Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтем төлеу жалғасады

«Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтем төлеу жалғасады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына агент банк арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартылғаны туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. Яғни екі жылға созылған төлем барысында салымшылар 20,3 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем алды. Бұл ретте өтем алуға бар болғаны 5,9 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы ғана өтініш берген.  

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгінуге құқылы. Бұл үшін www.vtb-bank.kz сайты немесе 5050 қысқа нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала біліп алуға болады.

Еске саламыз, «Qazaq Banki» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карточкалық шоттарында ақшалары бар салымшылар (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) кепілдік берілген өтемді алуға өтініш бере алады. Кепілдік мөлшері:

  • ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден;
  • шетел валютасындағы қаражаттар бойынша (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша) – 5 млн теңгеден аспайды.

Салымшы депозиттерінің түрі мен валютасына қарай 15 млн теңгеге дейін кепілдік берілген жиынтық өтем ала алады.

Похожие материалы