға ай сайын және кезең сайын тексеру жүргізуі—бұл, ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуте өте қажетті бақылау сәті. Банктегі акша сомасының (кезекті айналымдарды қарастырып және салыстырып болғаннан кейін) шындыққа сәйкес келетіндігіне сенімді болу керек болғандықтан, мұндай қайта тексерулердің маңызы зор.
Ақша қаражаттарына қайта тексеру жүргізудің типтік аудиторлық процедураларын зерттеуді аяқтағаннан кейін, жылдың соңында тек пайдаланып кетушілікті анықтауға бағытталған процедуралар зерттеледі.
Банктің растауларын алу. Банктің растаулары — бұл, клиентпен байланысты кез-келген банктен алынған тікелей жазбаша растау. Ол кез-келген аудитті (клиентте айналымдары аз өте көп шоттар болатын сирек жағдайларды қоспағанда) өткізу кезінде қажет болады. Банктік растаулар аудитор үшін нақты ақшаның қалдығын қайта тексеруге қарағанда маңыздырақ. Банктер көптеген қызметтердің түрін көрсететін болғандықтан, банктік растаулардың мазмұнында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:
- барлық банктік шоттардағы қалдықтар туралы ақпараттар;
- вексельдер, ипотека немесе басқа қарыздар бойынша банктің алдындағы борыштар туралы (несие сомасы, олардың алыну және қайтарылу мерзімі, сый ақы мөлшері және қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтерімен бірге) ақпараттар;
- ашылған аккредитивтер және қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуі талап етілетін басқа да сол сияқты пункттер туралы ақпараттар.
Есепті кезеңде орындалған операциялардың аудиті банк үзінділеріне, оларға тіркелген төлем құжаттарымен бірге, талдау жасау жолымен жүзеге асырылады. Банк үзінділерінің толықтығын олардың беттік номерлері және шоттағы ақша қаражаттары қалдықтарының көшірілуі бойынша анықтайды. Алдыңғы банк үзіндісіндегі шот бойынша есепті кезеңнің аяғындағы ақшаның қалдығы келесі банк үзіндісіндегі есепті кезеңнің басындағы ақшаның қалдығына тең болуға тиісті.
Егер банк үзіндісінде түсіндірмесіз түзетулер мен өшірулер анықталған болса, банк мекемесінде қарама-қарсы тексеру жүргізу керек. Ондай тексеру ақшаның құжатсыз есептен шығарылуын немесе ақшаның үзіндіге тіркелген құжатта көрсетілген мақсаттан басқа мақсаттарға аударылғандығын көрсететін операцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Банк құжаттарына зерттеу жүргізу кезінде заңсыз банк операцияларының орындалуына жол берілгендігін; аккредитивтермен, вексельдермен және т.б. орындалған операциялардың дұрыстығы мен заңдылығын анықтау қажет.
