Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz – Marlboro темекісінің арзандығы бойынша Қазақстан 104 елдің ішінде бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Energyprom.
20 темекі бар бір қораптың құны $1,38 (шамамен 600 теңге) болды. ТМД елдерінің ішінде мұндай темекілерді тек Беларусияда арзанырақ сатып алуға болады (бір қорап 1,33 доллар).
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың төртінші тоқсанында темекі өнімдерінің құны бір үй шаруашылығына орта есеппен 10 500 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,9%-ға артық. Солтүстік Қазақстан облысында темекі өнімдеріне ең көп ақша жұмсалған: бір үй шаруашылығына 18 900 теңге, бір жыл бұрынғыдан 19,7%-ға көп. Маңғыстау облысындағы үй шаруашылықтары ең аз шығынға ұшырады: тоқсанына небәрі 1500 теңге.
Темекі бағасы бір айда 1%-ға және бір жылда 16%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде елімізде 5,3 млрд темекі, сигара және басқа да ұқсас темекі өнімдері өндірілд, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 19,3%-ға артық. Ақшалай мәнде биыл темекі өнімдерінің өндірісі 89,6 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024