Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан әскери державалар рейтингісінде бір саты жоғарылады

Қазақстан әскери державалар рейтингісінде бір саты жоғарылады

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Global Fire Power рейтингісінде Қазақстанның әскери қуат индексі 0,79 баллмен бағаланып, 137 елден 54-ші орынға орналасты. Бұл өткен жылғы рейтингтен бір саты жоғары (55).

Деректерге сәйкес, 18,7 млн халықтың 40 мыңы - әскери қызметшілер. Жыл сайын әскерге шақыру жасына 259,9 мың адам жетеді.

Әскери-әуе күштері 216 ұшақтан тұрады, оның ішінде 69-жойғыш, 84-шабуылдаушы ұшақтар (осы көрсеткіш бойынша 45-орын) бар.

Сонымен қатар, Қазақстан әскері 650 жауынгерлік танктермен (33 орын), 1 мың броньды машиналармен (53 орын), 285 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылармен (21 орын) және 700 тіркеп сүйрейтін құралдармен (19 орын) жабдықталған.

Айта кетейік, рейтингте қазақстандық мұнай қорларын жоғары бағалады, өйткені олар жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Рейтинг көшбасшысы - АҚШ, екінші орын – Ресейде, үшінші орын-Қытайға бұйырды. Топ-10 құрамына: Үндістан, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Түркия және Германия кірді.

Похожие материалы