Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сауда-логистикалық кешен салынуы мүмкін
Қазақстан. 25 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның Қырғызстанмен тауар айналымы 50% - ға өсуі мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Сауда министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Арзыбек Қожошевпен өзара сауда мәселелерін талқылады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы миллиард доллардан сәл аз болды. Оның үштен екісі – қазақстандық экспорт.
"Біз бұл көлемді екі есе ұлғайта аламыз: қазір біз ассортиментті шамамен 230 миллион доллар тұратын 190 тауарға кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл фармацевтика, химия өнеркәсібі, металлургия, құрылыс өнімдері, машина жасау", – деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ тараптар "Қарасу" және "Ақ тілек" автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қазір кешеннің қажетті инфрақұрылымын салу мәселелері пысықталуда.
Тараптардың пікірінше, индустриялық сауда-логистикалық кешен құру сауда-экономикалық қатынастардың дамуына жағымды әсер етеді және екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жандандырады.