Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Италияға өнім экспорттауды кеңейтпек

Қазақстан Италияға өнім экспорттауды кеңейтпек

Теңге курсының төмендеуіне байланысты Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2015 жылы екі есеге төмендеген еді. Десе де,екі тарап та алдағы уақытта серіктестікті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Руслан Сұлтанов мәлімдеді.

«Біз үшін Италия сауда-экономикалық даму бағыты жөнінен маңызды елдердің бірі сналады. Қазақстандық тауар айналымының 11,6%-ы осы елге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық экспорттың төмендеуіне байланысты екі ел арасындағы тауар айналымы 45%-ға азайды. Бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп болды», - дейді Сұлтанов. Ал Италиядан келетін импорт болса, өткен жылы 13,2%-ға өсіп, 1,2 млрд долларды құрады. Соңғы 11 жылда құйылған инвестиция көлемі 5,7 млрд долларды құрап отыр. «Қазақстаннан Италияға экспортталатын өнімдердің 97%-ы мұнай. Қазақстаннан жіберілетін өнімдердің ассортиментін көбейткіміз келеді. Яғни, Италия кәсіпорындары дайын өнім шығаруда қазақстандық шикізаттарды қолданса дейміз. Мысалы, аккумуляторлар, металдар,маталар, тігін бұйымдары», -дейді палата басшысы.  

Похожие материалы