Кәсіпорынның банкте ашылған шоттарына ақша қаражаттарының келіп түсуі және есептен шығарылуы бойынша операциялардың негізділігін тексеру. Аудит процессіңде ақша қаражаттарының ағымдағы шоттан және басқа да банктік шоттардан есептен шығарылуы бойынша операцияларға, шоттар корреспонденцияларының дұрыстығына бақылау жүзеге асырылады. Банктен кассаға алынған қолма-қол (нақты) ақшаның өз уақытында және толық кіріске алынуына, жабдықтаушылар және басқа кредиторлардың шоттары бойынша қаражаттарды аударудың зандылығына ерекше назар аударылады. Ондай операциялар құжатпен расталуға тиісті (келісім-шарттармен, орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілерімен, материалдық құндылықтарға накладнойлармен және т.б.). Атымдағы және басқа шоттардан ақша қаражаттарының есептен шығарылуы бойынша шоттар корреспонденциясының дұрыстығы есеп регистрлері мен тиісті ақша шоттарының мәліметтері бойынша тексеріледі. Тексеру процессінде анықталған ауытқулар аудитордың жұмыс құжаттарына жазылып, олардың қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштеріне тигізетін сандық әсері анықталады.[18]
Валюталық шоттар бойынша операциялардың аудитін жүргізу кезінде валюталық шоттардың саны анықталып, банк үзінділеріндегі және есеп регистрлеріндегі шоттардың қалдықтары, сонымен бірге есеп регистрлеріндегі және Бас кітаптағы шоттардың айналымдары мен қалдықтары салыстырылады. Айырмашылық болған жағдайда олардың себебі анықталады. Қолданыстағы валюталық зандардың сақталуы тексеріледі. Резидент болып табылатын экспорттаушы ұйымдардың өкілетті банктердегі валюталық транзиттік шотына валюталық түсімдердің толық және өз уақытында қабылдануына назар аудару қажет. Ол үшін жыл ішінде келіп түскен валюталық түсімдердің сомасы контракт бойынша экспортталған тауарлардың құнымен салыстырылады. Экспорттық-импорттық операциялар бойынша шет елдік партнерлармен жасалынған контрактыларға зерттеу жүргізу кезінде аудитор оларда белгілі бір шарттардың бар екендігіне назар аударуға тиісті. Мысалы:
- баға валютасы және бағаны анықтау тәсілі;
- төлем жасау валютасы;
- қайта есептеу бағамының белгіленуі;
- есеп айырысулардың қаржылық шарттары, яғни есеп айырысу нысандары (аккредитив, инкассалық өкім және т.б.).
Банк операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аудиторға банктегі oпeрациялар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын. яғни, бұл операциялардың бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында көрсетілгендігін зерттеу қажет. Осы жерде банк үзіндісінде көрсетілген жазулардың регистрлердегі және Бас кітаптағы жазуларға сәйкестігіне назар аударылады. Банк үзінділерін өңдеу кезінде пайдаланып кетушілікті жабу мақсатында шоттың дебеті бойынша да, кредиті бойынша да айналымдарды әдейі бірдей сомаға азайтып көрсетуте жол берілуі мүмкін. Сондықтан аудиторға банк үзіндісі және есеп регистрлерінін мәліметтері бойынша шоттың дебеттік және кредиттік айналымдарының сәйкестігін тексеру қажет.
Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебі валютаның әрбір түрі бойынша бөлек-бөлек жүргізіледі (АҚШ доллары, неміс маркасы және т.б.) және операция орындалған күнге (мерзімге) ҚР Ұлттық банкі белгілеген бағам бойынша теңгеге айналдырылып көрсетіледі.
Валюталық шот бойынша операцияларға аудиторлық тексеру жүргізу ағымдағы шот бойынша операциялардың аудитімен бірдей жүзеге асырылады. Яғни, төмендегілер анықталады:
- банк үзіндісінде көрсетілген ақша қаражаттары қалдықтарының бухгалтерлік есептегі бар қалдықтармен сәйкестігі;
- банк үзінділерінің және оларға тіркелген құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
- операциялардың шын орындалғандығы, банк үзінділері мен бастапқы құжаттардың нағыз өзі (түпнұсқа) екендігі;
- вачюталық шоттағы операциялар бойынша шоттар корреспонденциясының және есеп регистрлеріндегі жазулардың дұрыстығы.
Валюталық операцияларды тексеру кезінде аудитор бағамдық айырмашылықтардың мөлшерін растай отырып, олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығына зерттеу жүргізеді. Анықталған ауытқулар жұмыс құжаттарына жазылып алынады.
