Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Тоқаев үкімет АЭС салу үшін орын таңдалғанын айтты. Бірақ нақты қай орын екенін айтпады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бәсекелестік артықшылықтарға ие, оны ЕО жасыл технологиялар тізіміне енгізді. Еліміз табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр, ядролық отынның өзіндік өндірісі бар және уранды байыту бойынша тиісті мүмкіндіктерге ие. Қазір біз АЭС орналасатын жерді анықтап, әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз», - деді президент.