Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 150 мыңнан аса автокөлік иесі куәлігін онлайн ресімдеген

Қазақстанда 150 мыңнан аса автокөлік иесі куәлігін онлайн ресімдеген

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда автокөлік иелері көп жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алуды жөн көреді, деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте, автомобильдер мен жүргізуші куәліктерін қашықтықтан тіркеу қызметі ең танымал болды.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметтері бойынша, 2019 жылы онлайн ресімделген жүргізуші куәліктерінің саны 8 есеге, автомобильдерді қайта тіркеу саны 20 есеге артты.

2018 жылы онлайн жүргізуші куәлігін ресімдеген автокөлік иелерінің саны 19 409 адамды құрады, ал 2019 жылы - 153 мыңнан астам. Осындай қарқынды өсімді автомобильді қайта тіркеу қызметі де көрсетті: 2018 жылы 5 мыңнан 2019 жылы 100 мыңға дейін өсті.

"Онлайн қызметтерді алу - бұл өзіндік тренд. Бұл үрдісті қарапайым е-анықтамаларын қажет ететін азаматтар ғана емес, сонымен қатар автокөлік иелері де ұстанатындығы бізді қуантады. Олар, ақыр соңында, цифрландырудың барлық артықшылықтарын лайықты бағалап, арнайы ХҚКО-ға қарағанда порталдан қызметтерді жиі ала бастады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева.

Похожие материалы