Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Qazaq Banki өз филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін жабатынын жариялады.
KASE мәліметінше, қаржы институтының директорлар кеңесі Алматы және Астана қалаларында филиалдардың жұмысын тоқтатуға шешім қабылдаған. Сондай-ақ бұл тізімге Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы банк филиалдары да кіреді.
Ал, банктің Қарағанды облыстық филиалы мен Шымкенттегі кеңсесі операцияларды тоқтатады. Еліміз бойынша жалпы саны сегіз бөлімше 1 қыркүйекте жабылады.
Еске сала кетсек, 31 шілдеде Ұлттық банк «Qazaq Banki» акционерлік қоғамының жеке тұлғалардан депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банктік шот ашу туралы лицензиясын 28 қыркүйекке дейін тоқтатқан болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024