Банк операциялары бойынша бухгалтерлік есептегі болжамды бұрмалаушылықтар төмендегілер болуы мүмкін:
- банк операцияларының орындалуына негіз болатын төлем құжаттарына тіркемелердің жоқ болуы;
- валюта бағамының дұрыс саналмауы;
- ақша каражаттарының қозғалысын көрсететін жаңылыс (қате) шоттар корреспонденциясы;
- тиісті түрде рәсімделмеген құжаттардың болуы (құжаттардын ксерокстык көшірмесі, құжатта банктің белгісінің бoлмауы). - Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті кәсіпорынның шаруашылық қызметі процессінде есебі берілуге тиісті сомалар мардымсыз (аз) шығыстарды құрайды. Бірақ оларды әрбір аудит жүргізу кезінде жаппай тексеру әдісін пайдаланып тексереді. Ондай тексеру көбінесе ұрлық пен ақшаның жұмсалып кетуі (ысырап болуы) мүмкін екендігінен, сонымен бірге клиенттердің өздерінің бұл шотты аудитордың мардымсыз сома болса да тексереді деп күтетіндігінен болады. Сондықтан есебі берілуге тиісті сомаларды тексеруді төмендегі баыттар бойынша жүргізген дұрыс:
- есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылаудың бастапқы бағалауын растау;
- есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың талдамалық есебінің ұйымдастырылуын шығыстарды бөле отырып (шаруашылық қажеттіліктері үшін шикізаттарды, материалдарды және тауарларды сатып алу, іс-сапар шығыстары, өкілеттік шығыстар) тексеру.[19]
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылаудың бастапқы бағалауын растау. Есебі берілуге тиісті сомалар бойынша кез-келген шығыстар парапар (бірдей) ба-қьшау жасау сәтгері кезінде жауапты тұлғаның ресми рұқсатын талап етеді.
Есебі берілуге тиісті сомалардың аудиті кезінде аудитордың көңілі негізінен 1250 "Жұмыскерлердің және басқадай тұлғалардың борыштары" шоты бойынша ақырғы сальдоға емес, ақша операцияларының өздерін тексеруте бөлінеді. Тіпті бұл қаражаттардың сомасы аз болса да көптеген заңсыз операциялардың болуы мүмкін.
Есебі берілуге тиісті сомалар бойынша шаруашылық операцияларын тексеру аудитордың бақылау тәуекелдігін бағалауына байланысты. Ішкі бақылау жүйесін ұғыну үшін клиент қолданған бақылау сәттерінің мәнін түсініп, олардың осал тұстарын анықтау қажет.
Кәсіпорында бұл операциялардың тұрақты түрде болып тұратындығын және есеп айырысуларға лауазымды тұлғалардың белгілі бір тобы қатысатындығын ескере отырып, есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығына бақылау жасау процедураларына ерекше назар аударылуға тиісті.
Аванстық есептердің тапсырылуына зерттеу жүргізу тексерудің негізгі кезеңі болып табылады. Кәсіпорында (ұйымда) "егер есеп беруге тиісті тұлға алдыңғы алынған аванс бойынша есеп бермеген болса, оған есебі берілетін ақша қаражаттары бершмейді" — деген ереже белгіленіп, қатаң сақталуға тиісті. Бұл ереже сақталмаған жағдайда (есеп беруге тиісті тұлғалар алдын-ала таныстырылғанымен) бухгалтерия алдын-ала жазылған процедуралар бойынша: есебі берілуге тиісті соманың қалдығын жұмыскердің еңбек ақысынан ұстайды немесе ол соманың кассаға қайтарылуын талап ете алады. Егер кәсіпорын басшысы жұмыскердің қарызын есептен шығару туралы шешім қабылдаған болса және ол шешім бұйрықпен расталса, онда есептен шығарылған қарыз Салық кодексінің 151-бабына сәйкес материалдық пайда түріндегі жұмыскердің табысы болып табылады және төлем көзінен салық есептеледі.
Іс-сапар шығыстарының талдамалық (аналитикалық) есебінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізу. Іс-сапарға арналған есебі берілуге тиісті сомалар бойынша шығыстардың болу мүмкіндігі кәсіпорынның есеп саясатында анық айқындалуға тиісті.
