Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгіннен бастап ҚР мен ҚХР арасында автобус қатынасы, 1 ақпаннан бастап жолаушылар пойызы, 3 ақпаннан бастап тұрақты әуе қатынасы тоқтатылады", делінген үкімет сайтындағы хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан ҚХР азаматтарына виза беруді тоқтатты. Мұндай шешімді Үкімет жанындағы үкіметаралық комиссия қабылдаған.