Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.
«Өздеріңіз білетіндей, әр сессияда біз ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен Ассамблея төрағасының жаңа екі орынбасарын тағайындаймыз. Олар түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері саналады. Ассамблея кеңесінің ұсынысы бойынша, «Вайнах» шешен-ингуш халқының мәдениетін дамыту қауымдастығының басқарма мүшесі Юсуп Келиговты және елордадағы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Болатовты Ассамблея төрағасының орынбасары ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы жаңа орынбасарларды қызметтерімен құттықтады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024