Экономика
Қазақстан мен Чехияның тауар айналымы 2 есе төмендеді
Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2015 жылы екі есе төмендеп, 666 млн долларды құрады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз конференциясы кезінде ҚР-ның Чех және Словакия Республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі Сержан Әбдіқаримов мәлімдеді.
"2009 жылы Чехия Қазақстанды артықшылыққа ие 12 сауда серіктесінің қатарына қосты, сол уақыттан бер сауда айналымы 6 есе өсті. 2009 жылы ол 200 млн долларды құраса, 2014 жылы 1 млрд 200 млн долларға жетті. Өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысы мен шикізат тауарлары бағасының төмендеуіне байланысты сауда айналымы 2 есе төмендеп, 666 млн долларды құрады", -деп мәлімдеді С.Әбдіқаримов.
Дегенмен оның сөзінше, Қазақстан әлі де өзгерістер болатындығына сенімді, осы үшін екі ел арасында сауда-экономикалық, өндірістік және ғылым-техникалық серіктестік жұмыс істейді. Сондай-ақ, байланыс бизнесін нығайтатын қазақстандық-чехиялық сауда палатасы құрылған.
"Чехия - өндірістік өнеркәсібі жақсы дамыған, ашық экономикасы бар және экспорт пен сыртқы саудаға бағытталған мемлекет. Өткен жылы елдің ЖІӨ-і 330 млрд долларды құрады, оның 160-ы экспортты және 140-ы импортты құрайды", -деп атап өтті елші.