Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Катардағы мұнай өндіруші елдердің кездесуіне қатысатын болды

Қазақстан Катардағы мұнай өндіруші елдердің кездесуіне қатысатын болды

Қазақстан 17 сәуір күні Катардың Доха қаласында болатын мұнай өндіруші елдердің кездесуіне қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды vlast.kz. 

«Біз Дохада болатын кездесуге қатысатынымызды растаймыз", - деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы. Сондай-ақ, ол Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жақын арада Катар еліне баратынын атап өтті.

Айта кетейік, аталған кездесуде мұнай өндіруші елдер мұнай бағасының құлдырауын тоқтату және шикізат көлемін қалыпты сақтап тұру  мәселелерін талқыламақ.

Похожие материалы