Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 2 миллионға жуық адамның несие төлемі кейінге шегерілді

Қазақстанда 2 миллионға жуық адамның несие төлемі кейінге шегерілді

Банктер мен кредиттік ұйымдар 1 883 111 жеке тұлғаның 265,8 млрд теңге көлеміндегі қарызын кейінге шегеру туралы өтінішін мақұлады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 

Бұл несие алған жеке тұлғалардың жалпы санының 34%. Несие төлемі кейінге шегерілгендердің 345 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал тобына кіреді. Олардың төлем мерзімі шегерілген қарызы 42 млрд теңге.

Ал несие бойынша төлемі кейінге қалған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 12 411. Бұл ШОБ нысандарының 41,6%. Олардың 164,6 млрд теңге көлеміндегі несиесін қайтару мерзімі кейінге қалды.

Қалған өтінімдер қаралуда және 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Агенттіктің хабарлауынша Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге сомаға 1336 несие беру мақұлданған. 

Похожие материалы