
Қазақстан 17 сәуір күні Катардың Доха қаласында болатын мұнай өндіруші елдердің кездесуіне қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды vlast.kz.
«Біз Дохада болатын кездесуге қатысатынымызды растаймыз", - деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы. Сондай-ақ, ол Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жақын арада Катар еліне баратынын атап өтті.
Айта кетейік, аталған кездесуде мұнай өндіруші елдер мұнай бағасының құлдырауын тоқтату және шикізат көлемін қалыпты сақтап тұру мәселелерін талқыламақ.