Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — 2025 жылға дейін Қазақстан көлік-логистикалық жобаларға 20 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сочидегі "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген ол екі жыл ішінде көлік-логистикалық сала ел бюджетіне 5 млрд доллар әкеледі деп толықтырды.
"2025 жылға дейін көлік-логистикалық жобаларға қосымша $20 млрд инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Біз жаңа көлік-логистикалық шешімдер үшін ашықтықты жақтаймыз. Ресурстарды сатуды игерумен қатар біз экономиканың осы саласындағы басымдықтарды көріп отырмыз. Қазақстан екі жыл ішінде осы саладан бюджетке қосымша 5 млрд доллар алуды жоспарлап отыр", - деді Тоқаев.
Президент Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік сауда көпір екенін атап өтті. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда ел көлік инфрақұрылымына 30 млрд доллар инвестиция салған.
"2 мың км астам темір жол салынды, 7 мың км автомагистраль жөнделді, Каспийдегі порттық қуаттар 27 млн тоннаға дейін артты. Қазақстан арқылы бес темір жол мен алты халықаралық дәліз автомагистраль өтеді", - деп түсіндірді Елбасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024