Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда балалар депозитіне сұраныс артқан

Қазақстанда балалар депозитіне сұраныс артқан

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Бұл депозит түрі бойынша
164 817 ата-ана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 10,7 млн теңге жинаған. Ал, осыдан бір жыл бұрын банктегі балалар депозитінің саны 144 682 еді.

Негізінен, депозиттер 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар.

Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480.

Ал, үшінші кезекте - банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13%.

Атына депозит ашылған балалар 18 жасқа толғанда жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй займын несиеге алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Похожие материалы