Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2015 жылы екі есе төмендеп, 666 млн долларды құрады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз конференциясы кезінде ҚР-ның Чех және Словакия Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі Сержан Әбдіқаримов мәлімдеді.
"2009 жылы Чехия Қазақстанды артықшылыққа ие 12 сауда серіктесінің қатарына қосты, сол уақыттан бер сауда айналымы 6 есе өсті. 2009 жылы ол 200 млн долларды құраса, 2014 жылы 1 млрд 200 млн долларға жетті. Өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысы мен шикізат тауарлары бағасының төмендеуіне байланысты сауда айналымы 2 есе төмендеп, 666 млн долларды құрады", -деп мәлімдеді С.Әбдіқаримов.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024