Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Бұл депозит түрі бойынша
164 817 ата-ана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 10,7 млн теңге жинаған. Ал, осыдан бір жыл бұрын банктегі балалар депозитінің саны 144 682 еді.
Негізінен, депозиттер 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар.
Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480.
Ал, үшінші кезекте - банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13%.
Атына депозит ашылған балалар 18 жасқа толғанда жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй займын несиеге алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024