Қазақстан Республикасының шегіндегі қызмет бабындағы іс-сапар бойынша нормативтік актілер ретінде "Мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің, сонымен бірге парламент депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызмет бабыңдағы іс-сапарлары жөніндегі ережелерді бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы (22.09.2000 ж. № 1428) /81/ және "Салық салынатын табысты анықтау кезіңде шегерілімге жататын іс-сапар шығыстарының нормалары туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы (24.12.2001 ж. № 1676) /82/ танылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы тек мемлекеттік мекемелер үшін ережелерді реттейтіндігіне және оның басқа субъектілерде қолданылу міндеттілігіне сілтеме жоқтығына қарамастан, қаулының көптеген жалпы ережелерін коммерциялық кәсіпорыңдар қолдана алады. Мұндай кезде коммерциялық кәсіпорыңдар қызмет бабындағы іс-сапарлар бойынша негізгі ережелерді өздерінің есеп саясатында ескерте кетуіне, не болмаса оған жеке тіркеме ретіңде бөлек көрсетуіне болады.
Іс-сапарға жіберілген жұмыскерге төмендегі шығыстар төленеді:
- пәтер жалдау бойынша – көрсетілген құжатардың негізінде (шот-фактура, бақылау-кассалық машинасының чегі және т.б.);
- тәуліктік шығыстар – іс-сапарда болған әрбір күн үшін. Мұндай кезде іс-сапарға кеткен күн ретінде поездың, ұшақтың, автобустың немесе басқа да көлік құралының жөнелтілген күні, ал қайтып келген күн ретінде — тұрақты жұмыс орнына көліктің келген күні есептеледі. Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілерде қызмет бабындағы іс-сапарлар бойынша тәуліктік шығыстардың мөлшері анықталмағандықтан, іс тәжірибеде көптеген кәсіпорындар бухгалтерлік есепте де, салық есебіндегі шегерілімдерді анықтау үшін де салық кодексінде айқындалған нормаға сүйенеді. Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуліктік шығыстардың мөлшері екі айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиісті. Демек, кәсіпорын өзінің есеп саясатында тәуліктік шығыстардың мөлшерін екі айлық есептік көрсеткіштен көп немесе аз етіп көрсеткенімен, шегерілім ретінде екі айлық есептік көрсеткіш шегіндегі шығыс танылады. Әрбір жағдайда шегерілімге нақты төленген сома мен салық заңындағы норма екеуінің ең төменгісі (қайсысы төмен болса сол) жатқызылады. Тәуліктік шығыстардың мөлшері белгіленген нормадан жоғары болған жағдайда, Салық кодексіне сәйкес ол сома жалпы белгіленген тәртіп бойынша салық салынуға жатады. Жылдық жиынтық табысты алуға байланысты іс-сапарлар бойынша салық салынған сомалар "Еңбек ақы төлеу бойынша шығыстар" бабы бойынша шегерілімге жатқызылады;
- іс-сапарға баратын орынға дейінгі және қайта қайту бойынша көліктік шығыстар — жұмсалған қаражаттарды растаушы құжаттардың негізінде жол жүру билеттері жоқ болған кезде, шығындар кәсіпорын басшысының рұқсаты бойынша көлікпен жүрудің ең төменгі құнымен (таксиден басқа) төленеді және бухгалтерлік есепте солай көрсетіледі. Бірақ салық салу мақсаты үшін шегерім ретінде тек құжатпен расталған шығыстар ғана танылады (салық кодексінің 93-бабы);
- іс-сапар бойынша басқа да шығыстар тапсырылған құжаттардың (жол жүру билеттерін және қонақ үйде тұратын орындарды брондау, поезда төсек орынды пайдалану) негізінде төленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қыркүйектегі №1428 қаулысына сәйкес нормалар шетелдік валютамен қарастырылғанымен, тәжірибеде есеп берілетін ақша қаражаттары шет елдік валютамен де (көп жағдайда), жұмыскерлердің өздері айырбастап алады деген болжаммен, ұлттық валютамен (теңгемен) де беріледі. Есеп беретін тұлғаға шет елдік валютаны берген күні бухгалтерлік жазулар валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып орындалады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс-сапарға жіберілген жұмыскерлерге төмендегі шығыстар өтеледі:
1) пәтер жалдау бойынша шығыстар (броньдарға жасалған төлемдермен бірге) — тапсырылған құжаттар бойынша;
2) іс-.сапарға баратын орынға дейінгі және қайта қайту бойынша жол жүру шығыстары (броньмен бірге) - тапсырылған құжаттардың негізінде;
3) іс-сапарда болған уақыт ішіндегі тәуліктік шығыстар. Барлық шығыстарды қайта есептеу аванстық есепті бекіту мерзіміне (БЕС 9 "Шет елдік валютамен орындалатын операциялардың есебі") валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып жүзеге асырылады. Егер есеп беруге тиісті тұлғаға ақшаның берілген сәтінен бастап аванстық есептің бекітілу сәтіне дейін шет елдік валютаның нарықтық бағамы өзгерген болса онда бухгалтерлік есепте бағамдық айырмашылық туындайды.
