Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Армения ЕАЭО құрылымында ең үлкен экономикалық өсімді көрсетті

Қазақстан мен Армения ЕАЭО құрылымында ең үлкен экономикалық өсімді көрсетті

Алматы. 26 қараша. 7kun.kz – Қазақстан мен Армения биыл Еуразиялық экономикалық одақ құрылымында ең қарқынды экономикалық белсенділікті көрсетті. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша Армения экономикасының өсуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,6% -ды, Белоруссиядағы ЖІӨ-нің өсуі 3,7%-ды, Қазақстанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,8%-ды, Қырғызстанда ЖІӨ 1,2%-ды, алдын-ала есептеулер бойынша Ресейде ЖІӨ өсімі 1,6% құрады. Мұндай көрсеткіштер XIII Халықаралық «Еуразиялық экономикалық интеграция»  конференциясы барысында жарияланды.

Алдағы екі жылда Одақ елдерінің экономикалық дамуына арналған болжам оң нәтижені көрсетпейді. Арменияның ЖІӨ өсу қарқыны шамамен 5% деңгейінде болады. Экономиканың өсуіне ауыл шаруашылығын қалпына келтіруі, сондай-ақ  тау-кен металлургия кешенінде, саланың жаңа экологиялық талаптарға бейімделуіне қарай, өндірістің өсуі мен инвестициялардың қалпына келтірілуі  ықпал ететін болады. "2019-2020 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі жылына 3-3,5% деңгейінде болады деп болжануда. Ішкі драйверлер өсімінің арасында негізгі салымды  тұтыну мен инвестиция алып келеді.  Халықтың нақты табыстарының өсуі, инфляцияның бәсеңдеуі факторынан басқа, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Үкімет шараларымен қолдау табады. Орта мерзімді перспективада инфляция динамикасы мақсатты бағыт бойынша қалыптастырылатын болады, ол болжамды кезеңде біртіндеп төмендейді және 2020 жылдың соңына қарай реттеуші деңгейімен 4,0%-ға белгіленген " - , дейді Еуразиялық Даму Банкінің экономикалық талдау бөлімінің бастығы Алексей Кузнецов. XIII Халықаралық "Еуразиялық экономикалық интеграция" конференциясы шеңберінде "Еуразиялық интеграцияның өзекті күн тәртібі", "Сауданы қаржыландыру: интеграция процестерін қолдаудағы экспорттық агенттіктердің рөлі", "Еуразиялық инфрақұрылымдық серпіліс: ұлттық жобалар даму мен интеграцияның драйвері ретінде", "Еуразиялық экономикалық интеграциядағы қоғамның, бизнес пен биліктің өзара іс-қимылы", "Энергетика: дәстүрлі және жаңа энергия көздері арасындағы тепе-теңдікті іздеуде" тақырыптарында да пікірталастар өтті.

Похожие материалы