Қазақстанда әскерилерді тұрғын-үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмі ұсынылды
Астана. 1 маусым. 7kun.kz - ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілерді тұрғын-үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмін ұсынылды. Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғын үймен қамтамасыз етуде құқықтық қатынасты ретке келтіру жөніндегі кешенді және жүйелі көзқарас қалыптастыру үшін тұрғын үймен қамту мәселелері мамандандырылған жалға алынған баспананы ұсыну бойынша Қорғаныс министрлігімен әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде қаралуда.
Мамандандырылған жалға алынған баспана салу отандық құрылыс компаниялары инвесторларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Өзге заң жобасы аясында баспана төлемдерін алу үшін қызметкерлерді жұмыстан босату негізі (әскери қызметте болуының шекті жасқа жетуі, денсаулық жағдайы бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтірілуде.
Мемлекеттік күзет қызметі ҚР Қорғаныс министрлігінің заң жобасында жаңа баспананың орташа нарықтық бағасын негізге ала отырып, қызметкерлердің жесірлеріне үй беруді жүзеге асыруды ұсынды.
Одан басқа, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен балама бойынша әскери қызметті орындау емес, атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілердің жесір әйелдеріне беруді қарастыру ұсынылады. Бұл әрі қарай сот органдарына жүгінудің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Іс жүзінде қызметтік міндеттерді орындау немесе қызметтен тыс уақытта қаза болған (опат болған) әскери қызметшілердің жесір әйелдеріне қызметтік баспапаны тегін алу үшін сот органдарына жүгінуге тура келеді.
«Әскери қызметшілердің жесір әйелдерінің баспананы ақысыз алу жағдайларының көбейіп кетуіне назарларыңызды аударғым келеді. Арнайы мемлекеттік органдармен балама бойынша өзгеріс енгізу ұсынылады. Егер әскери қызметшінің өлімі (жазым болуы) өзінің кесірінен, яғни, масаюы немесе өзідігінен дене мүшесін зақымдауы нәтижесінде болған болса», - деді генерал-майор Талғат Мұхтаров.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024