Өкілеттік шығыстардың таңдамалық (аналитикалық) есебінің ұйымдастырылуын тексеру. Салық кодексінің 93-бабына сәйкес өкілеттік шығыстар деген — өзара қарым-қатынастар орнату немесе оған қолдау көрсету мақсатында тұлғаларды қабылдау, сонымен бірге директорлар кеңесінің мәжілісіне, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін келген қатысушыларды қабылдау және қызмет көрсету бойынша шығарылатын кәсіпорынның шығыстары,
Өкілеттік шығыстарға жоғарыда аталған тұлғаларды ресми түрде қабылдау, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөздер жүргізу кезінде буфеттік (фуршеттік) қызмет көрсету, кәсіпорын штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне төлем жасау бойынша шығыстар жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Үкімітінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысымен салық салынатын табысты анықтау кезінде шегершімге жататын өкілеттік шығыстардың нормалары белгіленген.
Барлық қажетті құжаттардың бар болуы өкілеттік шығыстардың бухгалтерлік есепте көрсетітуінің, сонымен бірге салық салу мақсатында шегерілімге жатқызьшуының негізгі шарты болып табылады. Онда:
- өкілеттік шығыстардың сметасы;
- делегациялардың келу бағдарламасы;
- іс-шараға қатысушылардың нақты санын растаушы құжаттар;
- нақты шығыстарды растаушы құжаттар (аванстық есептер, шот-фактуралар, чектер, сатып алу актілері және т.б.).
Одан басқа аудиторға барлық аталған шығындарға кәсіпорын басшысының немесе қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау жөнінде тиісті өкілеттік берілген тұлғаның рұқсаты болуға тиісті екендігі белгілі болуы керек.
Өкшеттік шығыстар салық салынатын табысты анықтау кезінде белгіленген нормалардың шегінде шегерілімге жатқызылады. Hopмадан жоғары шығыстар кәсіпорынның таза табысының есебінен көрсетіледі. Банкеттерді, ойын-сауықтарды немесе демалыстарды ұйымдастыру шығыстары өкілеттік шығыстарға апарылмайды және шегерілімге жатпайды. бұзушылықтардан болуы мүмкін:
- есебі берілуге тиісті сомалардың берілу тәртібінің бұзылуы;
- іс-сапар шығыстарын ресімдеу кезінде іс-сапарға жіберу туралы бұйрықтың (өкімнің) жоқ болуы, нормалардың шегінде және нормадан тыс іс-сапар шығыстарының талдамалық (аналитикалық) есебінің болмауы және т.б.;
- іс-сапар шығыстарын рәсімдеу кезінде салық салу тәртібінің бұзылуы;
- есеп беруте тиісті тұлғалардың материалдық құндылықтарды сатып алуы, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге төлем жасауы кезіндегі бұзушылықтар.[20]
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар
«Қарғалы» акционерлік қоғамы 19.06.1995ж. «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірлесіп қызметін жүргізу мақсатында құрылған.
