Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Энергетика министрлігі 2025 жылға дейін шекті тарифтерді белгіледі, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңа шекті тарифтер министрдің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген. Құжат 2019 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді.
Осылайша, "Астана-Энергия" шекті тарифтері 7 жылға 1 кВт/сағ үшін 4,87 теңге, ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС - і, Каскад ГЭС-і 1 кВт/сағ үшін 8,33 теңге, Екібастұз МАЭС-і 1 кВт/сағ үшін 5,76 теңге мөлшерінде белгіленді.
Ең жоғары тариф Согринск ЖЭО (Өскемен қаласы) және Bassel Group LLS (Қарағанды облысы) 1 кВт/сағ үшін 7,1 теңге белгіленген.
Ал, ең төменгі тариф Қазақстан алюминий (Павлодар) 1 кВт/сағ үшін 3,5 теңге.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