Акционерлік қоғамның мекен жайы Алматы облысы,Жамбыл ауданы Абай көшесі 19 үйге тіркелген және есеп айырысу шоттары Центр кредит банкте ашылған.
Қоғамның өз мақсаттарына сәйкес өз қызметін түрлерін келесі бағыттарда жүзеге асырады:
- Халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;
- Комерциялық және делдалдық қызмет;
- Сауда- саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу құқығымен ауыл шаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өңдеу;
Диплом жұмысының мақсаты «Қарғалы» акционерлік қоғамының ақша қаражаттарын зерттеу, сондай – ақ олардың құжаттарын рәсімдеу ережесі мен танысып, уақытылы жүргізілетін есебі мен бақылауын қарастыру болып табылады.
«Қарғалы» акционерлік қоғамының есеп саясаты Қазақстан Республикасының Қаржылық есептің ұлттық стандартына және Қаржылық есептің халықаралық стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған.
«Қарғалы» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын және қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланс қарастырылады. Қоғамдағы қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, оның нақты құнын көрсететін баланс валютасы 2009 жылы 34155660 теңгеге немесе 34,5% - ға кемиді.
Қоғамның активтерін талдай отырып оның өндіріс потенциалының осы жылы 22524 теңгеге немесе -1,1% - ға азайп отырғаны анықталды. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі жыл соңыда 0,11%- өсіп отыр. Бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің шегінен (0,5) жоғары болып отыр, яғни қоғам қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толтыруға мүмкіндік болғанын білдіреді. Қоғамның баланс валютасындағы ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің қалыптасуын қарастырған жағдайда жыл соңында ұзақ мерзімді активтердің іске тарту коэффициенті 0,08 ден 0,01-ге дейін төмендегені, мүлік айналымдылығының жылдамдығы төмен және оны тиімді пайдаланбағанын мінездейді. Қоғам мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтернің барлық сомасының 50 пайызынан артық болуы қор қайтарымдылығының өсуін көрсетеді. Қоғамның қаржылық жағдайын мінездейтін тәуелсіздік коэффициенті талдап отырған жылы 0,08 ден 0,01 ға дейін немесе 0,07 пунктке кеміп отыр, ал жыл соңында қаржылық тұрақтылығының төмендегенін білдіреді.
Қоғам қызметінің қандай бөлігі өз қаражаттарымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражаттарымен қаржыландырылатын көрсететін коэффициент 0,03 дан 0,01 ке дейін төмендеуін, жыл соңында 10% өз қаражаттарымен қаржыланғанын көрсетеді.
Барлық ұйымдар өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма– қол ақшаны аударуды; төлем– тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа әдістерін пайдаланады.
«Қарғалы» акционерлік қоғамының ақша қаражаттарының есебі есеп шотарының типтік жоспарының І– Бөлімі «Қысқа мерзімді активтер» де «Ақша қаражаттар» бөлімшесінде есепке алынады. Қоғамның кассадағы ақша қаражаттарының қолда барын есепке алу үшін активтік 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоттар қолданылады.
Валюталық касса үшін жеке кассалық; кітап ашылады. Қажет болған жағдайда 1010/1– қоғам касасы; 1010/2– операциялық касса. Қоғамдағы ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1020 «Жол үстіндегі ақша қаражатары» шоты қолданылады. қоғамының банк шоттарындағы есеп операциялары 1030 «Ағымдағы банк шотарындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Жұмыскелердің карт– шоттарындағы ақша қаражаттары шотында жүргізіледі. Банк шотарындағы қаражаттардың есебін 1050 «Жинақтаушы шотардағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Қоғамдағы ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1060 «Басқа да ақша қаражаттары» шоты қолданылады.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- Экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар) ;
- Салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- Қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау,
- сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әдіс) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам).
Ақша есеп айырысу шотын тексерген кезде:
- Есеп айырысу шоты қай банкте және қашан ашылғанын қарайды.
- Алғашқы құжаттармен қоса банк көшірмелерін тексереді;
- №2 ЖО –ді және №2 ведомості тексеріп, бас кітаппен салыстырады.
«Қарғалы» акционерлік қоғамы осы талдап отырған жылы активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 14 теңге 59 тиын тартқанын, жыл аяғында 4 теңге 28 тиынға дейін азайғаны, қоғам міндеттемелерге тәуелді екенін анықтайды.
«Қарғалы» акционерлік қоғамының қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын негізгі көрсеткіші, оның таза пайдасы 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 65,0 мың тенгеге немесе 19,7% - ға кеміп отыр. Қоғамның экономикалық жағдайын мінездейтін рентабельдік көрсеткіштер соңғы жылды алдынғы жылман салыстырғанда төмен болып отыр.
«Қарғалы» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын қорытындылайтын болсақ, қаржылық жағдайы міндеттемелерге тәуелді болғанын және 2009 жылы қоғамның іскерлік белсенділігі 23% -ға өз қаражаттарымен қаржыланып отыр деуге болады. Ол осы талдап отырған жылы меншікті капиталдың жылдағы орташа құнының өсуіне байланысты болып отыр.
Кассалық және кассалық операцияның аудиті үш бағытта жүреді. Қолма қол ақша қаражатын түгендеу, кассаға түсетін ақша қаражатының толықтығын және сол күнде кірістірілуін тексеру, шығынға жатқызылатын ақшалардың дұрыс тәртібін тексеру болып табылады.
Кассалық операцияларды тексерген кезде құжаттарды оқу, оларды зерттеу, құжаттар мен жазбалардың қарама –қарсы сәйкестігін тексеру, арифметикалық мәліметтер сияқты әдістерін қолдануға болады.
Сонымен қатар әлде де қаржылық жағдайын жақсарту үшін және бухгалтерлік есепті осы күннің талабына сай жүргізу үшін біз мынандай ұсыныстар айтқымыз келеді:
- негізге емес қызметтен табысты алуды жоғарлату үшін басқа да жұмыстардың көрсететін қызметтің түрлерін көбейту;
- көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме жөніндегі» заңы № 234I-III-ЗРК 2007 жылдың 28-ақпанындағы толықтыруларымен
- «Қарғалы» акционерлік қоғамының бір жылдық есебі
- Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы 2004 75-81б
- Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы Экономика 2001 356-365 б
- Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқулық –Алматы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, 2006 98-103 б
- Кеулімжаев К.Қ. - Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері, Алматы : 2006 78-86 б
- Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Оқулық – Алматы Экономика 2005 103-106 б
- Әжібаева Н.З., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит» Алматы 2006 395-408 б
- `Қазақстан Республикасының салық кодексі, Бико, Алматы, 2009ж.
- №1 №2 ҰҚЕС-ты Қазақстан республикасының қаржы миннистрлігінің 06. 2007жылғы №217 бұйрығы.
- Жминько С.И. «Финансовый учет». Алматы 2004
- Камышев П.И. « Бухгалтерский финансовый учет». 2004
- Качалин В.В. «Финансовый учет и отчетность со стандартами».
- Қазақстан Республикасының « Жеке кәсіпкерлік туралы » заңы – Алматы : 2006
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңы » заңы - Алматы 2007 59-66 б
- Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Оқулық- Алматы Экономика 2005
- Радостовец В.К.,Ғабдулин Т.Ғ., Радостовец В.В.Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». –Алматы : Қазақстан – орталық аудитің тәуелсіздік аудиторлық компаниясы,2003
- Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на практике». Алматы 1998г.
- Сокова И.Т. «Путиводитель бухгалтера» Алматы 2004 -56-58 С.
- Толпаков Ж.С. «Сауда тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.»
- Толпаков Ж.С. «Бухгалтерский учет». Алматы : 2006
- Жминько С.И. «Финансовый учет».
- Штиллер М.В. «Принципый бухгалтерского учета» , 2004.
- Айтанаева Ә.Қ. Қаржылық және басқару талдауы / Оқу құралы – Алматы –– 2009
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.